Өлең, жыр, ақындар

Салах әд-Дин Әйюби

Өмірін христиандардың Крестік жорықтарына қарсы күрес ішінде өткізген Сұлтан Салахаддин Әйюби 1137 жылы туылған және 4 наурыз 1193 жылы Шам қаласында қайтыс болған. Кресттіктерге қарсы болған бүкіл соғыстарда басым келіп, тарихта жарық жеңістер қалдырған. Сұлтан Қылышарслан заманындағы Крестік жорық кезінде христиандардың қолына өткен Құдысты 1187 жылы қайтарып алған. Бұл жеңіске байланысты бүкіл Европа көтерілген бірақ Салахаддин Әйюби соғыстарында бір рет те шегінген емес. Салахаддин Әйюби тек Ислам әлемінде ғана емес, Европалықтар тарапынан да жақсы танылып мақтауларымен құрметке бөленген тарихи тұлға. Өмірбаяны киноларында да көрініс табуда. Бұл да оның кеңпейілдігімен жеңіліс тапқан тұтқындарға көрсеткен мейірімділігінің жемісі. Салахаддин Әйюби "бірінші кресттік жорығы" кезіндегі Құдысты жаулаған кресттіктердің әйел-бала, қарт-кемпір демей бәрін өлтіріп көшелерді қан жоса еткен жауыздығын қайталамады. Тұтқындардың 40 күн ішінде қаладан шығып кетулеріне рұқсат берді. Қалам дегендерге жизиа салығын төлеу шартымен қалуға рұқсат берді. Дұшпанға қарсы да Исламның әділет және ихсан қағидаларынан ешбір уақыт айрылмайтын еді. Кресттіктер мұсылман тұтқындарды қылышпен жаншып жатқанда, ол болса қолындағы христиан тұтқындарға Исламның әмір еткеніндей жақсы мәміледе болған. Соның бір мысалы "үшінші крестік жорықтарына" қарсы тойтарыстың соңына қарай Англия королі "Арстан жүректі Ричардты" да тұтқынға түсіреді. Мұнда да Салахаддин христиандарға мәрттік жасап королді еркіне жіберді.

Салах ад-Дин, Мысыр Патшасы - 15-ші ғасыр қолжазба бетінен; сол қолында Еуропалық билік белгісі.

Қаншама қираған қалаларды жөндеуден өткізді. Мешіт, мектеп, медреселер, ауруханалар, ғимараттар және әлеуметтік құрылымдар салдырды. Ілімге және ғалымдарға қатты мән беретін. Елінің гүлденуіне көп септігін тигізді. Еңбектері, ерлік-қаһармандықтары халық аузында аңызға айналып әлі күнге дейін айтылып келеді.

Салах әд-Дин сұлтанның өмір жолының тарихи тізбесі

1138- Месопотамия жеріндегі Тикрит елді мекенінде дүниеге келді.

1164, 1167-1168 - Египетті жаулап алу жорықтарына қатысты. Крест жорықтарына қарсы күресті.

1169- Египет халифінің уәзірі болып тағайындалды.

1171- Египеттегі Фатимидтер халифатын бағындырып, Айюбидтер әулетінің негізін салды.

1174- Аббасид халифасы әл-Мұстади Салах әд-Динге сұлтан лауазымын берді. Салах әд-Диннің Дамаскіні жаулап алуы.

1182- Халебті бағындырды.

1186- ЖАзираны алды.

1187- Қайруанды толықтай бағындырды.

1187- Хиттин түбінде крестшілерді талқандап, Иерусалимді алды.

1188-1189 - Салах әд-Диннің басқаруымен Сирия мен Палестина крестшілерден толық азат етілді.

1189-1192 - Үшінші Крест жорығына қарсы мұсылмандар әсерін басқарды.

1192- Ағылшын Королі Арыстан жүректі 1 Ричард Салах әд-Диннен жеңілгенін мойындап, Рамлада бейбіт бітімге келеді.

1193- Сирияда Дамаск қаласында дүниеден өтеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Әбіләз

Киносын көрдім өте қызық

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз