Өлең, жыр, ақындар

Қойдың көзі

Байдың үйі қой сояды. Түнде бас шала мүжіліп қалады. Ертеңіне бай ерте тұрып, малын өргізіп кетеді. Байдың әйелі жас екен. Малшымен көңілдес болады. Бай кетісімен үйге сол келеді.

Сәскеде малдан бай қайтады. Әйелі малшыны жүк арасына жасырады. Қалған ет пен басты байдың алдына қояды.

Бай басты мүжи бастағанда, үш-төрт жасар баласы келіп, әкесінің тізесін баса отырады. Сол арада оның көзі жүк арасын да жатқан кісінің көзіне түсіп қалады да, көзін-ай, көзін-ай!-дейді бала. Шешесі сөзді дереу бастың көзіне бұрады:

— Тек отыр, көзді әкеңнің өзі жесін! — дейді. Бай оған мәз болады.


Пікірлер (31)

Талап

Мағынасы жоқ

Қайрат Таңсықбаев

Шала жазылған екен! Бай мәз бола көзді өзі же дегеніне күле ма, әлде тасадан қарап отырған көңілдес болып тығылғанның көзіне күле ма? Негізі малдың басынан бар мүшелерін әр адамға бағалап-өлшеп беретін еді-ау, бөліп жеп. Бастың маңызы өзі жегенде емес, бар бас мүсесін арнап бөліп беруде емес па?

Марзия

байдың өзі мал бақса малшыны неге ұстап отыр.

Гульнара

басты үйітіп тазалағанда көзді алып тастамайды ма? әңгіменің басы бар аяғы жоқ түк мағынасыз болды ?

Айжан

Бастың көзін баларға көз болыңыз деп немесе баршамызға көз болыңыз деп береді.

Айжан

Басты келген үлкен қонаққа немесе құдаға тарту етеді. Сосын ол кісі бір көзін алып балаларға көз бола жүріңіз деп құдаға немесе баршамызға көз бола жүріңіз деп үлкен кісіге береді.

Әмзебек

Қайдан көрдіңіз көзін алып тастағанын.Сізге әкеңіз бастың көзін алып бермеген ғой

Мария

Ешқандай мағынасы жоқ, не ертегі емес, не аңыз емес. Расымен, малды байдың өзі бақса, малшы не үшін?

Мақсат

Ел аузынан әңгіме ғой - Бабалар сөзі жинағынан

Алима

автор сонымен не айтқысы келді екен?

қазақта байлар қойыкөп болған соң басты өзі жег

балалы үйдің ұрлығы жатпайды.Оның үстіне қойдың басына тойып алып тек ұйықтай беретін байды айттып отырған сияқты.

Бақытжан

Өтірік емес шын емес мағынасы жоқ ұғынысыз өтіріктің де құрастырса болады

Бек

Автор, бұл әңгіменің адамға ой салып, тәрбие беретін жерін таба алмай отырмыз? Сонда бұл әңгіменің мақсаты адам алдаудың, арамдықтың әдіс-тәсілін үйрету ме?

Серік

Не жа3сақ та ойланып жазайық

Серік пен Бекке

Ел аузынан алынған әңгіме ғой. Мен бұл әңгімені Бабалар сөзі кітабының 97 томынан оқығам. Тура сөз бе сөз сол әңгіме.
«Бабалар сөзі» сериясының 97-томына ел арасынан жиналған қулардың әңгімесі, аңшылар, ұрылар, тарихи тұлғалар туралы және түрлі тақырыптағы ауызекі әңгімелер енген. Әңгіменің мақсатын сол жинақтың авторларынан сұрау керек шығар.

София

Тамаша

Myrza

Өте керемет

Мұса

Ассалаумағлалейкум халайық!
Осы білім ал сайтында өңкей басы бар аяғы жоқ,
мән-мағынасы жоқ әңгімелерді жариялайды да жатады.
Қандай білім. қандай өнеге бұдан???

Дастан

Мұса, білім ал сайтында осындай әңгімелерден бөлек МЫҢДАҒАН басқа да пайдалы мәліметтер көп! Көздің алдына кішкентай ғана дананы тосып, ұсақ дананың арғы жағындағы ұлы тауды көрмей тұрған болсаң өзің ғана кінәләсің)

саша

керемет

Togzhan

Саламатсыздарма халайык ! Мына ангимелериниздин тук ман магынасы жоккой магынасы жок болса неге салып отырсыздар !

Togzhan

баска да ангимелер толып. Жатыр гой например :алдар косе тагысын тагы соларды алсаныздар менин ешкимде шаруам жок бирак манди тусиникти нарсе жазсаныздар☹☹☹

Алма

Togzhan, мына ангімелердің емес тек осы жалғыз әңгіменің шығар)) Немесе сайттағы барлық әңгімені оқып қойдыңыз ба?)) Қазақта мұндай әңгәме көп. Бұл әңгімелер ел аузынан тараған. Бұрынхы халықтың ойын түсінуге көмектеседі)

Исматдин Примов

Əңгіменің негізі ,кəзіргі кезде кейбір əйелдер басқа еркекпен ойнас болғаны туралы айтылып тұр.Біздің елімізде 30% əйелдер күйеулерінің көзіне шөп салып жүр!.
Күзе күнде емес,бір күні сынады.

Армангүл

Бұл әңгімеден гөрі тәрбиелік мәні бар нәрсе жазыңызшы онсызда жетіскен уақыт емес

Армангүл

Күйеулерінің көзіне шөп салып жүр дегенге өз басым сенбеймін,өйткені бала шағаны қалай асыраймын деген заманда көзбен көріп қолмен ұстап алғандай менімше ұят нәрсе естір құлаққа

Армангүл

Бұл сайт маған ұнайтыны көп әсіресе көңілім сонда аздап орнына түскені іштің өтуі дегенді таұып алдым. Менің қарап отырып ішім қорылдағанда одан өткен кезде ещё қоймайды ғой және ұзаққа созылды. Осы жерден оқығанмын. Маған көмектескені емдеу жолдары.Қалай соны оқыдым өзінен өзі ішім қойып кетті. Адамның ойы жаманға кетеді екен.Ааааа іштің өту жолдары әртүрлі екен ғой дегем сол күні жақсы ұйыктадым қазір аса қатты мазасызданып жатқан жоқпын.

бек

қазақ әйелін мазақ еткені ме дұрыс емес деп санаймын не сонда байдың әйелдері шетінен жезөкше болғаны ма

Лиза

Бұл жерде өзінше байдың әйелін тапқырлық жасады деп көрсеткісі келген.Бірақ балалы үйдің ұрлығы жатпайды дегенді ұмытқан.Әңгіме шынымен дұрыс аяқталмай шолақ қалған.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз