Өлең, жыр, ақындар

ЖОО таңдағанда талапкер қандай критерийлерге мән беруі керек

2021 жылдан бастап жоғары оқу орындары мемлекеттік емес өз үлгісіндегі дипломдар береді. Бұл туралы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова айтты.

«Болашақ мамандықты және жоғары оқу орнын таңдаған кезде қателікке бой алдырмау өте маңызды. Себебі, өздеріңіз білетіндей, 2021 жылдан бастап жоғары оқу орындары мемлекеттік емес өз үлгісіндегі дипломдар береді. Сондықтан ЖОО түлегінің келешекте жұмысқа қалай орналасатындығы, еңбек нарығынан орын алуы маңызды болып отыр. Министрлік тарапынан 3 жыл қатарынан «Атамекен» ҰКП-мен бірге ЖОО-лардың рейтингі жүргізіліп келеді. Бұл рейтинг өткен жылы 109 ЖОО арасында жүргізілді. Осы орайдағы маңызды критерийлер - ЖОО бітірген адамның жұмысқа орналасу көрсеткіші, оған деген сұраныс, қанша уақыттың ішінде жұмысқа орналасуы, тапқан жұмысының орташа жалақысы», — деді комитет төраймы.

Мәселен, оның айтуынша, өткен жылы жоғары оқу орнын бітірушілердің жұмысқа орналасу уақыты орташа есеппен 3,5-5 айға дейін созылған. Ал орташа жалақы 100 мың теңгеден басталған.

«Жұмысқа орналасу көрсеткішін қарайтын болсақ, 61 ЖОО түлектерінің 50 пайызға жуығы ғана жұмыс тапқан. Тек жылдың соңына қарай ғана бұл көрсеткіш 74 пайыздан асып отыр. Өкінішке орай, осы рейтингтің ең төменгі сатысында тұрған ЖОО-лар жылда қайталанады. Бұл рейтингті министрліктің және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайтынан қарауға болады. Айталық, қазіргі Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті, Орталық Азия университеті, Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университеті, SILK WAY халықаралық университеті, Астана университеті рейтингтің төменгі сатысында тұр. Орталық Қазақстан академиясы, Сапарбаев атындағы институт, Мирас университеті, Сырдария университеті түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші төмен», — деді Гүлзат Көбенова.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Ахунова Динара

Динара

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар