Өзіңізді өзіңіз шектемеңіз

Бұл жағдай әйгілі математик Джордж Данцигтің студент кезінде болған еді. Кейде таң атқанша кітаптан бас көтермей, түнді ұйқысыз өткізетін Джордж бірде профессор Нейманның дәрісіне 20 минутке кешігіп келеді. Тақтадағы екі есепті үй тапсырмасы деп топшылаған студент оны бірден дәптеріне көшіріп алады. Тапсырма оңайға соқпады, дегенмен Джордж оны бірнеше күн бойы шығарып, профессорға алып келеді. Ұстазы есеп шешуін самарқау қабылдап алады.

Алайда бірнеше апта өткен соң, таң ата бере профессордың өзі Джорджты үйіне іздеп келеді. Сөйтсе, кешігіп жеткен студент бұл «үй жұмысының» ғасырлар бойы әлем математиктері бас қатырып келе жатқан есеп екенін білмеген екен. Осылайша студент Эйнштейннің өзі шығара алмаған бір емес, екі есептің шешімін тапқан.
Джордж Данцигке бұл шешілмес есептің «даңқы» тосқауыл бола алмады, себебі ол оның шешілмейтінін білген жоқ.

Мақала http://columnist.kz/?cat=20 сайтынан алынды


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (1)

Айбек

Өз өзіңді шектемеген жөн

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
Сайтты қолдану жөнінде нұсқаулық
ҰБТ(онлайн тест)