Эссе және өлең-жыр байқауы

Құмырсқаның ғажайып жұмыс орны

Бір құмырсқа арыстанның қол астында жұмыс істейді. Күнде таң ертеңгісін ерте келіп, жұмысын көтеріңкі көңіл-күймен бастайды. Көп еңбек ететіндіктен жұмыстың өнімділігі де өте көп болатын және бұларды жақсы көңіл-күймен жасайтын. Қожайыны арыстан, құмырсқаның басында бақылап тұратын басшысы болмаса да осылай өздігінен, ықыласпен жұмыс істейтініне таң қалатын. Бір күні жұмыстың табысы мен өнімділігін арттыру үшін, айналасындағы кәсіпорындарға да көз жүгіртіп, ойына жақсы бір пікір келеді. Бұл құмырсқа қазір өз ынтасымен осыншалықты мықты нәтижелер беруде, егер оның қабілетті бір бастығы бар болса, бұдан да көп табыс әкелмей ме, деп бір тәжірибелі тарақанды жұмысқа алады. Осы арқылы құмырсқаны бақылайды. Тарақан жұмыс уақытында жалқаулыққа жол бермейтін. Әрине енді тарақанға баяндамаларды реттейтін хатшы да қажет еді. Сол себептен телефон және архив жұмыстарына қарайтын өрмекшіні жұмысқа алады.

Арыстан бұл жетістіктерге өте қуанышты еді. Берілген баяндамалары шынымен де керемет еді. Өндірістің жылдамдығын және табысқа анализ жасайтын түрлі түсті графиктердің болуын да талап етеді. Бұлар арқылы баяндамаларды достарына ұсынып көрсете алар еді. Тарақанға бұл баяндамаларды өңдеу үшін жаңа компьютер және басқа да құрал-жабдықтар қажет болады. Осылайша барған сайын көбейген жұмыс талаптарын басқару үшін бір масаны жұмысқа алады. Әуелде қуанышты, еңбекқор құмырсқа енді бітпейтін жиналыстардан, толтыруды қажет ететін құжаттардан қашатын болды. Уақытының көп бөлігін сұрақтарға жауап берумен өткізуде еді.

Арыстан болса жұмысының барған сайын үлкейіп жатқанына қуанады. Одан да үлкеюі үшін бөлім меңгерушісі ретінде шыбынды жұмысқа алады. Шыбынның бірінші қызметі офисты жаңа жиһаздармен жабдықтау болды. Әрине жаңа компьютер, бюджетті бақылау және стратегиялық табыс жоспарының дайындалуы үшін оған да көмекші қажет болады.

Құмырсқаның бөліміндегі жағдайларға көз жүгірткен арыстан, өнімнің және табыстың төмендегенін байқайды. Дереу аты шулы, данышпан үкіні проблеманы шешу үшін жұмысқа алады. Үкі 3 айдан кейін керемет бір рапорт дайындайды. Рапорттың қорытындысы мынадай еді:

«Бұл жұмыс орнында жұмысшылар шамадан тыс көп.»

Арыстан баяндамаға қарап шыққаннан кейін бір шешімге келеді. Бірінші кезекте, жұмысқа деген ықыласы қалмаған құмырсқаны жұмыстан шығарады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Азамат

Кей жумыстарда шыгымен солай

Ғалымжан

Байқұс құмырсқа-ай)))

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...