Өлең, жыр, ақындар

Аллигаторлар

Аллигаторлар (Alligator), қолтырауындар жасағының (Crocodilia) бауырмен жорғалаушылар тұқымдасы(Alligatoridae). Заманауи екі түрі ғана бар – миссисипий (A. mississippiensis) және қытай (A. sinensis) аллигаторлары. Екеуі де жазық өзендерде, көлдер мен батпақтарда мекендейді. Миссисипий аллигаторлары Солтүстік Каролинадан бастап Техасқа дейінгі жазық жағалауларда, қытай аллигаторлары – Янцзы өзенінің төменгі ағысының кішігірім шекарасында кездеседі.

Миссисипий аллигаторы үшкіртұмсықты қолтырауынға қатты ұқсағанымен, басы мен тістерінің алдыңғы бөлігі құрылысының айырмашылықтарына қарап оларды әр түрлі тұқымдасқа жатқызады. Аллигатордың тұмсығы жалпақ келеді, ал үстіңгі тістері астыңғыларын жауып тұрады. Қолтырауынның тұмсықтары салыстыра қарағанда үшкір келеді, ал тістері бір сызық бойында орналасады.

Адамдар миссисипий аллигаторларын тұрмыстық қызметте пайдаланбағанша, олар 5,7 ұзындыққа дейін өсетін. Қазір олар 3,6 м-ден аспайды, ал жалпы ересек дарақтың ұзындығы шамамен 2,7 м-ді құрайды. Салмағы шамамен 110 кг-ға дейін жетеді. Көбінесе ұрғашылар еркектерінен 0,6 м-ге қысқарақ және екі есе жеңіл болады. Қытай аллигаторының ұзындығы – 1,5–1,8 м.

Көктемде ұрғашы аллигатор үлкен ұя құрып, онда 30-дан 70-ке дейін жұмыртқа басады. Жарып шыққан төлдерінің ұзындығы шамамен 20 см болады. Аллигаторлар аулауға түнде шығады. Жастары жәндіктер мен ұсақ шаянтәріздестерді қорек етеді, ал ересектері жылан, тасбақа, құстар мен жұпар егеуқұйрықтармен қатар түрлі жануарларды жейді. Қыстау кезеңінде жануарлар өте аз тамақ жейді немесе тіпті ашықпайды. Олар шамамен 50 жыл өмір сүреді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Сара

Аллигаторлар қызық жануар

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз