Өлең, жыр, ақындар

Еуропадағы тазалық

1) Англияда орта ғасырда король IV. Генрих рыцарь шенін табыстау салтанатында, осы рыцарьларына өмірінде ең болмағанда бір рет жуыну шартын қойған екен.

2) Атақты француз тарихшысы Жюль Мишле: «Мың жыл бойынша бірде бір монша салынбады» деп Еуропадағы тазалықтың қаншалықты қорқынышты халде болғанын атап өткен.

3) Дүниежүзіндегі ең үлкен сарайлардың бірі саналатын Фонтенбло және Версаль сарайларының өзінде, салынған кезіндегі құрамында әжетхана жоқ еді.

Версаль сарайы

4) XVIII ғасырларда Англияда адамдар нәжістерін терезеден сыртқа тастайтындықтан су бұлақтары ластанып, халық бірнеше жыл су іше алмай, қиындық көрген. Осы себепті көшелерде нәжістерден қорғану үшін қолшатыр мен биік өкшелі аяқкиімдер шығарылып қолданыла бастаған.

5) Еуропада соңғы бірнеше ғасырларға дейін жалғасын тапқан бұл ақылға қонымсыз ластық пен жиіркеніш халі үкімін жүргізіп жатқанда, мұсылман әлемі түгелдей тазалық ішінде болды. Барлық жерде моншалар бар еді. Сондай-ақ әр елді мекенде жеткілікті мөлшерде бар болған мешіттердегі әжетханалар да қоғамдық әжетхана қызметін атқарды. Халық онсыз да Ислам дінінің міндеті болған тазалықты басты міндет деп білетін. XVII ғасырда Әулия Челеби Стамбұлда 14838 монша болғандығын жазған. Сарайда, керуен сарайларда, тіпті қарапайым үйлердің өзінде моншалар мен әжетханалар болды. Кішкентай үйлердің әжетханалары сыртта болатын. Сонымен қатар барлық дерлік үйде кішкентай моншалық бөлме ғұсылхана ретінде қолданыста болды.

Түркістан қаласындағы атақты шығыс моншасы

Стамбулдағы Хүррем Сұлтанның бұйрығымен салынған хаммам

6) Ислам тарихында белгілі болғандай, тіс пастасының шығуынан қаншама жыл алдын мисуак қолданылатын еді және оған аса мән беретін. Қазіргі күнде де мисуакқа қатты мән беріледі. Америкада тіс тазалау, 2 Дүниежүзілік Соғысында  әскерлерге мәжбүрлеп тістерін жуғызғанға дейін үйреншікті халге келмеген екен.

1500 жылдары Англиядағы кейбір жағдайлар

• Адамдардың көбі маусым айында үйленетін. Өйткені жылына бір рет моншаға түсетін, ол да мамыр айында. Маусымда үстері әлі де қатты саси қоймайтын. Бірақ әйтседе иістене бастағаны үшін қалыңдықтар денелерінен шыққан иісті басу үшін қолдарында бір букет гүл ұстап жүретін.

• Мамыр айындағы түсетін моншалары ішіне ыстық су құйылған үлкен ағаш бочкадан тұратын. Үйдің еркегі таза суға шомылған, одан кейін балалары, кейін басқа еркектер, одан кейін әйелдер, басқа балалар және ең соңынан сәбилерді шомылдыратын. Барлығы бір сумен шомылған. Судың кірлеп кететіні соншалықты, ағылшындардағы «монша суымен бірге бөпелерді де төгіп жібермеңдер!» (Don’t throw the baby out with the bath water!) дейтін сөз тіркесі осыдан қалған.

• Тамақты үнемі оттың үстінде ілініп тұратын үлкен қазанда пісірген. Күнде от жағып қазанға бірнәрселер салып қайнататын. Көбіне көкөністермен қоректенетін, ет азшылық болған. Анда-санда етті сорпа істесе, қалғаны қазанда қалатын. Ертеңіне қайтадан ысытып ішетін. Кейде бұл сорпа ұзақ уақыт қазанда қалып қоятын. «Бұршақ ботқасы ыстық, бұршақ ботқасы суық, қазандағы бұршақ ботқасы тоғыз күндік» (Peas porridge hot, peas porridge cold, peas porridge in the pot nine days old) дейтін тіркестерінің шығу негізі осы.

• Кейде доңыз етін тапқанда қатты қуанатын. Үйге қонақ келгенде доңыз еттерін іліп көрсетіп қойған. Үйге доңыз етін алып келу байлықтың белгісі болып саналатын. Бұл еттен кішкене бөлігін бөліп қонақпен бөлісіп жейтін. Мұны «Май шайнау» (Chew the fat) деп атаған.

• Англияның жері кішкентай болғаны үшін кей жерлерде адам өлігін көметін жер таппай қалатын. Сондықтан ескі мазардларды ашып, табыттарын шығарып ішіндегі сүйектерін «cүйек үйі» деп аталатын жерге апарып, мазарды қайта қолданатын. Табыттарды ашқанда әр 25 табытта тырналған, қазылған іздер байқалған. Бұдан адамдардың тірідей көмілгендігі анықталды. Бұдан кейін мәйіттің қолына жіп байлап жіптің екінші ұшын қабірден сыртқа шығарып бір қоңырауға байлайтын болды. Бір адам түні бойы мазарда отырып қоңырауды тыңдап отырған. Бұл «мазар күзеті» (graveyard shift) деп аталатын. Кейбіреулер қоңыраудың арқасында тірі қалатын (saved by the bell), кейбіреулер «өлі қоңыраушы» (dead ringer) болып шығатын.

********

Қануни Сұлтан Сулейман заманында Стамбулға келген бір неміс поптың 1560 жылы жазған еңбегінен үзінді:

«Стамбулдағы тазалыққа таң қалдым. Мұнда адамдар күніне бес рет жуынады екен. Бүкіл дүкендер таза, көшелерінде қоқыс жоқ. Сатушылардың киімдерінен кішкентай болса да дақ таппайсың. Сонымен қатар «Хамам» (монша) деп аталатын ішінде ыстық суы бар ғимараттар бар. Мұнда келгендер бүкіл денелерін жуып шығады. Ал біздің жақтың адамдары ластық ішінде, жуыну дегеннің не екенін де білмейді.»

Ал бүгін болса мұсылман елдеріне саяхаттап жүрген шетелдіктер жазған кітаптарында «Бір шығыс елдеріне барғанымызда ең алдымен мұрнымызға сасыған балық  және қоқыстардың иісі келеді. Айнала ластық ішінде. Жерлері қақырықпен толған. Әр жерде қоқыс үйіндісімен жануар өлексесі жатады. Адам мұндай шығыс мемлекеттерінен өткенде жиеркеніп мұсылмандардың біз ойлағандай таза емес екендіктерін түсінеді.» деп жазып жатады.

Бүгінгі Ислам мемлекеті деген атты жамылған мемлекеттерде, иман ілімдері бұзылғанымен қатар тазалыққа да мән берілмеуде. Бірақ мұнда кінә Ислам дінінде емес, Ислам дінінің негізі тазалық екенін ұмытқан адамдарда. Кедейлік лас жүру үшін сылтау емес. Бір адамның жерге қақырып, айналасына қоқыс тастап жүруінің ақшаменен ешқандай байланысы жоқ. Әрбір мұсылман дінін жақсы үйренсе және діннің әмірі бойынша жүрсе, бұл ластықтар жойылады. Сол кезде басқа елдер мұсылман мемлекеттеріне келген кезде орта дәуірдегідей мұсылмандардың тазалығына таңданып жүретін болады.

Назар аудар:

Ежелгі Еуропадағы тазалық жайында жантүршігерлік мәліметтер


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Айша

Ойланатын нәрсе екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз