Өлең, жыр, ақындар

Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш

Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:

— Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?

— Көремін, өрмек тоқып жүр.

— Анау құмырсқаны көремісің?

— Көремін, аузында бір нанның уалшығы бар, жүгіріп кетіп барады.

— Жоғары қара, аспанда не көрінеді?

— Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесе тістеген шөбі бар.

Сонда атасы айтты:

— Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған әбірет1. Өрмекші маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң, өзіне азық етуге. Құмырсқа бала-шағаларына тамақ аулап, бір нанның уалшығын тапқан соң өзі жемей, аузына тістеп, қуанғаннан, үйіне жүгіріп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя істеуге шөп жиып жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де Құдай-Тағала бос жүруге жаратпаған, жұмыс істеуге әдеттену керек, — деді.

1 - Әбірет — өнеге, үлгі.


Пікірлер (7)

Ардақ Көкенай

Еңбек бәрін жеңбек мақалы осыған сәикес

Ардақ Көкенай

Еңбек ең маңызды зат

Ару

Өте жақсы

Фатиха

Еңбек етсең ерінбеи, тояды қарның тіленбеи

Гүлім

Өте керемет

Балкыбек

Молодец
красавчик

Назарбай

Қызық, қысқа әңгіме екен!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз