Өлең, жыр, ақындар

Кембридж университеті

Кембридж университеті – Еуропадағы ірі ғылыми орталық, ежелгі университеттердің бірі. 1209 ж. Ұлыбританияда Лондон қаласынан солтүстікке қарай 80 км жерде орналасқан Кембридж қаласында құрылған. XIII ғасырдың өзінде Кембридж университетінде 4 факультет болды: гуманитарлық, заң ғылымы, дінтану (теология), медицина. XVII ғ-да Кембридж университеті ірі ғылыми орталыққа айналды. 1669 – 1702 ж. И.Ньютон Кембридж университетінің профессоры болды. 1837 ж. Кембридж университетінде Ч.Дарвин магистр атағын алған. Кембридж университетінің өзіндік ерекшелігі – күні бүгінге дейін өзінің ортағасырлық құрылымын сақтаған. Жаңа типті университеттерден Кембридж университетінің айырмашылығы – ол жеке колледждерден тұрады. Бүгінде университетте 29 колледж бар. Оның әрқайсысының өз кітапханалары жұмыс істейді. Әр колледжде әр түрлі факультеттерден 300 – 400 студент оқиды. Университетті жоғары білікті қызметкерлерден тағайындалатын канцлер басқарады. Кембридж университетітінде 600-ден астам ғыл. қызметкер мен оқытушылар жұмыс істейді. Университет 25 мамандық бойынша ғылыми атақ береді. 2000 – 2001 жылдары Кембридж университетінің барлық колледждерінде 16 мың студент және 400 біріктірілген топта аспиранттар оқыды. Кембридж университеті ғалымдарының ғыл. жаңалықтары 60 Нобель сыйлығына ие болған.

Кембридж университеті тек Англияның ғана емес, сонымен қатар, әлемнің ең көне жоғарғы оқу орындарының бірі. Мұнда оқығандарға мансап жолында да, жоғары айлықты қызмет жағынан да шектеусіз мүмкіндіктер берілген. Аталған оқу орнынан 15 ағылшын премьер-министрі, әлем елдерінің 23 көшбасшысы, Үндістанның 3 премьер-министрі, Дания патшайымы II Маргрета оқып шыққан. Әлемдік QS World University Rankings рейтінгісі аталған университетті 2010 жылдың ең үздік жоғары оқу орны деп таныды. Тіпті, өзінің басты қарсыласы саналатын Гарвард университеті де қалып қойды. Жекелеген салалар бойынша Оксфорд, Гарвард оқу орындарына үстемдік бергенмен, жалпы салалар бойынша ең үздік болып саналады. Әлемнің 15000 мыңнан астам ғалымдары Кембридж университетін ғылыми зерттеу жоғары дәрежеде жүргізетін көшбасшы оқу орны деп таныды. Екі жыл қатарынан жаратылыстану ғылымдары саласында көш бастаса, Arts & Humanities бөлімі бойынша тек Оксфорд университетін алға жіберді, ал медицина саласы бойынша Гарвардтан қалады. Social Sciences бөлімінде – үшінші болса, Technology & Engineering-да әлемде 4 орында.

Назар аудар:

ЖОО-нын неге негізделіп таңдау керек?

Кәсіп таңдау

Гонконгтағы оқуы мен өмірі, ондағы қиындықтары жайлы қазақ жігітінің әңгімесі

Малайзияда жоғары білім алу: нені білу керек?

Шетелде білім алу: University of Strathclyde


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Оля

Оқығансоң ең мықты универде оқу керек

Оля

Мықты оқу орны!! Бұйырса баламды оқытамын!

Жансая П

Керемет! Сөз Жоқ! Әлемдегі ең мықты университеттің бәрі Англияда екен ғой!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз