Өлең, жыр, ақындар

Қотыр торғай

Бір қотыр торғай шеңгелге қонып отырғанда, жарасының қара қотырланған аузын шеңгелдің тікенегі сыдырып кетіпті.

Торғай ашуланып:

— Қап, бәлем, сені ешкіге айтпасам ба! – деп, ешкіге келеді.

— Ешкі-ешкі, ана шеңгелдің сылдырмағын неге жемейсің?

Ешкі:

— Оны жемек түгіл, өзім лақтай алмай жатырмын.

Торғай:

— Қап, бәлем, сені қасқырға айтпасам ба! – дейді де қасқырға барады.

— Қасқыр-қасқыр, ана ешкіні неге жемейсің?

— Оны жемек түгіл, байдың жабағысын жеп, тауыса алмай отырмын.

Торғай:

— Қап, бәлем, сені жылқышыға айтпасам ба! – дейді.

— Жылқышы-жылқышы, ана қасқырды неге ұрып алмайсың?

Жылқышы:

— Оны ұрып алмақ түгіл, өзімнің ұйқым қанбай жүр.

Торғай:

— Қап, бәлем, сені байға айтпасам ба! – дейді.

— Байеке-байеке, ана жылқышыңды неге сабамайсың?

Бай:

— Оны сабамақ түгіл, өзім қоспамды тауыса алмай отырмын. Торғай:

— Қап, бәлем, сені тышқанға айтпасам ба! деп, тышқанға келеді.

— Тышқан-тышқан, байдың қоспасын неге жемейсің?

Тышқан:

— Оны жемек түгіл, өзім інімді қаза алмай жатырмын.

Торғай:

— Қап, бәлем, сені балаларға айтпасам ба! – дейді.

— Балалар, балалар, ана тышқанды неге ұрып алмайсыңдар? Балалар:

— Оны ұрып алмақ түгіл, өзіміз асығымызды ойнай алмай жатырмыз.

Торғай:

— Қап, бәлем, сендерді кемпірге айтпасам ба! – дейді.

— Кемпір, кемпір, ана балаларды неге ұрмайсың?

Кемпір:

— Оларды ұрмақ түгіл өзім жүнімді сабай алмай жатырмын. Торғай:

— Қап, бәлем, сені құйынға айтпасам ба? дейді де құйынға барады.

— Құйын-құйын, кемпірдің жүнін неге ұшырмайсың? Құйын соғып, кемпірдің жүнін ұшырады, кемпір балаларды ұрады, балалар тышқанды ұстап алады, тышқан байдың қоспасын түгеседі, бай жылқышыны сабайды, жылқышы қасқырды ұстап алады. Қасқыр ешкіні жейді, ешкі шеңгелдің сылдырмағын жей алмай, қотыр торғай шеңгелден өшін ала алмаған екен дейді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (17)

Марал

Ең жақсы ертегі

Назгул

маган унады

Меруерт

Торгай деген акымак

Алина

Кызыкты бирак каита - каита кап балем деген сози коп келди онин орнина араластырып коиса каитидекен . Маган унады

БЕЙБАРЫС ШАРЕТОВ

Өте тамаша ертегі балаларға мынау ертегісін айтыңыз өте жақсы ертегі

Керемет

Керемет

Банан

Өте жақсы ертегі

айна

өте жақсы ертегі екен

Сәрсенбі Альбина

Барлығы тамаша келе жатқан бірақ ешкіге обал болды

FfA

Маған өте қатты ұнады бірақ...
Ешкіге обал болдау лақтайын деп жатқанда келіп қасқыр жеп қойды оның бәрі мына торғайдың кесірінен

Кәусар

Өте керемет маған ұнады :-) :-)

Әділбек Каусар

Маған өте қатты ұнады.Керемет екен.ешкіге обал болды.Ініме айтып беремін

Әділбек Каусар

Өте керемет

Динара

Өте керемет

Фатима

Кушти екен маган унады

Зарина

Ең қызық ертегі

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз