Аңдар патшасы арыстан қартайып, науқасқа шалдығады да үңгірінен шыға алмай жатады. Патшасының көңілін сұраған барша аң келіп-кетіп, кіріп-шығып жүреді. Түлкі ғана мезгілінде келе алмапты.
Мұны естіген соң, қасқыр бір қулығын асырып, өзін алдап жүрген түлкіден кек алғысы келіп, науқас арыстанға оны жамандай бастапты:
— Түлкі сені патшам деп құрметтемейді екен. Патшасының көңілін сұрамағаны оңбағандық! – деп, арыстанның ызасын қоздырып, ашуына май құйыпты.
Сол кезде үңгірдің аузына келіп қалған түлкі қасқырдың бұл сөзін естіп: «Тұра тұр, бәлем, өшімді алармын!» — деп кіжініп, тісін қайрайды.
Сонан соң ештеңе білмегендей, жылмаңдай кіріп келеді. Түлкіні көзі шалған арыстан қаһар төгіп, айқай салыпты.
— Сен менің көңілімді сұрамай, қайда жүрсің?
Сонда түлкі:
— Сабыр, тақсыр, сабыр, – депті жалбарынып.
— Сөзімді тыңдаңыз! Менің осыншама кешігуімнің себебі бар еді.
— Ол не қылған себеп?
— Шұғыл шаруамен дала кезіп жүрдім. Ол не шаруа десеңіз, жер дүниені кездім, дертіңізге дауа болатын дәрі іздедім. Барлық дәрігерлерден сұрастырдым. Ақыры тауып келіп отырмын.
Мұны естіген арыстан:
— Ол қандай дәрі? – деп сұрапты қуанып.
— Дертіңіздің емі мынау екен, – депті түлкі, – қасқырдың терісін тірідей сыпырып алып, жылы күйінде үстіңізге жабыстырып киіп алсаңыз, жазылады екенсіз.
Мұны ести сала арыстан атып тұрып, қасқырды бас салып, терісін сыдырып, үстіне киіп алыпты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
20.03.2024 14:17
13.03.2024 22:14
29.02.2024 16:27
27.02.2024 17:21
09.02.2024 12:34
18.03.2024
18.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
04.03.2024
27.02.2024
25.02.2024
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
Аяжан
қасқыр емес шакал екен