Өлең, жыр, ақындар

Қарлығаш пен дәуіт

Бір қарлығаш жардың қуысына ұя салып, өмір сүріпті. Қанаты қатпаған балапандары анасы азық әкелуге кеткенде, шыдамсыздана күтумен болады екен.

Бір күні балапандарды жемекке қарлығаштың ұясына жауыз жылан өрмелеп шығып бара жатады. Мұны көрген қарлығаш аспан мен жерді шарлап, шыр-шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді. Көкектен көмек сұрай барса:

— Бүркіт қонаққа шақырып еді, соған барғалы жатырмын, уақытым жоқ, – дейді көкек.

Одан шығып, қарғаға барса:

— Үйленгелі жатқанымда, мазамды алма, – дейді. Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап ұшып келе жатады. Бір кезде дәуітті көреді. Дәуіт қарлығаштың шыр-шыр еткен дауысын естіп:

— Достым, неге зарлайсың? – деп сұрайды.

Қарлығаш сонда:

— Жауыз жылан балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп жетіп қалды. Соған не істерімді білмеймін, – деп, қарлығаш көзінің жасын төгіп-төгіп жібереді.

— Олай болса, мені жеткіз тезірек, – дейді дәуіт. Қарлығаш қанатын тосады. Дәуіт жотасына шығып алады.

Көзді ашып-жұмғанша ұясына жетеді. Жылан ұяға тақап қалған екен. Дәуіт пен қарлығаш енді бір сәт кешіксе, балапандарды қылғып сап, жұмсақ ұяда масайрап ұйқтамақшы екен.

Дәуіт аяғымен шаба тырнап, жыланның екі көзін ағызып жібереді. Жауыз жылан сылқ етіп жерге құлап түседі де мерт болады.

Дәуіттің ерлігіне сүйсінген қарлығаш онымен айнымас дос болыпты. Содан бері талай заман өтсе де екеуі бір ұяда тұрып, бірге өмір сүреді екен.

Назар аудар:

Сайттағы басқа да ертеілер.

Қысқа ертегілер


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (27)

МЕРЕЙ

КЕРЕМЕТ РАХМЕТ СЫЗДЕРГЕ

Саяа

Рахмет

наташа

Мне понравилос

Арука

Маған қатты ұнады.

Алихан

Маған өте қатты ұнады

Арайлым Салим

Маган дал осы керек еди рахмет

Диляра

Рахмет сіздерге дəл осындай ертегі керек еді

Меруерт

Маган осы керек еди

Инжу

Маган бул ертеги оте катти унади.Ойткени ол ертегиде менин жакси коретин кусим бар... Ол Карлигаш


1234567891011121314151617181920

Тамара

Коп коп рахмет ертеңгі сабағыма керек еді

Дәулет С

Авторы Ким емес! Халық ертегісі!

Берекет

Керемет ертегі екен, ұлдарыма да өзіме де қатты ұнады.

Карима

көп рахмет .көмектеріңізді аямайсыздар .

ҚАРЛЫҒАШ

Керемет.ашык сабакқа қолданам

Ainur

Жақсы керемет

жаксы керемет

оте жааксы

Гульдана

Авторы кім?

АБЫЛАЙ

Күшті рахмет

Райана

керемет. айтарым жоқ

Нұрсултан

Маған қатты ұнады маган осы керек еді

Арсен

Күшті екен рахмет

үмигүлсін

Өте керемет рахмет сізге!

Кенжебай Аружан

Өте күшті мен табалмай жүрген ертегімді тауып бердініздер көп рахмет

Алуа

Өте күшті маған керегі дәл осы еді. Үлкен рахмет

Дархан

Қарлығаш пен дәуіт қызық ертегі екен

Айша

Қызық ертегі

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз