Бір түлкі жүзімге лықа тойып, баудан шығып келе жатады. Оны көрген қасқыр:
— Жүзімді қайдан жедің? Айтшы, мен де жейін. Айтпасаң, өзіңді жайратамын! – дейді ақырып.
— Ойбай, қасеке, құлдық, – дейді түлкі жылмаңдап. — Сенен несін жасырайын, анау баудың ішінде сықасып тұр. Жүріңіз, ертіп алып барайын.
Түлкі соны айтады да қасқырды ертіп апарып, өзіне үйреншікті тесіктен бауға кіргізіп жібереді.
Қасқыр таңсық болған жүзіміне әбден тойып, баудан қайта шығайын десе, әлгі тесіктен өте алмай, кептеліп қалады.
Мұны көрген түлкі:
— Қасеке, тым көрсеқызар екенсің. Артын ойламағанға сол керек, – деп жүре беріпті.
Бауға су салып жүрген адам тесікте кептеліп жатқан қасқырды соғып алыпты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
20.03.2024 14:17
13.03.2024 22:14
29.02.2024 16:27
27.02.2024 17:21
09.02.2024 12:34
18.03.2024
18.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
04.03.2024
27.02.2024
25.02.2024
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
диас
Кейіпкерлерге мінездеме жазып беріңіздерші отініш
Шапағат
Маған үнады
Мақсат Ж
Біздің ескі қазақстанның жемқорлары сияқты көздері тоймайтын бәле екен)