Өлең, жыр, ақындар

30 жастағы миллионер Сэм Альтманнан кеңестер

Бірнеше апта бұрын миллионер, кәсіпкер және Y Combinator-дың басшысы Сэм Альтман 30-ға толды. Осыған орай ол өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, осындай дәрежеге қалай жеткенін баяндап мақала жазды. 

Сэм Альтман кәсіпкер, инвестор. 2005 жылы Стэнфорд университетіндегі оқуын тастап Loopt компаниясының негізін құрды. Қазіргі уақытта Y Combinator стартаптарға арналған акселератордың президенті. 


Бір апта бұрын мен 30-ға толдым. Ескі достарымның бірі тәжірибемді ескере отырып, бірнеше өмірлік кеңестер беруімді өтінді. Ойлап отырсам ондай кеңес көп екен, сондықтан бұл тізімді жариялағаным дұрыс па деп әлі де күмәнданамын, өйткені олардың көбі мағынасыз.

Бірақ жауаптарымды біраз қысқартып, артық заттардан тазартып, сіздерге ұсынуды жөн деп шештім. 

Отбасыңыз бен достарыңызды тізімнің соңына қоймаңыз. Ескі достарыңызбен байланысты үзбеңіз. Қызық болса таңға дейін олармен сөйлесіңіз. 

Табысты болудың сыры: бір істі алыңыз, соған бар назарыңызды салыңыз, өзіңізге сеніңіз (әсіресе егер басқалар сенбесе), байланыс орнатыңыз және сөйлесіңіз, дарынды адамдармен сөйлесіңіз және тынымсыз жұмыс істеңіз. 

Қызықсыз жұмысты жақсы жасау мүмкін емес. Істеп жатқан жұмысыңызда ең озық боламын деп мақсат қойыңыз. Бұған қолыңыз жетпесе де, ерте ме кеш пе, биіктен көрінеріңіз анық. Өзіңізге жауапкершілік алуға және тәуекелге баруға қорықпаңыз. 

Ақшаға бақыт сатып алуға бола ма, білмеймін, бірақ оған еркіндікті сатып алуға болады. Ал бұл аз емес. Ақша жетіспеушілік те күйзеліске әкеледі. Және көбіне ақша табу оларды жаратуға қарағанда қызығырақ болады. 

Адамдармен көп араласыңыз. Қысқа твиттерге қарағанда, ұзақ мақалалар мен кітаптар оқыңыз. Теледидарды сирек қараңыз. 

Әр күнге, жылға, онжылдыққа нақты мақсаттар қойыңыз. 

Жоспарлау – бұл өте жақсы. Бірақ егер күтпеген жерден мүмкіндік туып тұрса пайдаланып қалыңыз. Ақылсыз бірдеңе жасаудан таянбаңыз. 

Ақылды, қызықты және алға жетелеуші адамдармен дос болуға тырысыңыз. Соларға жалданып жұмыс істеңіз, соларды жұмысқа алыңыз. Көп уақытымызды кіммен өткізсек, соларға ұқсап кететініміз – рас.

Назарыңызды басқаға аударатын заттардан аулақ болыңыз. Бұл өте маңызды. Зейініңізді бір арнаға бұрып үйреніңіз, уақыт өте келе бұл өз жемісін береді. 

Аз уайымдаңыз. Әлемде соншалықты тәуекелге бел будыратын заттар аз. Көптеген адам алдында не боларын білмей тәуекелге барудан қорқады. Бұлай сіз ешқашан биікке жетпейсіз. 

Қалағаныңызды сұрай біліңіз. 

Егер бірдеңені істемесеңіз өкінетініңізді білсеңіз, онда істегеніңіз дұрыс. 

Жаттығыңыз. Дұрыс тамақтаныңыз. Демалыңыз. Мұның бәрін жақсы білесіз. 

Жастық шақ – бұл ұлы зат. Оны бекер өткізбеңіз. Оны ешқандай ақша қайтара алмайды. 

Ата-анаңызға оларды жақсы көретініңізді жиі айтыңыз. Оларға барып тұрыңыз. 

Қомағайлықпен білім алыңыз. 

Жиі жаңа бірдеңе істеңіз. Жаңа қызығушылық уақытты қабылдауды баяулатып қана қоймайды, өмірді қызық етеді, бір орында отырғызбай, таным көкжиегін кеңейтеді. 

Ешкіммен мәңгілікке қоштаспаңыз. 

Адамдарды кешіріңіз. 

Мәртебе қумаңыз. Мәртебенің астарында мағына болмаса оның түкке қажеті жоқ. 

Көптеген зат орташа мөлшерде ешқандай қауіп төндірмейді. Мөлшерінен артық пайдаланған заттың көбі зиян әкеледі. 

Қорқыныш – өмірдің ажырамас бөлшегі. Бұл көбіне ақылды, дегеніне жетуге асығатын адамдарға тән екенін байқаймын. Менің ойымша, көптеген адам қорқыныш жайлы көп ойлағандықтан ынтамен жұмыс істейтін сияқты. 

Шағым айтудан аулақ болыңыз. Адамдар мұндайды жек көреді. 

Өзгенің табыстылығын қызғанбаңыз. Бірақ көбі сізге қызғанышпен қарайтынын ұмытпаңыз, мұны елемеңіз. 

Егер сіздің жеткілікті уақытыңыз болса, сіз кез келген нәрсеге бейімделе аласыз. 

Бірдеңені жасамас бұрын бірнеше секунд ойланып алыңыз. Ашуланып тұрғанда бірнеше минут ойланыңыз. 

Күндер ұзақ, бірақ онжылдықтар қысқа. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз