Дәл қазір салынып жатқан әлемдегі ең таңқаларлық ғимараттар

Қазіргі сәулет адамдарды жұлдыздарға жақындатпақшы сияқты. Бұл мақалада қазіргі таңда салынып жатқан ғимараттарды көре аласыз. Болашақ орасан зор ғимараттармен таңқалдырмақшы.

 

Король мұнарасы

buildingdb

Король мұнарасы  әлемдегі ең биік ғимарат «Бурдж Халифа»-дан да биік болмақшы. Ғимарат Сауд Арабиясында салынып жатыр, оның биіктігі километрге жақындап қалды. Ғимаратта сәнді кондоминиумдар, кеңселер, обсерватория, Four Seasons қонақ үйі және әлемдегі ең биік терраса болады. Ғимаратты салу жұмыстары ресми түрде өткен жылы басталды, құрылыс  2019 жылы аяқталу қажет.

 

Шанхай мұнарасы

allwalls

Қытайда 1993 жылы басталған 121 қабатты Шанхай мұнарасының құрылысы осы жылдың басында аяқталды. Қазір әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Dubai Perl

moneta

Ірі сауда орталығын және әлемдегі ең биік ғимаратты жобалау кезінде Дубайда кәдімгі үйге ұқсас сәнді ғимарат болу қажет деп шешілген сияқты. Жоспарланған «ішкі қалада» аспан көпірі арқылы қосылған 4 мұнара және 1800 орынға арналған премиум-театр болады.

 

Agora Garden

callebaut

2016 жылы Agora Garden ғимаратының құрылысы аяқталады. Ирелең болып келген 20 қабатты ғимарат барлық мағынада жасыл болмақшы. Әр қабаттағы балконда бақша, сонымен бірге тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері, оның ішінде күн батареялары мен жаңбыр суын қайта өңдеу енгізіледі.

 

World One

vsviti

117 қабатты World One ғимараты  әлемдегі және Мумбайдағы ең биік тұрғын үй болмақшы. 300 салтанатты төрт бөлмелі  апартаменттерде Үндістанның ең ауқатты адамдары тұратын болады. Бөлмелердің дизайнын Джорджио Арманидің студиясы жобалады.

 

Король Абдаллының мұнайды ғылыми-зерттеу орталығы (KARSARC)

archello

Тізім ішіндегі  жерге ең жақын орналасқан нысан. Ғажап KARSARC  Сауд Арабиясында орналасқан. Футуристік дизайн — сәулетші Захи Хадидтің жұмысы, оның негізінде алтыбұрыштардың өзара бытысулары жатыр.

 

Сучжоудағы Чжуннань-орталығы

yeniemlak

Жуырда Қытайда 730 метрлік орталықтың құрылысы басталды. Жобаның жалпы құны 4,5 млрд $, график бойынша құрылыс жұмыстары 2020 жылы аяқталу қажет. Бұл жағдайда ғимарат Қытайдағы ең биік нысан болмақшы. Ал бүкіл әлем бойынша үшінші.  

 

Lotte World Tower

blogspot

Сеулдегі барлық ғимараттардан әлдеқайда биік болатын 556 метрлік  Lotte World Tower ғимаратының құрылысы 2016 аяқталады.  Ғимаратта дүкендер, кеңселер, апартаменттер, қонақ үй және сынақ алаңы болады.

 

«Даванг» тау шипажайы

archdaily

archdaily

Қытай тау шипажайы «Даванг» сізді 2016 жылдан бастап күтеді. Ұзындығы 170 метрге созылған шипажайда «мұзды ойын-сауық әлемі», жабық шаңғы кешені, аквапарк және аспалы бақтар болады. 

 

«Сонджанг» қонақ үйі

blogspot

tudointeressante

Тау мен көлдің арасында орналасқан қонақ үй тізім бойынша Қытайда демалуға баруға болатын жердің бірі болмақшы. «Даванг» тау шипажайы сияқты «Сонджанг» карьер қабырғасында салынып, оның фасадынан сарқырама ағатын болады.  Төменгі қабаттары су астында орналасады.

 

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (2)

Әсел

бұл әдемі нәрселер таңғаларлық екен меніңкөңілімнен шықты

жайнагуль

суреттер өте әдемі екен.Адамға ерекше көңіл сыйлайды

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)