Құлпынай

Құлпынай – жарықсүйгіш өсімдік. Жидегі қызыл түсті, хош иісті болып келеді. Сұрпына қарай ерте көктемде, жазда, күзде жеміс береді. Құлпынай – дәрумендерге өте бай. Құрамында ағзаға аса пайдалы С дәрумені көп. Оның құрамында темір, магний, калий, кальций, цинк, марганец, фосфор, кремний, мыс пен йод та бар. Қыс бойы дәрумен жетіспей әлсіреп шығатын ағзаға аса пайдалы. Құрамындағы көміртектер қан құрамындағы қантты көтермейтіндіктен, сахар диабетіне шалдыққан адамдарға жеуге рұқсат берілген. Жуырда құлпынайдың рак клеткаларының өсуін баяулататындығы анықталды.

Құлпынайдың пайдалары:

Дәрумен жетіспеушілікке өте пайдалы.

Тамырдың бітелуін алдын алады және холестеринді түсіреді.

Ағзаны тазартып, зәрді және терді айдайды.

Құрамындағы антиоксиданттар қартаю процесін тежейді.

Иммунитетті күшейтіп, қан аздыққа көмектеседі.

Микробқа қарсы қасиеті жоғары болғандықтан, асқазан ауруы бар адамдарға аса пайдалы.

Жүрек қан-тамырлар жүйесін қорғайды.

Шек құрттарын кетіреді.

Қанды тазартады, денеден улы заттарды шығарады.

Тіс еттерін қуаттандырады, ауыз иісін кетіреді.

Тынышталдырады, күйзелісті азайтады.

Қан қысымын түсіреді, дене қызуын басады.

Ревматизм, бүйрек ауруларына пайдалы.

Ғалымдардың айтуынша, құлпынайдың жеу нормасы күніне 500 грамнан аспау керек. Ағзаны қоректендіру үшін осы қалып жеткілікті, басқалай болғанда ішек жолдарының құртылуына, ал жақсылап жуылмаған жағдайда бүйректе құм жиналуына себеп болуы мүмкін. Жөтел және өкпе аурулары кезінде құлпынайдың жапырақтарын қайнатып ішсе, тез арада жазылып кетуге болады. Құлпынайды десерт ретінде жейді. Құлпынайдың пайдасын арттыру және организмге сіңімдірек болу үшін, қаймақпен немесе кілегеймен жеу керек. Құлпынайдан шырын, тосап, джем жасайды. Хош иісі үшін парфюмерияда қолданады.

Құлпынайды қалай таңдауға болады?

Сатылғанда құлпынайдың гүлсабағы да міндетті түрде сақталуы керек. Себебі гүлсабағының сақталуы құрамында С дәруменінің қажетті мөлшері болуына кепіл болады.    

Өте үлкен құлпынай жидектеріне қарағанда орташа және ұсақ жидектерінде дәрумендер көбірек болады.    

Құлпынайдың беткі қабатында түрлі дақтар болмауы керек. Бұл құлпынайды өсіргенде химиялық заттар қолданғандығын көрсетеді.

Құлпынайдың ашық қызыл немесе қанық қызыл түрлерін  кездестіруге болады. Бұл құлпынайдың өскен жеріне, түріне байланысты болып, әрқайсысының өзіндік дәмі мен ерекшеліктері болады.

Сапалы жидектердің табиғи жағымды иісі болады. Иісі байқалмайтын жидектердің "химия" көмегімен өскендігі белгілі болады.  

Оның дәмін татып көруден қорықпау керек. "Металлдық дәм" құрамындағы нитраттың көптігін білдіреді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (5)

мұхтар

тақпақ жоқ па?

Арман

Тақпақтар бөлімінде бар

балжан

уикипедия оте жаксы болган

Айым

өте Жақсы жазылған екен

Ақниет

Я шынымен де

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)