Өлең, жыр, ақындар

Отбасы туралы мақал - мәтелдер

Отбасы, туыстық туралы мақал – мәтелдер

Жақсының басына іс түссе,
Отбасына білдірмейді.
Жаманның басына іс түссе,
Отбасын күлдірмейді.

***

Елін сүйер сеніңіз,
Өз отбасын сүйе алған.

***

Отбасындағы ойран

Ойдағы елге жетпес.

***

Отан - қуат,
Отбасы - шуақ.

***

Отбасы ала болса,

Кереге басы сайын бәле бар.

***

Отбасының жанжалы

Қана ішпеген шайдан туады.

Ауыр жолдың азабы,

Артар атан, нардан туады.

***

Отбасының өнегесі -

Отан өнегесі.

***

Отбасының сәні - сыйластық,

Достың сәні - қимастық.

***

Отбасынан бас кетсе,

Қазаннан ас кетеді.

***

Отбасына өрт салма.

***

Бойымдай бой табылса да,
Ойымдай ой табылмас.

***

Сыйға сый, сыраға бал.

***

Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын.

***

Үй ішінен жау шықса,
Тұра қашып құтылмассың.

***

Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын.

***

Үй ішінен жау шықса,
Тұра қашып құтылмассың.

***

«Сіз», «біз» - деген жылы сөз,
Ағайынға жарасар.

***
Қарындасың – қарлығашың.

***
Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар.

***
Төркін десе қыз төзбейді,
Көкпек десе түйе төзбейді.

***

Ине өткен жерден жіп өтер.

***

Тіріде сыйласпаған,
Өліде жылыспайды.

***

Қазаны басқаның қайғысы басқа.

***

Ата – баланың қорғаны.

***

Атаға баланың алалығы жоқ.

***
Енесі тепкен құлынның еті ауырмас.

***

Сақау баланың тілін шешесі біледі.

***

Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы.

***
Бала, баланың ісі шала.

***

Балам – балым,
Баланың баласы – жаным.

***
Қарға баласын аппағым дер,
Кірпі баласын жұмсағым дер.

***

Атаның көңілі балада,
Баланың көңілі далада.

***

Балалы үйдің ұрлығы жатпас.

***

Торғай жаңбыр жауса баласын қорғар,
Бұршақ жауса, басын қорғар.

***

Жалғыз түйе бақырауық,
Жалғыз бала жылауық.

***

Жылайын деген бала әкесінің сақалымен ойнайды.

***
Бала – ананың бауыр еті.

***

Бала қадірін балалы болғанда білерсің.

***

Балалы үй базар,
Баласыз үй қу мазар.

***

Бала – бауыр етің.

***
Балаға пышақ бермесең бір жылар,
Берсең екі жылар.

***

Ат болатын тай саяққа үйір,
Адам болатын бала қонаққа үйір.

***

Ат болатын құлынның,
Бауыры жазық келер.
Адам болар баланың,
Маңдайы жазық келер.

***

Отыз ұлым болса да орны басқа.

***

Немере етін жеп, сүйегін берер.

***

Бас екеу болмай,
Мал екеу болмас.

***

Сүйгенін шұнағым дейді.

***

Сұлу, сұлу емес,
Сүйген сұлу.

***

Көш жүре түзеледі.

***

Жылы – жылы сөйлесең,
Жылан інінен шығады.

***

Жақсы әйел жаман еркекті ер қылады,
Жаман еркек жақсы әйелді жер қылады.

***

Жақсы таз басын жасырмайды,
Жақсы әйел асын жасырмайды.

***

Қалған көңіл шыққан жанмен семіреді.

***

Шын жыласа соқыр көзден жас шығады.

***
Қайғысыз қара суға семіреді.

***
Аталастың аты озғанша,
Ауылдастың тайы озсын.
Қарға тамырды қазақпыз.
Сұраса келе қарын бөле болып шығамыз.

***

Өз жұрттың - күншіл,
Нағашы жұрттың – сыншыл,
Қайың жұрттың міншіл келеді.

***

Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.

***

Немере етін жеп, сүйегін қалдырады.

***

Өз балаңды өскенше бағасың,
Немереңді өлгенше бағасың.

***

Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату.

***

Еркек сергек ұйықтаса, ырыс бітеді,
Әйел сергек ұйықтаса, жұмыс бітеді.

***

Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.

***

Ұлың өссе, ұлы жақсы мен ауылдас бол
Қызың өссе,қызы жақсымен ауылдас бол.

***

Ағаның үйі – ақ жайлау.

***

Қонақ асына емес қабақ – қасыңа риза.

***

Қонақ жаман болса, үй иесі қалдырады,
Үй иесі жаман болса, қонақ қыдырады.

***

Келінің жаман болса, ұлыңнан көр.
Күйеуің жаман болса, қызыңнан көр.

***
Бойымдай бой табылса да,
Ойымдай ой табылмас.

***

Сыйға сый, сыраға бал.

***

Иесін сыйлағанның итіне сүйек таста.

***

Тіріде сыйласпаған,
Өліде жылыспайды.

***

Танымас, танымасын сыйламас.

***

Көңілдегі сырды көз білдіреді.

***

Өз үйім өлең төсегім.

***

Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын.

***

Үй ішінен жау шықса,
Тұра қашып құтылмассың.

***

Тұлпардың өз тұяғы өзіне дәрі.

***

«Сіз», «біз» - деген жылы сөз,
Ағайынға жарасар.

***

Қарындасың – қарлығашың.

***

Ине өткен жерден жіп өтер.

***

Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар.

***

Төркін десе қыз төзбейді,
Көкпек десе түйе төзбейді.

***

Апасының киген тонын сіңлісі де киер.

***

Қазаны басқаның қайғысы басқа.

***

Ата – баланың қорғаны.

***

Атаға баланың алалығы жоқ.

***

Енесі тепкен құлынның еті ауырмас.

***

Сақау баланың тілін шешесі біледі.

***

Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы.

***

Бала, баланың ісі шала.

***

Балам – балым,
Баланың баласы – жаным.

***

Қарға баласын аппағым дер,
Кірпі баласын жұмсағым дер.

***

Атаның көңілі балада,
Баланың көңілі далада.

***
Балалы үйдің ұрлығы жатпас.

***

Торғай жаңбыр жауса баласын қорғар,
Бұршақ жауса, басын қорғар.

***

Жалғыз түйе бақырауық,
Жалғыз бала жылауық.

***

Жылайын деген бала әкесінің сақалымен ойнайды.

***

Бала – ананың бауыр еті.

***

Бала қадірін балалы болғанда білерсің.

***

Балалы үй базар,
Баласыз үй қу мазар.

***

Бала – бауыр етің.

***

Балаға пышақ бермесең бір жылар,
Берсең екі жылар.

***

Ат болатын тай саяққа үйір,
Адам болатын бала қонаққа үйір.

***

Ат болатын құлынның,
Бауыры жазық келер.
Адам болар баланың,
Маңдайы жазық келер.

***

Отыз ұлым болса да орны басқа.

***

Немере етін жеп, сүйегін берер.

***

Бас екеу болмай,
Мал екеу болмас.

***

Сүйгенін шұнағым дейді.

***

Сұлу, сұлу емес,
Сүйген сұлу.

***

Көш жүре түзеледі.

***

Жылы – жылы сөйлесең,
Жылан інінен шығады.

***

Жақсы әйел жаман еркекті ер қылады,
Жаман еркек жақсы әйелді жер қылады.

***

Жақсы таз басын жасырмайды,
Жақсы әйел асын жасырмайды.

***

Қалған көңіл шыққан жанмен семіреді.

***

Шын жыласа соқыр көзден жас шығады.

***

Қайғысыз қара суға семіреді.

***

Аталастың аты озғанша,
Ауылдастың тайы озсын.

***

Иесін сыйлағанның итіне сүйек таста.

***

Танымас, танымасын сыйламас.

***

Көңілдегі сырды көз білдіреді.

***

Өз үйім өлең төсегім.

***

Тұлпардың өз тұяғы өзіне дәрі.

***

Апасының киген тонын сіңлісі де киер.

***

Қажетті сілтемелер:

Отбасы, туыстық туралы басқа да мақал - мәтелдер

Тіл туралы мақал - мәтелдер

Сайттағы барлық мақал - мәтелдер

Ұлағатты сөздер

Өнер-білім, тіл туралы қанатты сөздер

Туған күнге арналған тілектер


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (59)

Касымхан

Рахмет сыздерге, макалдар коп екен

Аяна.

Рахмет.МАҚАЛДАРЫңыз жақсы екен

Ерасыл

Рахмет

Аяулым

отбасы туралы жокпа ата апа дегенго

abaikz

Аяулым, ата, апа туралы мақал мәтелдер: Ілмек бойынша іздеу

Гулмира

Өте күшті

адай

Ааа

Алимхан

Именно отбасы туралы жоккой

Inkar

Егер қиын емес болса маған "сіз,біз"сөздері бар мақал-мəтел керек еді

Марал

Сіз, біз деген жылы сөз - тіршіліктің ғанибеті.

Мадина

Мақалдар көп екен рахмет

Диана

Тек отбасы созы бар макал жазыңыздар керек болып тур

Амина

өте керемет . рақмет

Алмагул

Макалдар керемет екен

Жадыра

Рахмет,оте коп жане керемет макалдар

Жадыра

рахмет оте коп жане керемет макалдар

Бахытгуль

Отбасы жайлы

Назмина

Абай Құнанбаевтің мақалы қатты
ұнады сендергеше ұнады ма айтыңдаршы?һ

Нурай

накты отбасы туралы макал жок кой

Шугыла Паридонова

Керемет маган унады . Накты отбасы жайлы.Рахмет макалдарынызга.

асылхан

мәә күшті екен

Арай

Оте жаксы жазылган. Бракта отбасы туралы аздау екен. Отбасы- ошак касы деген бар. Отан отбасынан басталады. Тагы баскалар болса жаксы болар еди

Саяна

Шынымен де өте керемет екен

Ермукан 2008 03.11

Рахмет

Күшті

Керемет

Күшті

Маған ұнады

Аидос

Отбасы жаилы түк жок

Мадина

Өте жақсы мақалдар екен

Шахризат

Отбасы сөзі бар мақал бар болса.

Айару

Шахризат, ілмектерге отбасы деп іздеп көрсей, көп екен, мен солай таптым

Шапағат

Өте керемет екен ! Маған ұнады

Нұрасыл

Өте күшті

Ернияз

Отбас туралыəдемі

Ернияз

Өте күшті

Аяулым

Меніңше мақалалар мәтелдер білімге өте қажет

Алия

Коп коп рахмет

Жақсылық Садиров

Мақал-мәтелдер өте жақсы маған ұнайды

Мұханбетияров Нұрболат

Көп мақал екен рахмет

Сүйрік

Өте керемет бірақ ішінде отбасы туралы сирек кездеседі екен

Іңкәр

Өте әдемі мақалдар екен

Іңкәр

Маған ұнады

Айганым

Кушти

Ақзада

Рахмет! Мында отбасы туралы мақалдар көп қой ! Дұрыстап оқыныздар! Табылады! Менім керегіме жарады.

Myrza

Өте күшті

Aiko Murzabekova

өте керемет екен маған қатты ұнады тек алға BILIM ALL

Олжас

мақалдардың көп екен

Іңкәр

Керемет екен түсінікті мағынада айтылған

Расул

Маган унады

Нура

Күшті

Аяжан

Тамаша

Жаннат

Тирисинде сыйласпаган,олгенде жыласпасын. Барында БАГАЛАЙЫК.

Медина

Өте күші мақал-мәтелдер

Жанерке

Өте күшті мақал-мәтелдер

Наз

Өте керемет

Айшолпан

Көп көп рахмет сізге

Aruzhan

Керемет!

Нұлан

Отбасы туралы ең мағыналы, ең мақал - мәтелдер

Назира

Көп-көп рахмет. Мақалдар көп екен. Маған қатты көмектесті.

Бота

Маған ұнады

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз