Өлең, жыр, ақындар

Java тілінің басқа тілдерден артықшылықтары

Java шынында да желілік ортада құнды құрал болып табылады. Бірақ ол тек онымен шектеліп қалмайды. Java тілі әртүрлі бағдарлама жасау үшін қолданылатын универсалды тіл. Оған қоса Java платформаға тәуелсіз проектер жасау үшін қолданылады. Бағдарлаудың қарапайымдылығы және қауіпсіздік амалдары тез және түсінікті код жазуға мүмкіндік береді. Басқа бағдарлау тілдерінде кеңінен тараған қателер Java бағдарламаларында болмайды. Десекте, барлық ішкі әдіс-амалдарына қарамастан Java бағдарлау тілі қарапайым, үйренуге оңай тіл.

Артықшылықтары:
Архитектураға тәуелсіз
Интернет бағдарламалар үшін мінсіз
Бір рет жазылған код басқа жерлерде орындалады
Көп ағымды
Бағдарламалар желі арқылы тапсырманы орындай алады
Динамикалы
Код қажет болған жағдайда ғана қолданылады
ООП-ның бар болуы
Java бағдарлау тілі қазіргі ООП негізіне сәйкес бағдарламалар жазу үшін қолданылады
Жад басқарылмалы
Жад автоматты түрде бөлінеді
“Garbage collector” қолданылмайтын жадты өшіріп отырады
Сенімді
Қатты типтелген
Көрсеткіштер жоқ (С бағдарлау тілін өткенде түсінесіздер :-))
Қарапайым
Бір-бірімен өте жақсы қиысқан тілдің элементтері оның қолданысын жеңілдетеді.

JDK
Java бағдарлау тілі – ол JDK (Java Development Kit). Яғни, бағдарлау тілі бір-бірімен топтасқан көптеген кішкентай бөлшектерден, класстардан, тұрады. Демек, Java-да жазылған бағдарламалар, негізінде, осы класстардың жиынтығын, пакеттерді, қолданады.

Сонымен, Java-да бағдарлау кезінде қолданылады:
Java-ның страндартты пакеттеріндегі класстар
Өзіміз жаңадан жазған класстар
Басқалардың көпшілік үшін жазған класстары

Java-да бағдарламаның жазу процессі:
Жазу: .java файлын жазу арқылы өзіміздің классты анықтаймыз.
Компиляция: жазылған .java файлды Java компиляторына жіберіп .class файлды аламыз.
Орындау: пайда болған .class файлды Java интерпретаторына кодты орындау үшін жібереміз.

Java компиляторы – жазылған кодты орындау үшін дайындайды және байт-коды бар .class файлды шығарады. Егер компиляция кезінде қателер болса, онда кодтағы қателерді түзетіп қайтадан компиляциядан өткізу керек.

Байт-код – Java виртуалды машинасында орындалатын оңтайландырылған нұсқаулардың жиынтығы. Яғни, JVM байт-кодтың интерпретаторы. Бұл әдіс басында әдеттегіден тыс болып көрінуі мүмкін, өйткені қазіргі кездегі бағдарлау тілдерінің компиляторлары байт-кодты шығармай бірден орындалатын кодты шығарады (.exe). Бірақ бұндай әдістің өзіндік артықшылықтары бар және жылдамдық ерекшеліктері зор емес.

Java интерпретаторы (JVM – Java Virtual Machine) – .class файлды оқып оны компьютерге түсінікті тілге аударады, яғни бағдарламаны орындайды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз