Эссе және өлең-жыр байқауы

Санның халық дүниетанымындағы көрінісі мен маңызы

«Санның халық дүниетанымындағы көрінісі мен маңызы.»

Жобамның мақсаты:
1) Сандардың мәні мен қасиетін аша отырып, оны өмірдегі елеулі роль атқаратындығын дәлелдеу;
2) Сандарға байланысты халық арасында тараған салт-дәстүрі мен дүниетанымының түп қазығын ашып көрсету;
3) Сандардың халық ауыз әдебиетіндегі танымдық және рухани бірліктегі көрінісін таныту;
4) Сандардың адамзат тарихындағы, соның ішіндегі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіндегі манызды қызметі мен алатын орнын айту.

Жоспар

І Кіріспе.
ІІ Негізгі бөлімі:
1 Жағымды және жағымсыз сандар.
2 Цифр – тағдыр.
3 Шешендік сөздердегі сандардың мағынасы.
4 Қасиетті және киелі сандар.
ІІІ Қорытынды.
ІV Қолданылған әдебиет:

Жағымды және жағымсыз цифрлар
Рас, цифрлардың да жағымдысы, жағымсызы болады. Бұл-қатып қалған заңдылық боп саналмайтыны баршаға мәлім. Сөйте тұра қалыптасқан ежелгі дәстүр бойынша, қайсібір халықтардың ырым-жоралғыларына орай кейбір сандар аса қастерленеді.
Мәселен, біреулер цифрлардың басы деп 1 санын айрықша құрметтесе, енді біреулер 3,7,8 цифрларын жақсы көреді. Қазақ халқының жұмырында 7,9,31,41 сандары қасиетті деп саналады. Мысалы, «Жеті Жарғы», «Үш тоғыз», «Бір тоғыз», «Жеті қазына». Қазақтар сәрсенбі деп 3,7,9,21 сандарын, яғни тақ сандарды қасиетті деп санайды.


Сонымен бірге елдегі елеулі оқиғалар мен даңқты даталар да әрдайым ерекшеленіп, ескеріледі. Осы ретте Астананың бойтұмарына айналған Бәйтеректің биіктігі - 97м. елорданың Арқа төріне көшкен жылын білдірсе, «Қазақ елі» монументінің биіктігі - 91м. тәуелсіздік жылын айғақтайтынын айтқымыз келеді.


Керсінше кейбір елдерде 4,13 цифрлары жағымсыз саналады. Шығыс елдерінде 4 санын ауыз-екі қолданбауға тырысады. Өйткені, бұл сан «қауіп-қатер», «өлім» деген ұғымдарды білдіретіндіктен көп қабатты ғимараттардың реттік санын аттап кететін көрінеді. Сондай-ақ, кейбір ырымшыл адамдар өздеріне жайсыз есептейтін күндері алыс жолсапарға шықпайды, жаңа бір істі бастамайды, қонақ шақырмайды.


Тибеттердің Фэн-шуй заңдылығында 8 саны қасиетті деп саналады. Сол кездегі қасиетті сандар 8,18,28,8888.
Ежелгі жылнамаларында бөлекше құрметтелетін 8 санын Қытай халқының қалай қарайтынын жақында ғана дүркіреп өткен XXIX Бейжің жазғы Олипиадасы куә. Төрткүл әлемнің ең үздік саңлақтары басқосқан дүбірлі дода салтанатты жағдайда 2008 жылдың 8 тамызында, кешкі сағат 8-ден 8 минут кеткенде ашылғаны есте. Ал осы тарихи күн-8 тамызда Қытай елінде 3100 жас жұп некеге отырыпты. Жақсылықтың нышанын бейнелейтін бұл рекордтық көрсеткіш «Гиннес» кітабына еніп отыр.

Цифр – тағдыр...

Осындай түін жасауға мәжбүрлейтін тікелей адамдар өмірбаянына қатысты бірнеше елең еткізер деректерге назар салыңыз. Дүние жүзінде ешқашан қайталанбас қызықты жағдайды Клинвудада тұратын Ральф пен Кэролин Камистің отбасынан ғана іздеуге тура келеді.

Балалардың есімі Туған күндері
Кэтрин 1952ж. 20 ақпан
Кэрол 1953ж. 20 ақпан
Чарлз 1956ж. 20ақпан
Клаудия 1961ж. 20ақпан
Сесилия 1966ж. 20ақпан

Ықтималдық теориясына заңына сүйенсек, мұндай болжам өзі 17 797 577 730 жағдайда бір рет қайталануы тиіс екен. (17 милрд 797 млн 577 мың 730).
Ал Хенриксендердің (Норвегия) үш баласы да туған күндерін жиі өткізе алмайтын көрінеді. Өйткені, Хейди, Лиф, Мартин 29 ақпанда дүниеге келіпті.
Қазақ әйелдері арасынан биология ғылымдарының тұңғыш докторы, академик Нәйлә Базанованың бүкіл тағдыры 11 цифрына қатысты бағанға ұқсайды-11.11.1911 жылы дүниеге келген. Көрнекті ғалым 11.11.1993 жылы өмірден озған.
Магиялық таңбалардың, сандар мен цифрлардың жұмбақ құпияларына ден қоюшылар талай қызықты деректерді келтіреді.
Павел I патша билік басында 4 жыл, 4 ай, 4 күн отырыпты.
Әйгілі тұлғалардың өмірлері мен қызметтеріне тікелей қатысты деректердің, цифрлардың еш ауытқымай, араға жылдар салса да бір-біріне ұқсастығымен, үйлесімді дәлдігімен қайран қалдырады.

АҚШ-тың президенті Авраам Линкольн Джон Кеннеди
Туған жылы 1821 1921
Бітірген оқу орны 1840ж.
Лиссабон университеті 1940ж.
Вашингтон университеті
Ұлттық гвардияда 1842-1844 1942-1944
Билік басына келген жыл 1860 1960
Қаза тапқан күні 1863ж. 26 тамыз, сәрсенбі күні атып өлтірілді 1963ж. 25 тамыз, сәрсенбі күні атып өлтірілді
Қастандық жасаған адамның туған жылы 1827 1927
Қасында болған Әйелі Әйелі
Хатшысының есімі Кеннеди Линкольн
Сайланған жаңа президент Э.Джонсон Л.Джонсон

Екі президенттің өміріне қатысты жоғарыда көрсетілген ең басты деректердің арасындағы уақыт тура 100 жыл екенін байқаған шығарсыңдар. Линкольн қаза тапқаннан кейін Э.Джонсон, ал Кеннеди қайтыс болғаннан кейін Л.Джонсон АҚШ Президенттігіне сайланды. Екі Джонсонның туған жылдарының арасы да - дәл жүз жыл екен.

Шешендік сөздердегі сандардың мағынасы
Бұқар жыраудың қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты Қазыбек би келеді. Төсекте жатқан Бұқар жырау:
- Бірден онға дейінгі санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады. Қазыбек, сен айтып берші! – деген. Сонда Қазыбектің берген жаубы:
- Бір дегеніңіз – бірлігі кеткен ел жаман.
- Екі дегеніңіз – егесіп өткен ер жаман.
- Үш дегеніңіз – үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.
- Төрт дегеніңіз – төрде төсек тартып жатқан жаман.
- Бес дегеніңіз – білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман.
- Алты дегеніңіз – аймағын билей алмаған кісі жаман.
- Жеті дегеніңіз – жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.
- Сегіз дегеніңіз – серкесіз бастаған қой жаман.
- Тоғыз дегеніңіз – толғанғаныңыз.
- Он дегеніңіз - өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз.


Қасиетті және киелі сандар
Қазақ халқы сандардан мазмұны терең мән, өмірі мен тұрмысына тірек, жанына жалау еткен халық.
Қазақ халқында жеті, тоғыз, он екі, қырық сандары қасиетті, киелі сандар деп есептелген. Оның себебі орта ғасыр алхимиктері мен астрологтарының жеті күнге, жеті жұлдыз атын беруі, жеті металдың (алтын,күміс,темір, сынап,қалайы,мыс,қорғасын) пайда болған күні деп, жексенбі,сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі күндеріне ат беруі. Бұл күндердің ішінде әр күнге арнайы ырымдар жасауы (мысалы, жолға сәрсенбі – сәтті күні шығуы, немесе тойды сәрсенбі күні жасауы, жұма ауыр күн деп есептеп жолға шықпай, құдайы садақа беріп, мешітке намазға баруы). Өлген адамды жұма күні жерлемеу, өлген адамдардың жетісін беріп, жеті шелпек пісіріп еске түсіру, баланың ер жетуін жеті жаспен мөлшерлеп, «жетіге келгенше жерден таяқ жерсің», «жеті қабат жер асты» деуі, т.б. Сондай-ақ ерте кезде арабтар тоғыз санын да қасиетті деп санаған. Өлген адам үшін, тоғызын беріп еске түсірген. Сол арабтар арқылы ислам дінінің қазақ даласына енуіне байланысты тоғыз санының ерекше құрмет тұтуы да байқалады. «Тоғыз ай, тоғыз күн бала көтеру», «тоғыз әйелдің толғағы бір күнде кепті», «тоғыз жылдың торабы», «тоғыз қабат қорқа кию», т.б.


Байырғы қазақ күнтізбесі бойынша (оның негізі ертедегі араб күнтізбесінде жатыр) он екі айға арнайы жәндіктер мен хайуанаттар ат беру (тышқан,сиыр,барыс,қоян,ұлу,жылан,жылқы,қой,мешін,тауық,ит,доңыз), оларды он екі қазына деп атауы, он екі жылды адамның бір мүшелі-қатерлі жыл деп арнайы атап өту, «он екі мүшең сау болсын», «он екіде бір нұсқасы жоқ», «он екі баулы өзбек, тоғыз баулы түрікмен» немесе лиро-эпос жырларында кездесетін,
«Орай да орай оқ атқан,
Он екі тұтам жай тартқан!»
(«Қобыланды батыр»)
«Он екі айдың жартысы жаз болады,
Жаз белгісі үйрек пен қаз болады.»
(«Қозы Көрпеш - Баян сұлу»)
«Үлкендігі басының,
Он екі қарыс қазандай,» -
(«Қамбар батыр»)
деген сөз тіркестері он екі санын ерекше қасиет тұтудың белгісі.
Сондай-ақ «Қырық күн шілдеде май тоңғысыз жаз болды» деген ой-пікір баланың қырқынан шығуы мен мойын,аяқ-қол буындарының бекіген кезіне, көз тоқтатып алыс-жақынды ажырата бастауына дәл
келеді.
Міне, адам өмірінің осы кезеңін ерекше атап өту, туған баланың қырқынан шығуы тойын жасау немесе өлген адамның қырқын беріп, еске түсіру-ертеден халық арасында кең сақталып келе жатқан дәстүрлер.
Қазақтың ежелгі әдетінде қыз туғанда «қырық жеті» ұл туғанда «ат ұстар» деп сүйінші сұрайтыны немесе «Қалың малға қырық жетіні матап берді» - дейтіндері бар. Бұл сөз өткен ғасырларда жиі айтылып, өмірде жиі жасалатын, қалыптасқан ғұрып болатын. Әрине, қырық жеті деген сонша мал екені әркімге белгілі. Ал ол неге қырық сегіз немесе елу емес? Қырық жетіге неге тоқтаған? Демек, бұл жай ғана қырық жеті емес, өзіндік мән-мағынасы, сыры бар қырық жеті.
Қазақ қырық пен жеті сандарын ежелден қасиетті киесі бар сан деп қараған. Мысалы, қырықтың бірі – Қыдыр, қызға қырық үйден тыйым, қырық күн шілде, жеті қазына, жігітке жеті өнер де аз.

Өмірде санға байланысты мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылытпаштар кездестіруге болады.
Мақал-мәтелдер
1) Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
2) Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
3) Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.
4) Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
5) Ер жігіттің екі сөйлегені -өлгені.

Жұмбақтар
1) Таңертең төрт аяқты.
    Түсте екі аяқты.
    Кешке үш аяқты. (адамның сәбилік, жастық, кәрілік шағы)

2) Бір көлде он екіден қаз ойнайды.
Алсам деп бірін-бірі наз ойнайды.
Келгенде жақындасып, қожаңдасып
Бір-бірін алмасына еш қоймайды. (дойбы)

3) Бес ін, бес інінің ауызы бір ін (қолғап)

Жаңылытпаштар
1) Үш кіші ішік піштім,
Бес үлкен ішік піштім.
Неше кіші ішік піштім?

2) Оралдан оралған олардан
Омаржан оң көріп,
Он бөрік, тон беріп, тор алған.

3) Арқада алты арқар бар.
Қырқада қырық арқар бар.
Қырық арқарда қарт арқар бар,
Алты арқарда марқа арқар бар.


Ежелгі өлшем бірліктері
Қазақ халқының ежелгі өлшем бірліктерін еске түсірейік.
Халық өлшемдері – ұлт мәдениеті мен этнографияның қызықты салаларының бірі. «Халық айтса - қалып айтпайды» дегендей, халық өлшемі – анық өлшем десек, қателеспейміз. Өйткені оны ата-бабаларымыз бірнеше ғасырлар бойы қолданып, сол арқылы өлшем негіздерін жасаған.
Халық өлшемдерінің негізгі түрлері мыналар;

Салмақ өлшемдері: Мысқыл (0,4 гр), қадақ (750 гр), келі (1 кг), пұт (16 кг)
Көлем өлшемдері: Бір шымшым, бір шөкім, бір уыс, қос қуыс, бір тілім, бір түйір, бір құшақ,
Ұзындық өлшемдері: Бір елі (1-5 см), сынық сүйем (14-15см), сүйем (17-18 см), кез (50 см), аршын (75 см), құлаш (1,8-2 м)
Қашықтық өлшемдері: Адым (1м), таяқ тастам (10-15 м), әй дейтін жер (100м), дауыс жететін жер (250-300м), шақырым (1км)
Мерзім өлшемдері: Бір сәт, қас-қағым, ә дегенше(1 сек), сүт пісірім (5-10 мин), бие сауым (1,5 сағ), ет пісірім (2-3 сағат), тәулік (24сағат), апта (7 күн), ай (30-31 күн)


Қорытындылау.

Жобамның негізіне зерттеу обьектісі етіп, сандардың жай қарапайым мағына білдіре тұрып, күрделі философиялық ой- талғамдардың шешуші түйіні бола алатындығын дәлелдеу.
Сандар арқылы адамның ой-санасының қалыптаса бастаған кезеңін, өмірге, қоршаған ортаға, өзіне деген көзқарасын байқаймыз.
Сандар арқылы адамның қабілеті, ой- өрісі көрінеді.
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде және салт–дәстүрінде, дүниетанымындағы сандарға байланысты ұғым–түсініктерін жан-жақты зерделеп, зерттедім.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...