Өлең, жыр, ақындар

Операциялық жүйелер туралы мәлімет

Сонымен, компьютердегі операциялық жүйе дегеніміз не? ОЖ – бұл компьютерде жұмыс істеп тұрған ең маңызды бадарламалық жасақтама. Ол жадыны, процесстерді, барлық бағдарламалық және аппараттық жасақтамаларды басқарады. Яғни ОЖ – адам мен компьютер арасындағы көпір деуге болады. Өйткені операциялық жүйесіз компьютердің еш мәні жоқ. 

Операциялық жүйенің жұмысы
«Компьютер жүктеліп жатыр», «Операциялық жүйе жүктеліп жатыр» деген сияқты сөздерді естіген боларсыздар? Компьютерді қосу тетігін басқаннан кейінгі процесс осылай түсіндіріледі. Бір немесе екі минут алатын бұл процесс жүріп жатқанда компьютер бірнеше маңызды функцияларды атқарып жатады: 
- Барлық бағдарламалар дұрыс істеп тұрған-тұрмағанын тексеріп шығады; 
- Жаңа жабдықтың пайда болған-болмағанын тексереді; 
- Операциялық жүйе іске қосылады. 

Операциялық жүйе жүктелуде

Операциялық жүйе іске қосылғаннан кейін, ол компьютердің барлық бағдарламалық және аппараттық жасақтамаларын басқарады.

ОЖ windows

 

Операциялық жүйелердің түрлері
Операциялық жүйелер әдетте сіз сатып алып жатқан компьютерге алдын-ала орнатылып қояды. Көптеген адам компьютерді орнатылып қойылған операциялық жүйемен бірге сатып ала салады, бірақ егер қаласа басқасын қоя алады. 
Компьютерге арналған үш ең танымал операциялық жүйе бар: Microsoft Windows, Apple Mac Os X және Linux.

танымал операциялық жүйелер

Заманауи операциялық жүйелер Қолданушының Графикалық Интерфейсін (ҚГФ, ағыл. GUI — Grafical user interface) пайдаланады. GUI қолданушыға графикалық сурет түрінде дисплейде көрсетілген экрандағы батырмаларды (иконка, батырмалар, белгілер, меню) тышқан, пернетақта мен джойстик арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Яғни компьютерде тышқан, пернетақта және т.б. арқылы оңай жұмыс істеуге болады.

Әр операциялық жүйенің GUI-інің сырт бейнесі әртүрлі, сондықтан егер сіз басқа операциялық жүйеге көшетін болсаңыз, онда жаңа таныс емес операциялық жүйеге біраз уақыт үйрену қажет болады. Дегенмен олардың әрқайсы пайдалануға барынша ыңғайлы етіп жасақталған.

GUI

GUI  графикалық интерфейсі болмай тұрған кезде, компьютерлер командалық жол интерфейсіне ие болатын. Бұл дегеніміз, қолданушы экранға бір мәтін шығару үшін компьютерге команда жазып отыратын болған.

Microsoft Windows
Microsoft компаниясы Windows операциялық жүйесін 1980-жылдарың ортасында жасап шығарды. Содан бері Windows-тің көптеген нұсқалары шықты, бірақ олардың ішінде ең танымалы – Windows 10 (2015 жылы шығарылған), Windows 8 (2012), Windows 7 (2009), Windows Vista (2007), мен Windows XP (2001). Windows көптеген жаңа компьютерлерге алдын-ала орнатылып қойылады және де әлемдегі ең көп таралған операциялық жүйе болып саналады. 
Егер сіз Windows операциялық жүйеңізді соңғы нұсқасына жаңартқыңыз келсе, онда Windows-тың соңғы шыққан Home Premium, Professional және Ultimate сияқтыларының бірін таңдай аласыз. Бірақ орнатпас бұрын қайсы сізге оңтайлы болатынын зерттеп алыңыз.

уиндоус 7

Оқуға кеңес береміз: Windows 10 қолданушылар жайлы мәліметтерді қалай жинайды?

 

Apple Mac OS X
Mac OS Apple компаниясы жасап шығарған операциялық жүйелер тізбегінен тұрады. Ол Macintosh немесе Mac жаңа компьютерлеріне алдын ала орнатылған болады. Бұл операциялық жүйенің соңғы нұсқалары OS X деп танымал. Нақтылап айтқанда Yosetime (2014 жылы шығарылған), Mavericks (2013), Mountine Lion (2012), Lion (2011), және Show Leopard (2009). Сонымен қатар Mac OS X Server деген де бар, ол серверлермен жұмыс істеуге арналған. 
StatCounter Global Stats мәліметіне сүйенсек, 2014 жылдың қыркүйек айының дерегі бойынша Mac OS X қолданушылары операциялық жүйелер нарығының 9,5%-ын құрайды. Бұл Windows қолданушыларының пайызынан әлдеқайда төмен (90%-ға дейін). Бұның бір себебі Apple компьютерлерінің тым қымбаттылығында.

MacOs

 

Linux
Linux — бастапқы коды ашық операциялық жүйелер жиыны. Бұл дегеніміз, олар модификациялана (өзгере) алады және кез келген адам оны әлем бойынша тарата алады дегенді білдіреді. Бұл оны Windows сияқты басқа ОЖ-ден қатты ерекшелейді. Өйткені Windows-ті құрастырушысы ғана (Microsoft) өзгерте және тарата алады. Линукстың артықшылығы, оның тегін екенінде және оның таңдауға мүмкіндік болатын бірнеше нұсқасы болады. Әр нұсқаның сырт бейнесі өзгеше болады, және олардың ең танымалы Ubuntu, Mint пен Fedora.
Linux 1991 жылы Linux-тің негізін қалаған Линус Торвальдстің құрметіне аталған. 
StatCounter Global Stats жалпы статистикалар мәліметінше, 2014 жылдың қыркүйек айының дерегі бойынша, Linux қолданушылары операциялық жүйелер нарығының 2%-ын құрайды. Алайда, баптауларының жеңілдігі мен икемділігінің арқасында көптеген серверлер Linux-та жұмыс істейді.

Линукс

 

Мобильді құрылғыларға арналған операциялық жүйелер
Жоғарыда айтып өткен барлық операциялық жүйелер үстел үстілік және ноутбук сияқты портативті компьютерлерге арналған. Телефон, смартфон, планшеттік компьютерлер мен МР3-плеерлер сияқты мобильді құрылғыларға арналып жасалған операциялық жүйелер бар, мысалы, Apple, IOS, Windows Phone және Google Android. Суреттен IPad-та жұмыс істейтін Apple, IOS-ты көре аласыз.
Әрине, функционалдылығы жағынан олар компьютерлік операциялық жүйелерден әлдеқайда төмен, бірақ олар көптеген негізгі тапсырмаларды орындай алады. Мысалы, фильмдер қарау, интернетте веб-парақшаларды ашу, қосымшаларды, ойындарды іске қосу және т.б.

Apple IOS


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (21)

Оралбек

Барлығы түсінікті, суреттерімен түсінуге оңай! Пайдалы материал екен!

Наргиза студент

thank you

Шырайлым

Барлық сұрақтарымның жауабын алдым алғыс білдіремін сіздерге

Тогжан

Рахмет сыздерге мен ыздегенымды таптым

динара

рахмет сиздерге коп коп

Ерқанат

рахмет

Эля

керемет

Жадыра

Рахмет сіздерге ..

Алия

Өте жақсы жазылған. Өзіме қажет мағлұматтардың барлығын алдым. Алғысым шексіз!!!

студент

Рахмет)

Жайна

Маған іздеген мəлімет дəл қазір жоқ

Жайна

Жақсы барлығын білдім

Жайна

Рахмет

Жайна

Яяя рахмет көп мəлімет алдым.Өте жақсы екен.Керек мәліметтерді іздеп тұрам.

Бердібек

графикалық зерттеу

Нижник Любовь

мен оз издегенимди таптым рахмет коп коп

Гулзат

Рақмет барлығы үшін))

Жібек

Түсінікті тілмен анық жазылыпты,рахмееет.

Саят

Өте жақсы рахмет сіздерге

Наргиз

Рахмет сізге барлық сұрақтарымның жауабын білдім

Асыл

Рахмет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер