Әртүрлі мемлекеттерде әлем картасының көрінісі

Балалық шақтан бері көріп жүрген әлем картасы әлемге деген көзқарасымызды қалыптастырады. Әртүрлі мемлекеттерде - Ресей, Еуропа, АҚШ, Қытай, Австралия, Чили, Оңтүстік Африка  әлем карталарының көрінісі әртүрлі.  Карталардың әртүрлі болуы картаны құрайтын автордың қандай шарттарға жүгінетіндігіне байланысты. Яғни: 1) Шығыс пен Батысқа қатысты картаны орталықтандыру, 2) Солтүстік пен Оңтүстікке қатысты картаны орталықтандыру, 3) кескіннің қандай әдісін таңдайтындығына қарай.

 

Қазақстан мен Ресей үшін әлем картасы

Әлемнің тік осі (Батыс пен Шығысты орталықтандыру) Мәскеу арқылы өтеді.  Екі Америка мен Австралия  әлемнің  шеткі жағына орналасқан. Тынық мұхит ажырамас кеңістік ретінде қабылданбайды.

 

Еуропа үшін әлем картасы

Әлемнің тік осі Лондон арқылы өтеді. Ресейлік картадағы сияқты екі Америка мен Австралия  әлемнің  шеткі жағына орналасқан, ал Тынық мұхит ажырамас кеңістік ретінде қабылданбайды. Сонымен қатар, экватор (Солтүстік пен Оңтүстікті орталықтандыру) картаның төменгі бөлігіне жылжытылған, соның салдарынан Африка, Оңтүстік Америка мен Австралия; Солтүстік Америка және  Еуропамен салыстырғанда шын мәніне қарағанда кішірек болып көрінеді.

 

АҚШ үшін әлем картасы

Әлемнің тік осі АҚШ арқылы өтеді. Америка батыстан Тынық мұхиты, ал шығыстан Атлант мұхитымен қоршалған «арал» сияқты. Еуропаның картасындағы сияқты , экватор картаның төменгі бөлігіне жылжытылған, соның салдарынан Солтүстік Америка мен Еуропа шын мәніне қарағанда Африка, Оңтүстік Америка мен Австралиядан әлдеқайда үлкенірек болып көрінеді.  Американдықтар үшін Ресей, Үндістан және Қытай картаның батыс және шығыс бөлігінде де орналасқан.  

 

Қытай үшін әлем картасы

Қытай өз картасында Тынық мұхитының батыс жағалауында орналасқан.  Африка мен Еуропа құрлықардың ішінде Тынық мұхитына шықпайтындықтан әлемнің шеткі жақтарында орналасқан.   

 

Австралия үшін әлем картасы

Жоғарыда орналасқанға төменде орналасқан тәуелді болады деген стереотип бар. Австралиялықтар әлемнің тік осін өздерінің құрлықтарынан өткізіп қана қоймай, картаны 180 градусқа бұрып өздерін құрлықтардың үстіне шығарған. АҚШ сияқты олар Тынық, Үнді және Оңтүстік мұхиттардың арасында орналасқан арал сияқты көрінеді.  Басқа барлық карталарда ең төменде орналасқан Антарктида да үлкен рөл ойнап тұр.

 

Оңтүстік Африка үшін әлем картасы

Австралия сияқты Оңтүстік Африка картаның астында емес, үстінде орналасқан. Басқа барлық мемлекеттерден үстем сияқты болып көрінеді. Оңтүстік Африка  Үнді мен Атлант мұхиты арасында түбек сияқты. Тынық мұхит  аймағы мен Ресей әлемнің шеттеріне кеткен.

 

Чили үшін әлем картасы

Әлемнің бұл картасы мектеп оқулықтарына  ендіру мақсатында Әскери географиялық институтының тапсырысы бойынша әзірленген. Австралия картасы сияқты бұл карта да төңкерілген, соның арқасында Чили әлемде үстем болып тұрған секілді. Картаның ортасында Тынық мұхиты орналасқан. Бұл қазіргі Чилидің саясатын көрсетіп тұр. Чили Тынық мұхиты аймағында бизнес орталық болғысы келеді. Африка мен Еуропа әлемнің шетінен орын алған.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)