Эссе және өлең-жыр байқауы

Алтын жолбарыстар

Алтын жолбарыс - (Panthera tigris) өкілдеріне жататын, сирек кездесетін «алтын» түстес жолбарыстар. Алтын түстес болуының себебі гендік рецессивтілігіне байланысты.

Алтын жолбарыс – жолбарыстар арасында сирек кездесетін альбиностар өкілі. Ақ жолбарыстардағы сияқты олардың түсі рецессивті геннен туындап отыр. Бұл түрдің өкілдері басқа жолбарыстарға қарағанда ірілеу болып келеді. Олар сондай-ақ қара жолақтарының мүлдем болмауымен және жұмсақ жүндерімен ерекшеленеді. Кейбіреулеріннің құйрық ұшынан ғана қара жолақты байқауға болады.

Қазіргі таңда алтын жолбарысты тек зоопарктерден ғана көре аласыздар. Соңғы санақ нәтижесі бойынша, әлемде 30-ақ алтын жолбарыс қалған. Қазіргі таңда оларды будандастырып, табиғи ерекшелігін сақтап қалу мақсатында ұрпақ көбейту жұмыстарын жалғастырып жатыр.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...