Қара сөздер (18-қара сөз)

Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек - дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ - кербездің ісі.

Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі бет-пішінін, мұртын, мүшесін, жүрісін, қас-қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ. Біреуі атын, киімін «айран ішерім» деп, солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатардағының ішін күйдіріп, өзінен кейіншілерге «әттең, дүние-ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?!» - дейтұғын болмаққа ойланбақ.

Мұның бәрі - масқаралық, ақымақтық. Мұны адам бір ойламасын, егерде бір ойласа, қайта адам болмағы - қиын іс. Кербез дегенді осындай кер, кердең немеден безіңдер деген сөзге ұқсатамын. Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық.





Пікірлер (23)

Арсен

Күшті

Азат

Өте керемет

Рика

Адам баласы осылай киінү керек

Balziya

Яя дұрыс мағыналы да мәнді создер сол создерды дұрыс тусынсе болганы кей жандар

зере

күшті адам баласының бәрі осыны оқыса

Іңжу

Мəнді əрі мағыңалы сөздер

Айман

Әсерлі

жібек

Өте керемет маған ұнады өте мағыналы менде адамдар дұрыс киініп жүруді алладан сұрар едім

Айсулу

Өте керемет.Осыны бар Адам түсінсін

Мариям

Өте керемет!!Айтарға сөз таппай отырмын!!!

Ақмаржан

жақсы қара сөздер маған сол сөдер керек болы өте жақсы сөздер

Ақмаржан

жақсы ұнады

мәдинә

иә,өте дұрыс! қалған жандар дұрыс түсінсе болды

Zhansaya

Өте жақсы!Керемет!

шұғыла

ұлтымыздың қазақ ұлдары мен кыздары осындай болса гой

мади

Əр адам осы сөздерді құрметтетсің

Ботакөз

Өте дұрыс ,мағыналы сөз

Рахмет Маган оте унады .

+

Бибигул

Керемет

парасат

керемет

Тұрар

Өте керемет менің ұнататын қара сөзім Абай атамыз тірі болғанда тағы қара сөздер ләкин
шығармалар шығуы һәм...

Камар

Шынымен де бари дурыс осыны бари окыса керемет болар еди

Мерей

Адам өз мінезін киім киісін дұрыстау кереу

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)