http://a-brands.kz/

Қазақша-ағылшынша онлайн сөздік

Қазір онлайн сөздіктердің ішінде қазақша-ағылшынша сөздік lugat.kz сайты бар. Сайтты жасаушы, идея авторы Ұлыбританияда оқитын қазақстандық жігіт Айбек Өжкенов. «Лұғат» сөзі орта ғасырлық түркі тілінше «сөздік» дегенді білдіреді.

Лұғат жайлы

Лұғат – қазақ тілінің сөздіктер кешені. Лұғат - тегін сөздік сервисін ұсыну мақсатында жұмыс жасап жатқан бейкоммерциялық бағыттағы қоғамдық игілік.

Лұғаттың тарихы 2012 жылы сәуір айында бастау алды. Бас кезіндегі идея тек қазақша-ағылшынша сөздікпен ғана шектелген болатын. Сол жылдың күзінде Лұғатқа қазақ тілінің түсіндірме сөздігі қосылды. Іле шала 2013 жылдың басында орфографиялық, аймақтық және синонимдер сөздігі қатарға қосылды. Бұл сөздіктердің бірінен соң бірінің қосылуы сұранысқа сай жүзеге асты. 2013 жылдың соңында қазақша-орысша сөздікті қосылды. Сонымен 2014 жылдың басында Лұғатта кешен ретінде жалпы сөздік қоры 350 000 сөзді құрайтын 8 сөздік болды.

2014 жылдың жазында Лұғат жаңа бағыт алды, ендігі кезек краудсорсингтік платформада еді. Бұл дегеніміз Лұғатты «халықтық сөздік» деп жариялау еді. Кез келген қолданушы әлеуметтік желі арқылы тіркеліп өзі қалаған сөздікке сөз қоса алады немесе сол сөздікке модераторлық ету құқығына ие болады деген сөз. Бұл қадам Лұғатқа ерекше серпіліс әкелуде. Себебі, біріншіден Лұғатқа жаңадан, арапша және түрікше, екі сөздік қосылуда. Яғни бұл сөздіктерді халық өзі толтыруда, әр сөздіктің өз модераторы бар және контентке өздері жауап береді. Екіншіден, Лұғаттың жалпы сөздік қоры 534 000 сөзге бірақ жетті.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (25)

алина

кішкентай дегенді агылшынша калай атайды

Марат

кішкентай
1) little
2) puny
3) small
4) puny
5) small
6) small
7) short
8) taste
9) short
10) taste
кішкентай бала
1) sprat
2) child
3) sprat
кішкентай бүркіт, бүркіттің баласы
1) eaglet
кішкентай бөлшек
1) speck
2) speck
кішкентай диван
1) settee
2) settee
кішкентай емен
1) oakling
кішкентай жазу үстелі
1) davenport

нуршат

Жекеменшік агылшын мектептернде уллар мен кыздар бирге окымайды дегенин казакшасы кандай

Аружан

Жеке меншик мектептер агылшыншасы

Аружан

Жеке меншiк мектептер

Айда

аты-жоним болады

Бекнұр

жеке меншік
1) belongіngs
мектеп
1) school

lugat.kz сайтына өтіп қараңыздар

Жулдыз

Тарбие сагат созын агылшыншасы керек

нұрсұлу

Маған. Ағылшынша. Музыка. Қажет

Аружан

көп сөздер табылмайды

Балнур

Ананы агылшынша калай атайды?

Асел

5 жолды өлең керек еді ағылшын тілінде

Куттыбек

Агылшынша казакша аудармаларды каидан табуга болады

Ақдана

Лондон қай мемлекеттің астанасы ағылшынша

Аруна

All сөзінің қазақшасы

Индира

All - барлық; бәрі; барлығы; бүкіл; бүтіндей; бірқатар; бірсыпыра;

Saltanat

Кышкентай деген калай аталады

аяулым

Бұл оте керемет топ

Алайдар

Музыка music

Аяулым

fhe twenty-ninth of February... мына сөздерді қалай қазақшаға аударылады

Аааааа

exam казакша кандай соз

Динара

exam=емтихан

Мария

Байланысты сөзі ағылшынша қалай болады.

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)