Өлең, жыр, ақындар

Ақпараттық технологиялар арқылы инновациялық әдістерді қолдану бойынша сабақты өту әдісі

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Барлық сала компьютерлендіріле бастады. Сонымен бірге еліміздің ертеңі болар жас ұрпақ компьютерді терең меңгеруі тиіс. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің бір бөлігі.

Соңғы жылдары заман ағымына сай білім беру жүйесі электрондық байланыс, онлайн сабақтар арқылы іске асырылуда. Күнделікті сабақта компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта, интернет қолдану жақсы нәтиже беруде.

Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл ұжымдық, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу үрдісіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту үрдісін ұйымдастыру болып табылады...

Әрбір оқушының өздігінен білім алуының меншікті траекториясын қамтамасыз ететін білім берудің ашық жүйесін құрайды, ақпаратпен жұмыс істей алу білімділігін қалыптастырады және қатынас жасау қабілетін дамытады, таным процесін ұйымдастыруды оны жүйелі ойлау жағына жылжыту жолымен түбегейлі өзгертеді. Оқу процесінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін қолайлы ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады, жаңа таным құралдарын пайдалануға  және  ұйымдастыруға  жағдай  жасайды, білім беруді ақпараттық-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етеді.

Әр оқытушы сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, электрондық оқулық пен интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.
Интерактивті тақта - топтағы оқушылардың барлығын оқыту үшін жақсы құрал. Жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін көзге көрінетін құнды құрал. Оның ақпаратты түрлі мультимедиялық ресурстар көмегі арқылы танысуға мүмкіндігі зор. Ол сызбаларды түсіндіруді жеңілдетіп, қиын мәселерді шешуге көмектесе алады. Оқытушылар өздерінің жаңа ойларын, идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсету үшін осы тақтаны қолданса мақсаттарына жетеді. Бұл тақтада оқытушылармен жаңа материалды бірігіп талдауға мүмкіндігі зор.

Интерактивті тақта топтағы барлық оқушылардың  басты назарына айналады . ал егер де керекті материалдың барлығы алдын ала дайындалып, түсінуге оңай болса, сабақтың жақсы қарқынды өтуін қамтамасыз етеді.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен  байланысты  әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп,

Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру  жолында интерактивті технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру  мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім беру үрдісіне шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді.

Сондай-ақ ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді.

Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет.

Сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп, сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет.

Қорытынды: Қорыта айтқанда, жоғары  сыныпта жаңа ақпараттық технологияларды, инновациялық әдіс – тәсілдерді пайдалану - білім сапасын арттырудың бірден – бір жолы. Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар.

Оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын,қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз