Өлең, жыр, ақындар

Туған ел, отан туралы өлеңдер

Туған ел, отан туралы өлеңдер

Отан туралы

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...

Мұқағали Мақатаев

 

Туған еліме

Үміт қып менен қарайсың,
Көңіліңе медеу санайсың.
Балалыққа жарасам,
Аталыққа жарайсың.
Қайтейін, елім, қимаймын,
Қия алмай жанды қинаймын.
Қимай қалсам, ішіңде
Тағы тыншып сыймаймын.
Алты қырдан ассам да,
Сөздеріңді сыйлаймын,
Тек қалауым сіздерден:
«Серіктікті» милаймын.
Сіздерге әкеп шашуға,
Ілім, білім жинаймын.
Келді хатың мен шаршап
Отырғанда дамығып,
Хабарыңа бек аңсап
Сүзіліп көңілім талығып.
Сөзіңнен көріп өзіңді,
Құшақтай алдым қамығып.
Кім сүртті сонда көзімді,
Қамықпайын не ғылып?
Сөйлесіп гүлдей жайнады,
Булыққан көңілім тарығып.
Қапалы лебізің айдады,
Гүл самалға малынып.
Хатың болып бір айна,
Қарай қалдым аңырап.
Баяғы Махмұт жоқ, қайда?
Өзімді қаппын жаңылып.
Сарғайған түсі өзгерген,
Шаң басып, кеуіп қақырық.
«Кімсің?» - дейді кез келген,
Достына жалғыз танылып.
Айнадан көріп бұл түсті,
Кете жаздым жарылып.
Қуат бітті бір күшті
Жеңілерлік тағдыр жаңылып.
Мысал етіп бұл жөнге,
Көрсетейін мынаны:
Қуаты күш вулкандар
Сөнгендей біраз тұрады.
Өлусіреп, әлсіреп,
Түтіні кейде шығады,
Булыққан сайын қуатты
Бойына жиып нығады.
Ал, қуатпен атылды,
Кім қарсылық қылады?
Бетін жапқан тау - тастар,
Быт-шыт болып сынады.

Сұлтанмахмұт Торайғыров

 

Менің елім

Көкірегімнің үміті мен тілегі
Күй боп түлеп, күн боп шығып күледі.
Күн астында көк төбелер түледі —
Менің елім, менің елім — гүл елі!

Айтпағым бір ағыл-тегіл сыр еді —
Шежіреңе ол өлең болып кіреді.
Мендегі өнер сен деп өмір сүреді
Менің елім, менің елім — жыр елі!

Қанат қомдап таң атқанда шығыстан
Торғайым бар қыраныңмен бір ұшқан.
Жүрегім бар жүрегіңмен ұғысқан,
Менің елім, менің елім — гүлстан!

* * *

Салқындап саясында самал-көлдің,
бұла өскен баяғыдан балаң менмін.
Сіміре саумалыңды, бұл жолы да,
Сабылып, сағымды өлке, саған келдім.

Тағы да топырағыңда жаңарды ізім,
Сен десем бал-бұл жайнап жанар жүзім.
Бір пейіл,
бір ықылас — қолда бары,
әкелген базарлығым — сол болады.
...Тікенге балтырымды талатып ем,

ал қазір дала барқыт, дала — кілем.
Кетіп ем сол даладан шыбық мініп,
Оралдым бір талаптың қанатымен.
Сырым бар тереңімде көрінбеген,
жырым бар шебер қолмен өрілмеген.
Әйтеуір біреуімін көп балаңның
өзінді елім деген, жерім деген!

Жұмекен Нәжімеденов

 

Қазақ жерлері

Мың жеті жүз отыз бір сәнасында,
Біз кірдік Руссияның фанасына.
һүнерсіз бостығымыз көрінген соң,
Қызықбас кім қазақтың баласына?
Жылында мың сегіз жүз алпыс сегіз
Қазналық, деді, жердің һәммәсін да.
Таралып жылдан жылға жер-суымыз
Мұжықтың кетті бәрі қаласына.
Қадірдан халық билеген ақсақалдар,
Бұл іске фәһім назар саласың ба?
Темірді қызуында соқпай қалып,
Нәсіліңнің көз жасына қаласың ба?
Кір жуып, кіндік кескен хайран жерлер,
Мұжыққа, хош аман бол, барасың да.
Қасиетті бабамыздың зияраты,
Қалдың ғой көшесінің арасында.
Моншаға зияраттың тасын алып,
Ағашын отқа мұжық жағасың да:
Таба алмай бір барғанда еш белгісін,
Көзден жас көлдей болып ағасың да.
Шалқар көл, аққан бұлақ, жайлы қоныс
Орман-тоғай кетті ғой ағашың да.
Ойласам мұның бәрін хиялы боп,
Хафадан ішім оттай жанасың да.
Әуелде жерімізбен кіріп едік,
Тұрмақта ғаділдіктің саясында.
Айрылсаң қалған жерден осы күнгі
Топыраққа малды қазақ бағасың да.
Адасты ғақылынан қара халық
Білгіштер өзің хайлә табасың да.
Қазағым, жерің қайда ата мекен,
Қазақ қазақ болғалы мекен еткен.
Хазірде бәріңізді қуып шығып,
Орныңа қала салып хахол жеткен.
Шығарған жер өлшеуге землемерлері
Қала үшін кеткен бізден жақсы жерлер.

***
Тәтті су, тұщы судың бәрі сонда,
Табатын бұған хайлә қайда ерлер?
Зеңгір тау, аққан бұлақ шалқар көлдер,
Кетті ғой бетегелі биік белдер.
Қысқарып жер кеткен соң өрісіміз,
Қалды ғой жатақ болып хайран елдер.
Ащы су бізге қалды шөл далалар
Жақсы жер қалдырмады егін салар.
Қалайша тау мен тасқа баға алады
Қоралы қой, қосты жылқы байларда бар.
Мінікей келді мұжық көшкен бұлттай
Қазақтың қояр емес жерін құртпай.
Келді де егін салып байып кетті,
Жалқау ма бұлар тәңірі-ай біздің жұрттай.
Көрдің ғой бұл уақытта тарылғанын,
Алынбас илтифатқа жалынғаның.
Он бестен кісі басы десятина
Жер берсе сонда қазақ нешік хәлің?

Міржақып Дулатұлы

 

Туған елім

Менде сөйлер сөз болса –
Өзің берген сөзің ғой!
Менде көрер көз болса –
Өзің берген көзің ғой!

Шаттық құшқан шеруде,
Күйді өтерген өзің ғой!
Қиындықты жеңуге
Үйреткен де өзің ғой!

Толқығанда сезім –ой,
Әппақ арым, тілегім.
Туған елім өзің ғой –
Арқа сүйер тірегім!

Туған елім, өзіңнің,
Жазираңды кездірдің.
Жайма –шуақ кезімнің,
Рахатын сездірдің!

Туған елім – гүл елім,
Қасиетіңді білемін.
Өзіңе деп жүремін –
Лүпілдеген жүрегім!

Бәкір Тәжібаев

 

Жан дала – жәннат дала

Өзіңсің , Қазақстан, ән, арманым да,
Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.
Бір нәрсе жетпейді деу қате болар
Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.
Гүл дала – Қазақстаным.

Сен үшін бар сөздіктен сөз таңдайын көп,
Сен барда басылмайды жез таңдайымда от.
Мен сенен кете алмаспын, амалсыздан
Бір кетсем, оралармын бозторғайың боп.
Ән дала – Қазақстаным.

Сен барда ғажап шебер, ғажап ұстамын,
Түсінем өзендердің саз ағыстарын.
Қалай ақын болмайын, мен түгілі
Ұшады көгіңе жыр жаза құстарың.
Қырандар қанатында даңқы кеткен,
Дән дала – Қазақстаным.

Сен менің шұғылаға толған даламсың,
Жасампазым, сан асу жолдарды аларсың.
Бабамның көздерінің қарашығы ең,
Баламның бақытына да қорған боларсың.
Жан дала – Қазақстаным.

Керемет өріледі гүл өңірде өлең,
Кезің қандай өрік пен шие гүлдеген.
Жүрегіме сыйғызып бар бейнеңді,
Қалсам деп ем өзіңнің жүрегіңде мен.
Кең дала – Қазақстаным.

Керегі жоқ даңқ дейтін маған сөренің,
Жетер біраз есіңде қала алса өлеңім.
Халқым маған сенеді әлсіз демей,
Үйткені мен, туған жер, саған сенемін.
Жасай бер , Қазақстаным.

Күләш Ахметова

 

Қажетті сілтемелерге де назар аударып көріңіздер:

Отан туралы басқа да өлеңдер

Сайттағы барлық өлеңдер

Тіл туралы мақал - мәтелдер

Сайттағы барлық мақал - мәтелдер

Ұлағатты сөздер

Өнер-білім, тіл туралы қанатты сөздер

Отбасы туралы мақал - мәтелдер

Сайттағы барлық авторлар

Туған күнге арналған тілектер


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (102)

Айсулу

Маган ұнайды

Аидана

Оте керемет

Əбілда Гүлнара

Өте керемет! Нағыз патриоттық сезімді оятады. Маған қатты ұнады.

Сəуле

Өте тамаша Гүлнар келісемін

Ырыс

Оте дурыс жазылган

Дильназ

хахол деген не?

Айым

Хахол деп украиындықтарды кейде белорустарды атайды.

ақнұр

Маған өте қатты ұнады тамаша өлеңдер екен

Нурдаулет

Неткен тамаша керемет

Дамир

не деген керемет тамаша

Дамир

тамаша екен

Аида

Жақсы өте тамаша

Сүндетулла

Маған ұнады,өте

Таңшолпан

Осы немесе басқа да бір отан туралы өлеңді ағылшын тілінде аударған жұмыстар бар ма екен? Маған дипломдық жұмысқа материал ретінде қажет еді

маржан

тамша

әсел

Ұлы отан соғысына тақпақ

Аяулым

Өте керемет екен, маған қатты ұнады

енилик галымкызы

керемет нагыз пойезия

Дулаткызы Перизат

оте жаксы маган унады.

Акнур Галымбай

9 мамырга тауелсиздик кунине такпак керек еди аз гана комектесиндерши.

berik258

Осы сілтеме арқылы өтіп көруге болады: Тәуелсіздік өлең

мерует

Өте жақсы жазылған, балалар тек осы өлеңдерді жаттап өсссе

Адина Абдукерим

Маган катты унады. Керемет олен!!!!!@-}--#

Лашын

Катты унады

Лəззат

Өте керемет маған ұнады.

айнур

очень хорошо

Моника

Керемеееет!!!

сабина

не деген керемет олен,айтарга созжок

Айым

Отан туралы 7 сыныпка арналга такпак тауып бере аласыздарма

Оксана

Маған қатты ұнады.

Гулназ

Маган катты унады

Рахымжан

бундай сайттардын болганы кандай жаксы

аида

Мен мағынасы бар ои тастайтын өлеңдер екен

есімім менің абай қазақшалап бабай

арай маган унайды оленше,,,,,,, унамайд

Байдаулетова МӨЛДІР

КҮШТІ КҮШТІ

inkar kaldibekova

Magan bul jerdegi olender unadi. Keremet. Birak aser kaldiratin olender tauip berinizderwi. Kuni ertenge kerek edi.

Арман

Қажетті сілтемелер деген жерден сайттағы барлық өлеңдер дегенді басып сол жерден іздеп көр немесе ілмек арқылы іздесең де болады, сәттілік!

куня

Тема

Дана

Жақсы жазылып айтылған.

Муниса

Керемет маган катты унады

аитжан

жаксы жазылып аитылган

дана

ой рахмет керемет

Жұлдызай

Өте керемет

Досжан

Бакыр Тажыбаевтын такпагы керемет

Жайна

Керемет дүние

Айгерим

Жаксы бирак аздау

Аяулым

Соз жок керемет

нурасыл

недеген еремет

Дилбар

Өте жақсы маган ұнады

Сабира

керемет!!!маған ұнады.қызыма жаттатамын.рахмет.

Зухра

понравилась мне

АЯУЛЫМ

ОТЕ ТАМАША

сулу

:-)

Молдир

Ааааааааа..... Неткен тамаша олендер, Маган унайды керемеееееееет.

Молдир

Тамашаааа

Бірғаным

сөз жок өе керемет недеген акындык

Кəусəр

Маған ұнады

Дильназ

Оте керемет

АЯЖАН

БУРЫНГЫ ЖАТТАГАН ТАКПАКТАРЫМ,БІРАҚ ӨТЕ КЕРЕМЕТ!!!!

Айдын

Үйдің қанша сыншы өзегінің тұрмын

Назерке

өте тамаша өлеңдер маған қатты ұнады

Жаным

Маған өте қатты ұнайдұнайды өлең керемет

Арман

Сілтемелерге рахмет!

Әлия

Өте керемет өлеңдер!Маған ұнады

Айдана

Мағанда ұнады

Darkhan 007

magan otan turaly olender unaidy sebebi men oz otanymdy syiemin

Жансая

Өте жақсы өлеңдер екен

Аружан Даренбековна

Керемет өлеңде

Жанболат

Өте өте керемет маған үнады

Аяулым

Өте өте керемет

акжаркын

өте керемет

аяжан майдан

керемет осы өлеңдерді жазғаныңызға үлкен алғыс

Іңкәр

Өте керемет тақпақтар екен ! Маған бұл сайт өте қатты ұнады

Мейіркүл

Тамаша

Гүлсая Каналқұл

Жұмекен Нәжімеденов керемет

Шынгыс Бактыбай

Кушты

Көркем

Оте керемет жазылган

Көркем

Оте керемет кушти ☝

мейірім

оте жаксы

Аружан

Оте жаксы.

Арес

тамаша өте керемет

Айтолқын

Өте керемет Патриоттық әндер!
Мен өзін өзі тану сабағында Жан дала Жәннәт дала өлеңін мәнерлеп оқыдым апай өте керемет деп айтты бул сайт жасасын!

Мадина

Мағанда ұнады жақсы ой отан туған жерге деген керемет сезім

Алтынай

Сөздери өте мағыналы маған да унады

Әмина

Оте керемет маган ұнады!!!

Асем

Тамаша маған ұнады. Отан туралы деген өлеңді оқығанмын

Асем

Маған барлық өлеңдер ұнады.

Асем

Маған ұнады мағыналы сөздер екен

АЯУЛЫМ

Өте тамаша барлығы мған ұнады

АЯУЛЫМ

ӨТЕ ТАМАША

мЫРЗА

мАҒАН ҰНАДЫ

No name

Кушти айтылган

Гүлзия

Өте тамаша керемет

Аликул Айша

Оте керемет.☺

Омар

Керемет.кім 178лицейде оқиды?

Нуржахан

Өте керемет

Алихан 09

Керемет

Ару

Отан туралы өлеңдер керемет!

Ержан

Туған ел, отан туралы ең әдемі өлеңдер!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер