Өлең-жыр байқауы

Дененің өндіріс фабрикасы – бауыр

Бауыр – желінген азықтардың дене тарапынан қолданымды түрге енуін қамтамасыз етеді. Қан жолымен бүкіл азық бөлшектерін қорытылған күйде алып, түрлі химиялық реакциялардан өткізіп, дененің басқа клеткаларына пайдалы негіздерге айналдырады.

Бауырдың тек бір клеткасында 500 түрлі химиялық амал жүзеге асады. Бауыр клеткасы желінген азықтардың барлығын клеткаларымыздың қолдана алатындай шекер, яғни глюкозаға айналдырады. Қолданылмаған шекерді майға айналдырып сақтайды. Шекер жоқ болғанда протеиндерді және майларды шекерге айналдырып клеткаларға жібереді.

Денедегі бүкіл қанның 800-900 грамы әр мезетте, 1,5-2 килограмдық ет массасы болған бауыр тарапынан сіңіріліп тұрады. Бауыр адам денесіндегі өз-өзін жаңалау қабілеті бар жалғыз мүше. Бауырдың 70% алынса да 1-2 апта ішінде міндетін атқаратын қалпына қайта келеді.

Бауырдың атқаратын міндеттерінің біршамасы мыналар:

Май, протеин және шекер метаболизмін реттейді және бұл үшін керекті элементтерді жинайды.

Ішкі және сыртқы қалдықтарды тазалайды.

Бауырдан өткен қанды фильтірлейді.

Вакцина протеиндерін өндіреді.

Дене температурасын реттейді.

Гормондарға әсерін тигізеді.

Қандағы шекер мөлшерін реттейді.

Күніне 1 литрге жуық өт өндіреді.

Дәрілердің метаболизмін реттейді.

Денеге керекті су және витаминдерді жасайды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (1)

Аяулым

Керемет) менин болашагым.

Пікір қалдырыңыз