Эссе және өлең-жыр байқауы

Өзгелерді сынау

Егер біреу бойыңдағы кемшіліктерді қазбалап және оларды саған қайта-қайта айта беретін болса, сен өзіңді қалай сезінесің? «Сен не деген баяусың!», «Сенің қолыңнан түк келмейді!» немесе «Сен мені ешқашан түсінбейсің!» деген сөздерді үнемі есту оңай ма? Өзге адамдар сенің іс-әрекеттеріңді қалай қабылдайтындығын түсіну үшін, кейде мұндай сөздерді тыңдаудың пайдасы да бар. Алайда, ол сөздер бізді ренжітеді.

Неге өзге адамның кемшілігін көру оңай да, ал өз кемшілігіңді көру өте қиын? Біреудің шағымдануын естіп тұрып, былай ойлап көрдіңдер ме: «Сен, өзің туралы айтып тұрған сияқтысың!». Сені өзгелердің мінегені саған қалай ұнамаса, басқа адамдарға да біздің оларды мінегеніміз ұнамайды.

Мына адамдар туралы не ойлар едіңіз:

  Зейінсіз болып көрінеді және математикадан ешнәрсе түсінбейді;
  Мектепке ылғи лас және салақ болып келеді;
  Сыныптастарының ешқайсысымен дос емес және қоңырау соғыла салысымен бірден үйге қайтады;
  Күнде жаңа киіммен келіп, мақтанады.

Түйген ой-пікірлерің неге негізделген?

Адамдар жайлы әртүрлі белгілерге қарап пікір қалыптастыруға болады. Адамның шаш үлгісіне, киіміне, жүрісіне, сөзіне және тағы басқа сыртқы қимылдарының ерекшелігіне қарауға болады. Адам сыртқы келбетіне қаншалықты мән беретіндігіне қарап, көп нәрсе айта алсаң да, мұндай пайымның толық болуы мүмкін емес. «Кітапты сыртына қарап сынама?» деген сөзді естідіңдер ме? Басында ұнамаған адаммен, кейін достасып кеткен жағдайлар бастарыңнан өтті ме?  Егер өтсе, ол адамның қай жері ұнамағанын естеріңе түсіріп көріңдерші. Сол кезде сен пікіріңде жаңылдың ба?  Алайда, неге сен ол адаммен достасып кеттің?

Адамдардың жақсы қасиеттерін көре біліңдер.

Әр адамның бойында жақсы да және жағымсыз да қасиеттер болады. Бір адам сенің бойыңдағы жақсы қасиеттерді таба алғанда, сен өзіңді қалай сезінесің? Ал жамандарын ше? Өз бойыңда өзгелердің тек жақсы жағын көретін  әдет қалыптастыра аласың ба? Ақыр соңында сен әр адамның бойында қаншама жақсы және ізгі қасиеттердің бар екендігін көргенде, таңғалуың мүмкін. Сен әркез басқа адам туралы жағымсыз нәрсе айта бастағаныңда, өзіңді тоқтатып көр және ол адамға жылы сөздер айтып көр. Егер бұл саған қиынға түссе, онда үндемеген жөн.

Жақсы төреші болыңыз.

Әлбетте, адамдардың бойында жақсы қасиеттерді іздеу, олардың сыртқы кейпіне қарап ой түймеу – ең жақсы нәрсе. Алайда, мынаны есте сақтау керек: адамда жақсылықты көру дегеніміз – бұл оның бүкіл іс-әрекетін құптау деген сөз емес.  Кейде өмірде сенің пайымдау(сынау) қабілетің – сенің ең жақсы құралың болатын жағдайлар туындайды. Мысалы, жолдастарың саған, сен қаламаған нәрселерді жасауыңды өтінуі мүмкін. Олар айтуы мүмкін:

  - Егер сен менің досым болсаң, сен мұны істейсің!
  - Саған не болды?
  - Сен, бір түрлісің, неге сен басқалар сияқты бола алмайсың?

Егер сен дұрыс емес деп санаған нәрсеңді жасағың келмесе; егер сен олардың іс-әрекеттерімен келіспесең және қандай да бір мөлшерде оларды сынасаң, сен жаман нәрселерге қатыспау үшін өзіңнің сынау қабілетіңді пайдаланасың.

Жақсы ортада болу.

Егер сен басқалардың жақсы жағын көре алатын және асығыс пайым (көбіне қате болып шығады) жасамайтын адам болғың келсе, онда саған адамдарды ақылға салып бағалау керек. Жоғарыда айтылғандай, саған өз достарың мен араласатын адамдардың бойында қандай қасиеттерді көргің келетіндігін мұқият ойла. Адам жаман ортаға түскенде, басына қиындықтар тауып алады. Біреумен достасардың алдында, сен мыналарды ой елегіне өткізіп көрсең болады:

  Бұл адамның мінезі қандай?
  Оның әдеттері қандай?
  Оның беделі қандай?
  Ол туралы басқалар не айтады?

Естеріңде сақтаңдар! Адам туралы пікір қалыптастырудың алдында, оны тереңірек біліп және оны түсіну керек. Біз үшін сондай маңызды болмаса да, кейде біздің адамға деген қарым-қатынасымыз оның өмірінде үлкен рөл атқаруы мүмкін. Ең үлкен сүйіспеншілік басқа адамды оның жасаған іс-әрекеттеріне  қарамай жақсы көру, сонымен қатар оның жақсы адам болуы үшін талпыну.

Басқалардың бойынан жақсы нәрсе іздеңдер, сонда олар сендерге жақсы жағынан көрінеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...