Қызыл мия – дертке дауа, емге шипа

Тынымкул Жусупова Мәдиқызы

№44 орта мектептің  бастауыш сынып  мұғалімі

Қызылорда  облысы  Қазақстан  Республикасы

Қызыл мия – дертке дауа, емге шипа

Түйіндеме.

Табиғат тұнған  байлық.Емдік қасиеті  бар шөптердің  сипаты,пайдасы,қасиеті, қолданылуы   жайлы білу, зерттеу табиғат  сырына  деген  құмарлық.Мақсатым қызыл мия өсімдігінің  қасиетті  шөп екенін  дәлелдеу.Табиғат  байлықтарын сақтап келер ұрпаққа  аманат ету.

 

Сыр Алаштың анасы... Бұл дала Қорқыт бабамыздың, Жанқожа мен Бұқарбай батырларымыздың, Мұстафа  Шоқайдың,  сыр үлейі Тұрмағанбеттің, ақын Әбділда мен Нартайдың, тағысын тағы көптеген ардақты,   дарынды   перзенттердің туған өлкесі. Сол үшін де Қызылорда күллі қазақ үшінқасиетті ортақ жер.

Н.Ә.Назарбаев.

 

Кіріспе.

Жер  бетінде өсіп тұрған  өсімдіктердің   барлығынөсімдік  жамылғысы   немесе  флора  дейміз.Қазіргі  таңда жер бетінде   шамамен  0.5   млн. өсімдік  түрлері  бар.Қазақстанда 6000 өсімдік    түрі  кездеседі.Олар   бір  бірінен  пішіні, құрлысы, өмір  сүру  ұзақтығы, көбею   ерекшелігімен ажыратылады.Өсімдіктердің  жалпы  ұқсастығы олардың  түсінің  жасыл  болуында.Ол жасыл  түс  хлорофилл  ұлпасына байланысты.Өсімдіктердің ең үлкен маңызының  бірі барлық тіршілікке қажетті оттегін бөліп шығаруы.Мыңдаған  жылдардан бері адамдар  өсімдіктерді өздерінің  қажеттілігіне жаратып  келеді.

Қызылорда   облысы    Тұран    ойпатының   жазық  алқабында   орналасқан.Шығысында -  Қаратау,солтүстік - батысында   Қарақұм, ал   оңтүстік  - батысында  Қызылқұммен   шектеседі.

Облыс   аумағы 226,0 мың   шаршы   километр      немесе  республика   аумағының 8,3 % құрайды.

Облыс   көлемінде  756-819  аралығында     мәдени   және  жабайы  өсімдіктер түрлері   өседі.Қазақстан   Республикасының    өсімдік   түрлерін 5754             деп   есептегенде,   облыстың     өсімдік   түрлері   оның    15-16%  құрайды.

Олардың  арасында     малазықтық     өсімдіктер  212  түрден, (30,7%) шипалы  (дәрілік)  өсімдіктер  54    түрден  (7,8%),   балдық  өсімдіктер    92  түрден (30,3)   тұрады.

Ерте заманнан бері   адамдар   аурудың  алдын  алу және  емдеу  үшін табиғаттың  байлығын  пайдаланып  келеді.Дәрілік  өсімдіктердің емдік  қасиетін  Ежелгі  Египетте,Үндістанда,Қытайда,Грекияда  т.б. елдердің  емшілері  білген.

         Айналамызда өсіп  тұрған  өсімдіктердің  негізгі бөліктерінің  емдік  қасиеті бар.Дәрілік  өсімдіктерді  дайындаған  кезде  арнайы  ережелерді   білу  қажет

Мысалы.Қай кезде өсімдіктің  қай  бөлігін  жинау керек, себебі өсімдіктің әр  бөліктерінде  дәрілік қасиетіінің  мөлшері  бірдей бола бермейді.Өсімдіктің  дәрілік  қасиеті  мерзімге  байланысты.Біреуін  таң  ата, екіншісін  кешке, кейбірін   гүлдегенге  дейін,кейбірін  гүлдеп  тұрған  кезде   алу  керек.Сол  уақытта  олардың  емдік  қасиеті   мол   болады.Дайындау  негізінен құрғақ, жылы   күндері  түстен кейін  жүргізіледі.

Қызыл  мия     өсімдігінің   сипаты.Қызыл   мия   - көпжылдық   өсімдік.Биіктігі  80-120см,бұтанаң  диаметрі  -48см,тамыр    мойнының   диаметрі   2 см.Көлденең   бағытталған     тамырсабағы  20 см   тереңдікте, жоғары  қарай    шашыраңқы,ал  тігінен  төмен  қарай  жанама  тамырлар  шығады.Жер  астына   152  см   тереңдікке   дейін енеді.Жер   асты   суынан  көтерілген  ылғалдылықпен    қоректенеді.Сабағы  тік   бұтақталған.Жапырағы    қандауыр, сопақша   жұмыртқа   тәрізді.Күлтесі   күлгін  немесе  ашық күлгін.Көп  тұқымды,сопақша    тік,    ұзындығы  2-3,5    см  тегіс       бұршақ   қабы   болады.

Тұқымдары жұмыр,тіктөртбұрыш пішінді. Олардың жоғарғы жағы тегіс күңгірт, қоңыр немесе жасылдау сұр түсті.

Қызыл мия бұршақ тұқымдасына жататын шөптесін  өсімдік.Қазақстанның   шөл,  шөлейтті, далалы   аймақтарында өседі. Қызылорда облысыныңбарлық аймақтарында    кездеседі.  Тамыры   жуан.Сабағы тік  өседі,  жапырақтары   қарама  қарсы   орналасадыЖапырақ пішіні   тақ  қауырсынды.Жапырақтарында бөбешік  тамырлар   болады.Гүлдері  орташа  мөлшерлі  немесе  ұсақ.Ұсақ  гүлдері  шашақ  гүл  шоғырына  жиналады.Қызыл мияның жеке гүлдері  орталықтан таралатын  сабаққа гүл  сағақтары  арқылы  кезектесіп орналасады.Сабақ ұшына жақындаған  сайын  сағақтары  қысқарып,ұшындағы  гүлдері  ең  соңында  ашылады.Тұқымы  арқылы  көбейеді.Маусым  шілдеде  гүлдеп,шілде  тамыз   айларында   жеміс  салады.Жемісі құрғақ  бұршаққап. Піскенде екі  жақтауының тігісінен  қақырап,тұқымдары  шашылады.    Бұл  өсімдік  жылына  бірнеше  жүздеген  ұрық  салады.Тұқымы топырақта    үш    жылға  дейін   тіршілігін     жоймайды.

Қызыл мияны  жинау және кептіру.

3-4 Жылдықөсімдікті жинау керек.Жинау  кезеңі  күздің соңғы күндері  немесе  ерте көктем мезгілі.Тамырдың  топырағын қағып, салқын сумен жуады, бір екі күнтағы сумен  шаяды.Тамыр  тазарған  соң30-35 см.  ұзындықта  бөліктерге бөліп, 30+40 с. температурада  арнайы  кептіргіште   кептіреді немесе   күн  сәулесі қызуымен де кептіруге  болады.Кептірілген тамырды   10 жыл сақтауға болады.

Қызықтыдеректер. Қызыл  мия   өсімдігі   адам  денсаулығына   емдік шипасы   мол   дәрілік   шөп.Біздің  дәуірімізге  дейінгі     426-484  жылдары  бұл  дәрілік   өсімдік   жайлы  ежелгі   грек   тарихшысыГеродоттың    өзі    қызыл   мия    тамырының   мың  сан  дертке   дауа   екенін   айтқан.Тіпті   бұл  өсімдікті  «Сақтың,яғни     скифтердің     алтын   тамыры»   деп   құрметтеген.

Мыңдаған  жылдар  бұрын  қызыл мия тамыры  туралы   не белгілі болды?

Қытай елінде  қызыл  мия  өсімдігін  жоғарғы  орынға  қойды.Оның тамырын  сапалы  дәрі дәрмек және дәрілік  препараттар дайындауға пайдаланған

Тибетте   «ұзақ  өмір  сүрудің  сиқырлы  тамыры»  деп  бағаланды.Жастық  рең  мен әдемілікті  сақтау  үшін  бұл  елде  қызыл  мия  тамырынан  жасалған  қайнатпа  ішілген.

Ежелгі  Египетте де  осындай  қайнатпа  ішілген.Азанда рең  сақтаушы қайнатпаны  ішкен, ал  кешке моншада мия  тамыр  тұнбасы   қосылған сумен  жуынған.Сол  уақытта қызыл  мия  тамырының   әсерінен  адам  өмірі  15  жылға  дейін   ұзарған.

Қызыл мияның өсу ортасыҚызыл мия  егістік  далалы  жерлерде  жәйне  өзен  жағасында  өседі. Оны  Европа,  Солтүстік Африка және  Азия  да  Ресейдің оңтүстік  бөліктерінде, Солтүстік  Кавказда кездестестіруге  болады. Бұл өсімдік   еліміздің   Сырдария, Жайық,Іле,Шу,Қаратал    өзендері   алқаптарында   өседі.Оның   ішінде   Қызылорданың     барлық аймағында  кездеседі .Қызыл   мияның  тамырында   гликозид,сахароза,   эфир   майы,минерал   тұздар,  қызыл   мия   қышқылы,күрделі    қанттар  және   крахмал  сияқты   көптеген  дәрумендер   болады. Осы  қасиеттеріне  байланысты   олар  медицинада,  тамақ өнеркәсібінде   қолданылады. Жапырағы  мен  сабағы  ертеден  мал  азығы  ретінде  пайдаланылып     келеді. 

Қызыл  мия   жүрек  сырқатына, асқазан мен  он  екі   ішек  жарасына, дәрілерден,  қорғасыннан  уланғанда    таптырмас  шипа  болады.

МаңызыҚызыл  мияның  тамырынан   дәрі   жасалады.Тамыры   бағалы  шикізат.Тамырының жағымды  тәтті  дәмі   бар.Тәттілігі   жағынан    қанттан         50 есе  жоғары, тәтті   дәмі   1:20000  есе   сұйытылғанда  да  байқалады

Қызыл  мия тамырында 23%глицирризин (кальий  және   кальций  тұздар), 27% флаванойдтар, органикалық  қышқылдар,  эфир  майы, дәрумендер(10-30мг)     болады.

Ғалымдар  қызыл  мия  тамырының   химиялық  құрамына   талдау  жүргізген.  Онда   не  жоқ  десеңші?

Онда   крахмал -34%,    целлюлоза 30%,    біраз  мөлшерде   фруктоза  мен  глюкоза барын анықтаған. Мия  тамырды  «органикалық заттар  қоймасы»  деп  те  айтуға болатынын анықтаған.

Қызыл  мия  тамырында  жағымды  иіс болғандықтан  оны   тамақ  өнеркәсібінде де  қолданылады.Мысалы конфеттер,сироп, алкогольсіз  сусындар,квасс  әзірлегенде.

Қызыл  мия  тамырында  флафаноидтар  көп.Ол  бауыр  ауруына  көмектеседі.Жүрек  қан  тамырлары қызметін  жақсартады, қан  құрамындағы  холестеринді  азайтады.Салқын  тигенде,жөтелгенде,  тыныс  алу,асқазан  ауырғанда мия  тамырды  қайнатпа,  сироп түрінде  ем ретінде қолданылады

Ем  ұзақ уақыт  жүргізіледі.Дұрыс  ем  қабылдау денсаулыққа жақсы  әсер береді.

Қызыл  мия  тұнбасын   әзірлеу 1ас  қасық мия  тамырға 0.5  л.су  құйып, 10 минут  от  табында  қайнатады.Дайын  тұнбаны  жарты  стаканнан  күніне 4  рет   , тамақтан  соң  ішеді.

Емделу уақыты  3-4 апта. 1-1,5ай  дем  алып,емді  жалғастыруға  болады.

Жөтелді  емдеу.  1 Ас   қасық қызыл  мия   тамыры,  1 ас  қасық   өгейшөпті араластырып, қайнаған  су  құйып,   30  минут   қою  керек.

Алынған  тұнбаның 4/1 бөлігін  әр30 минут  сайын  ішу  керек.

Қызыл  мия  тамыры  қосылған   щербет, Алма пьюресі  -300    гр.

Лимон шырыны  -300  гр. Өрік  дәні    -50 гр. Жұмыртқа   уызы   -2 . Мия   тамыр   ұнтағы   -2  ас  қасық.

Алма  пьюресі мен лимон  шырынын  қосып  араластырады. Жұмыртқаның  уызын  алып,пьюреге  қосып, дайын  қоспаны2-3  сағат  тоңазытқышқа  қояды.Пайдаланар алдында ұнтақ  қосылған  дәнді  қоспаның  бетіне  жағады.

Сонымен бірге мия тамырының  ұнтағын  қамыр  илегенде  ұнға   және ыстық  тағамдарға   да  қосуға  болады.

Қызыл  мия   тамыры   халық  медицинасында.

Қызыл  мия  тамыры  ғылыми  және  халықтық  медицинада да  қолданыла   береді.Халықтық   медицинада   көптеген  ауруларды  емдеуге қолданған.

  • Стресс алғанда және  күрделі операциялардан  кейін
  • Жазылуы   қиын және  іріңді  жараларды  емдеуге
  • Ұмытшақтық,  қант  диабеті, қалқанша  без  ауруларын  емдеуде жиі  қолданылған.
  • Ауруларды  емдегенде   мия тамырын  тұнба,  қайнатпа, ұнтақ  түрінде  пайдаланған.Астан   уланғанда мия  тамырының тұнбасын  ішкізіп,адамдардың  денсаулығын  жақсартып  отырған.

Көк  жөтелмен   ауырғанда. 1 ас қасық  майда қызыл  мия  тамыры, оған 200  гр.  қайнаған  су   құяды.20-30  мин  қойып,1 сағат  салқындатады.Дайын  тұнбаны 1 ас  қасықтан күніне 3  рет   ішу керек.

Қызыл  мия   тұнбасын  әзірлеу. 1 шәй  қасық тамыр   ұнтағын  алып,05 л. спиртке  салады.Сөйтіп,10-12  күн  қараңғы   жерге қояды.Күнде   шайқап  тұру   қажет.Дайын тұнбаны  30 тамшыдан ас қасықпен, қайнаған  сумен күніне  3    рет  ішеді.Бұл  тұнбаны  аллергия,  асқазан, өкпе  ауруларына қолданған.

Қызыл  мия   тамырынан  сироп  әзірлеу.1  шәй  қасық  мия  тамыр ұнтағы 10  мл.қант  сиробы.15 Тамшы  спирт  тамызып, жақсылап  араластыру  қажет.Сироп күніне 4 рет,1  қасықтан  ішіледі.

Ауыздан жағымсыз  иіс шыққанда,қызыл мия   тамырынан әзірленген тұнбамен  тамақты азанда  және  кешке  шаю   қажет. ( 1 ас  қасық мия  тамырын  стакан  суға араластырып).

Қызыл мия  тамырын  балаларға қалай пайдалануға  болады?

Ересек балаларға шай  түрінде   ішуге  және  мияның  кішкене бөлігін  сағыз  түрінде  шайнауға  болады.

Мия  тамырдан жасалынған сиропты,шәйді, қайнатпаны балаларға   олардың  салмақтарына  қарап   қолдану  қажет.Мысалы

20-30 кг -1/3  бөлігі

30-35 кг - ½ бөлігі

35-45 кг - 2/3 бөлігі

Балалар қызыл  мияны   күніне  1  рет  қана пайдалану  керек.Ал  кіші  жастағы   балаларға мүлдем  қолдануға  болмайды.

Қызыл  мия   тамырының   кері  әсерлері:

Әйелдерге   жүктілік  кезінде 

Бауыры  ауырған   науқастарға

Қан  қысымы  жоғары  болғанда

Көз  ауруларымен  ауырғанда    қолдануға  болмайды.

Қызыл  мия   өндіріс  саласында.Қызыл  мия  тамырын кофе, какао, компот,маринадтар, халва, карамель, шоколадтар және  қара,көк  шәйді әзірлегенде  пайдаланады.

Тоқыма  өнеркәсібінде  бояу үшін,косметика саласында теріні дақтардан, әр  түрлі тері  ауруларынан қорғау  үшін де  қолданылады.

Бұл  өсімдіктің  адам  ағзасына  тигізер  пайдасы   зор.

Қызыл  мия  жайында  зерттеу    жүргізуімнің  басты   себебі    қазіргі   таңда   оның   тұқымының   азайып   бара жатқандығында.   Қызыл  мияның   көп  бөлігі    Қызылорда   облысының  аумағында   өседі   дегенмен,оны  әлі  өз  пайдамызға  жарата   алмай  отырмыз.

Осыдан    бірнеше   жыл  бұрын,  яғни  Батыс  Европа   Батыс  Қытай    халықаралық   жол  құрлысы  басталған  тұста  техникалар   сыр  бойындағы    ағаштарды  аударып  тастады.Оның   арасында  өзі   аз  әрі     аса  құнды  саналатын   қызыл  мия   өсімдігінің   біраз  бөлігі   жойылып   кетті.

Қызыл  мияға  тиюшілер  өз арамызда   да  кездесіп  отыр.   Олар   қызыл  мияны   тамырымен  қопарып,  көршілес   Қытай  еліне   жіберіп  жатыр.Ол     мемлекетте  қызыл  мия  зор  сұранысқа  ие  екен.Оңай  табыс  табуды  ойлаған   бұл  ағаларымыз   туған  жердің   табиғатын    аяусыз  тонап,  бар  байлығымызды   сыртқа  тасып   жатыр.

Қызыл  мия  тамырын   тереңнен   алатын   көп    жылдық  өсімдік.Оны   түбімен  отаса   не  болады?

Тамыры  жойылған   өсімдік   қайта  бас   көтеріп, көктей   ме? Бас   көтергенде   бұрынғыдай   бітік  шыға  ма?   Қызыл  мия   түбегейлі  құрып  кетсе   не болады?

Менің    ойымша,   оның  соңы   еш  жақсы   болмайды.Соңғы   жылдары    қауын  қарбызға  бұрын  соңды  болмаған  құрт   түсіп  жатқаны   белгілі.Білетіндердің   айтуынша,  оның  түпкі   себебі   осы   қызыл  мияның    азаюынан.Өйткені  тәтті  дәмді  бұрын    шөптен,  оның  тамырынан  қоректенетін  жәндіктер  ол   жойылғаннан  кейін   енді    қауын  қарбызға   ауысып  жатыр.Бұл  сөздің   жаны  жоқ   деп айта   алмайсыз.

Болашақ жоспарлары.Ойпікір.

Қызыл  мия  ауруға  ем,  дертке   дауа    шипалы, қасиетті   шөп.Биылғы   жылы облыстың   Жалағаш  ауданында    қызыл  мия   өсімдігінің   тамырын  терең  өңдейтін    зауыттың   іргетасы  қаланды.Емдік   қасиеті   мол өсімдік   өз   елімізде   өңделіп,елдің  кәдесіне жарайтын   болды.Игілікті   істі қолға  алған    «Бис – Груп»   ЖШС.Қызыл  мия  тамырынан   ерітінді  дайындайтын   кәсіпорынды   іске  қосу    компанияның   талайдан   бергі     мақсаты  екен.Бұл  жоба   өнімдері 100%  пайыз  экспортқа  бағытталады.Негізгі    өнім  қызыл мия   тамырының   ерітіндісі  болса,одан   бөлек     1200 түрлі  медициналық  препаратқа   қажетті  шикізат    алынатын  болады.Қызыл  мия  тамырына  әлемдік  нарықта    сұраныс   мол.Атап  айтсам, Германия,АҚШ,Түркия,Жапония  да  бар.

Кәсіпорын  2000 гектар   жерге  қызыл  мияның   өзегін   егіп,оны   күтіп  баптауды  да  қолға  алмақ.Өндіріс   жылына    22 мың   тонна  қызыл  мия   тамырын  өңдейді.Қазір  облыста   80     мың   гектар   қызыл  мия   қоры   бар  екені  анықталып  отыр.Оның  тамырынан жасалған  дәрілер    қатерлі   ісік, ВИЧ  инфекциясы,өкпе, қолқа,жұтқыншақ   ауруларына  қарсы  пайдаланылады.Балалар  ауруына   да  жиі   қолданылады.Қызыл  мия тамырын  өңдеу    цехында   жұмыс   істейтін  адамдар   жыл  он  екі   ай  тұмаумен   ауырмайды .  Демікпеге   шалдыққан   адамдар жұмыс  істесе   дертіне  шипа  болады   екен.Іргетасы   қаланып  жатқан  кәсіпорынның  болашағы   зор  болмақ.

Осы кәсіпорынның    аяғынан   тік  тұруына  ел  болып    үлесімізді  қоса    білсек,   ол:

  • Біріншіден жергілікті   халыққа тұрақты    жұмыс орны.
  • Екіншіден, бюджетке түсетін   қомақты   қаражат.
  • Үшіншіден  ел   экономикасының  дамуына   мүмкіндік.
  • Төртіншіден  қызыл  мия    Қызылорданың  даңқын  шығарар   қасиетті өсімдік   екені  белгілі  болады.

Сыр  елін   «Жыр  елі»  деп   атайды.Сыр   маржанынан тау   тұрғызғандықтан  аймағымыз  «Ырысты, күрішті  Қызылорда»  болып  аты   шықты.Байқоңырмен  мақтанамыз.Мұнайлы, шұрайлы  өлкеге  айналдық.Енді   солардың   қатарында  қызыл  мия  өнімі де   қосылса  деп  ойлаймын.

Қоршаған ортамыздың байлығы,жер бетінің сәулеті,еліміздің дәулеті  жасыл  әлем.Табиғатқа аялы алақан,жылы жүрек  сезімі мен көздің  қарашығындай қамқорлық   қажет  екенін  естен  шығармайық.Келер ұрпаққа табиғат  байлығынан  алар өз  үлестерін  аманат  ете  білейік.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (17)

Нурдаулет

Осы пикирди жузеге асыру керкк мия ның пайдасы коп мактаралда коп осуде бул кытай колданып жатыр бул мияны угри ушин колдануга боладыма?

АЙДАНА Тілегенова

Қызыл мия түрлі дертке ем екен бұл жоспарлауды жүзеге асыру керек.Ең біріншіден ДЕНСАУЛЫҚ үшін .Сондықтан көптеп қаулату керек деп есептеймін

Лаззат

Исинип кеттим мия тамырымен ем болама?

Қызыл мия тамырын ақша үшін жинап жерді бүлдіріп ж

қойылады жерді соқамен терең айдап тегістемей кетеді ол жерге қайта мия шықпайды

Максат

Кытайга не керек емес мунайда ,мияда урпагымызга не калады кандастар.

Аманкуи

Кызыл мияны сахр ауруына калай пайдаланады

Айжан

Кызыл мия тамырын кытайга откизу Алматы обл Енбекшиказак ауданы Ащысай ауылына Келли.Онай жолмен акша табу максатында ел агалары бир биримен жарысып мия тамырын казып тонналап откизип жатыр.Ай дейтин даже кой дейтин кожа жок.Колда бар алтыннын кадири болмай тур.Оны терен казган сон ол жер тегистелмей калып жатыр .Е казагым оз байлыгын озге елге тасып оз калтасын кампайтуда.

кундыз

кызыл мия тамыры бурсилез ауруына ем болама

Айгерим

4 айлык балага ишуге болама?

нуржамал

ашылған кызыл мия шəрбатын канша кун пайдаланылады

Назгуль

Бул сиропты емизетиндерге бола ма? Балам 5ай, менин терапевт даригерим болады деди, ал сиздерде болмайды деп жазылган?!

ДАЯНА

МҰҚИЯТ ОҚЫП КӨРІҢІЗДЕР

Аяулым

Қызыл мияның бүйрек ауруына қандай пайдасы бар

Аюка

осындаи акпараттар коп болсын

севара

қызыл мия туралы тағыда кеңрек ақпаратты қайдан алса болады

Асия 30.05.2018

Зоб. Қан аздарға.салмақ жинау үшін қалай ішүге болады.рахмет.

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)