Эссе және өлең-жыр байқауы

Ұлы жүз

Балқаш, яғни Теңіз көліне құятұғын Қаратал өзенінен Сырдария һәм Шыршық өзеніне шейін - қаңлы, дулат нәсілі. Бұл дулат бұрынғы Чуйский нәсілінен. Арғы түбі қара қырғыздан шыққан. Ғайса пайғамбардан 150 жыл бұрын күнбатыстағы Алатауға келген. Сол дулаттың оң тұс-күнбатысына келген көп қаңлы және қаңлының шанышқылы деген табы, ұлы жүздің ең көбі дулат болған. Оның ішінде ботбай, шымыр, сиқым, жаныс, албан, суан. Албаннан шыққандары - қызыл бөрік, қоңыр бөрік, айт бозым, сегіз сары, құрман, әлжан, қиыстық. Және Іле өзенінің сол тұс жағында ескі үйсін нәсілінен сары үйсін бар. Оның рулары - құттымбет, жанай, жолай, танай, жан досай, құлүке, қырық деген. Және ұлы жүздің дулаттан соңғы көбі жалайыр болған. Оның рулары - андас, мырза, қара шапан, орақты, ақ бейім, қалпе, сұпөтай, арық тыным, байшегір, сиыршы, балғалы, қайшылы, күшік. Осы күшік деген біздің Қалқаман нәсілі бола ма деп ойлаймын. Себебі осының түбі жалайыр емес дейді. Жалайыр бұрынғы уақытта бек көп ел болған және ұлы жүздің шапырашты, ысты дегендері Алматыға қарайды. Сіргелі мен ошақты Сырдарияға жақын. Бұл төртеуі қаңлыдан шыққан және ұлы жүз ішінде қоңырат бар, ол басында орта жүз елі еді, өкпелеп көшіп барған. Мұны Әбілғазы Баһадүр хан «мағол ханы Елханның Қиян деген баласының нәсілінен, Жорық мергеннің баласы Қоңырат деген кісінің нәсілі» дейді, оның руларын орта жүзде айтамын.
     

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүктелуде...