Эссе және өлең-жыр байқауы

Абай – мәңгілік

Мен 3-сынып оқушысымын, атым - Әсемай. Биыл қазақтың "Қалың елім қазағым, қайран жұртым", - деп өткен  ұлы ақынымыз - Абай Құнанбаев атамыздың туғанына 170 жыл толғанын білеміз. Біз сыныптағы оқушылармен бірге жарысып Абай атамыздың өсіп келе жатқан жас ұрпаққа үлгі болар әрбір өлеңін жатқа айтып жүрміз. Оның қайсібір өлеңін алсақ та еңбек етуге, қамқорлыққа, адамгершілікке шақырып, адамға күш қуат береді. Қазір «Ғылым таппай мақтанба», «Адам болам десеңіз» және жыл мезгіліне байланысты өлеңдерінің сөздеріне терең мән беріп өсіп келеміз. Жақында мектебімізде бастауыш сыныптардың семинар сабағында мен өзіме берілген «Абай – Мәңгілік» атты жобамды ойдағыдай қорғап шықтым. Әр ауданнан келген ұстаз апайлар маған және менің сынып жетекшім Клара Жүнісоваға да алғысын айтып жатты. Мен өте қуаныштымын. Енді Абай атамыздың айтқан қара сөздері мен басқа да өлеңдерін жаттап жатырмын. Алдағы уақытта «Абай оқулары» байқауына қатыссам деген ойым бар. Мен алдымдағы мақсатым ата-анамның, білім берген ұстаздарымның үмітін ақтау. Оларды ұятқа қалдырмау деп білемін.

ОҚО, Түлкібас ауданы, Еңбек ауылы

3-сынып оқушысы Жамгырбай Әсемай

                                                  Жетекшісі Әнипа Сейдалиева


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...