Өлең, жыр, ақындар

2016 жылдың наурызына дейін елімізде білім мен ғылымды дамытудың жаңа бағдарламасы қабылданады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың наурызына дейін елімізде білім жәнеғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы қабылданатын болады.

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісіндегі Дағдарысқа қарсы шараларға арналған Үкімет сағатында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев айтты.

«Дағдарысқа қарсы шаралардың бесінші бағыты  жаңа әлеуметтік саясат аясында негізінен Мемлекет басшысының биылғы қараша айындағы Жолдауында жүктелген шаралар атқарылады. Бұл ретте 2030 жылға дейінгі Әлеуметтік даму тұжырымдамасы өзектендіріледі. Осыған байланысты мақсат әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін оңтайландыру, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын енгізу тәжірибесін кеңейту, күнкөріс себетінің құрамын қайта қарау  көзделеді. 2016 жылдың наурызына дейін «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы қайта қаралады», деді министр.

Оның айтуынша, денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасы ағымдағы жылдың соңына дейін қабылданатыны күтіледі.

«Сонымен қатар, 2016 жылдың 1 наурызына дейін елімізде білім мен ғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын қабылдау күтіледі.  2017  жылдан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіптіктехникалық білім беру» жаңа жобасын іске асыру жоспарланады», деді Е. Досаев.

inform.kz


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар