Дәрігер-поляршыдан қатты аязда дұрыс тыныстаудың 8 ережесі

Антарктикалық экспедицияның дәрігері қатты аязда ауырып қалмас үшін қалай дұрыс тыныстау керектігін білдірді. Қысқа сақадай сай болғыңыз келсе сайтымыз ұсынған кеңестерге назар салыңыз.

Тыныстау ережелері

Тыныстағанда, температура 20 °C-тан төмен болса, тыныс жолдарын суықтатып алып, ауырып қалу қаупі жоғары.

Қорғану принципі қарапайым: жұтылатын ауа барынша жылы болу керек. Сондықтан барлық спорттық нұсқаулықтардағы бірінші және ең көп айтылатын кеңес – «мұрынмен демалыңыз».

Алайда температура 20 °C-тан төмендеп кеткенде, тіпті желсіз ауа райында да мұрын қуыстары тарылып қалады, сол себепті бұл кеңесті орындау қиындайды. Адам ауызбен демалуға мәжбүр болып, ауырып қалады.

Қатты аязда дұрыс тыныстаудың бірнеше қарапайым тәсілі бар:

Қалай демалсаңыз да (мұрынмен немесе ауызбен) – барынша баяу және бір сарынды демалыңыз. Жұтылған ауа тыныс жолдары арқылы неғұрлым баяу жүретін болса, соғұрлым жылына түседі.

Мүмкіндігінше ауызбен емес, мұрынмен демалуға тырысыңыз. Мұнда мұрынмен жұтылған әрбір тыныс сізге жұмыс істейді.

Егер ауызбен демалу керек болып жатса, онда ерініңізді болар-болмас ашып, тар саңылау арқылы демалуға тырысыңыз. Ең дұрысы ерінді трубка сияқты созып, тілді таңдайға көтеріп демалу. Бұлай демалу да оңай әрі қауіпсіз.

Ауаны өкпеге толтырып демалудың қажеті жоқ. Егер минус 30°Cаязда өкпеңізді ауамен толтырып демалатын болсаңыз суықтап қалуыңыз әбден мүмкін. Сондықтан терең тыныстаудың қажеті жоқ. Күнделікті тыныстап жүрген ритмді ұстаныңыз.

Жүгірмеуге, секірмеуге, ауыр көтермеуге және басқа да күш салатын әрекеттерді жасамауға тырысыңыз. Барлық физикалық жаттығулар біркелкі болуы тиіс.

Психологиялық шектеу: қандай жағдай болмасын – байбалам салмаңыз! Барынша сабырлы болсаңыз, соншалықты жақсы тыныстайсыз. Егер ашуланатын болсаңыз, жұтатын ауаны жылыту қиындай түседі.

Желге қарсы тыныстамаңыз: бұл жұтылатын ауа жылдамдығын сіздің еркіңізден тыс арттыратын болады. Егер желге қарсы жүруге мәжбүр болсаңыз, онда басыңызды төмен түсіріп, төмен қарай тыныстаңыз. Алақаныңызбен мұрын мен ауызды жабу арқылы да жағдайды жақсарта аласыз.

Шарфты көзіңізге дейін байлап, сол арқылы демалыңыз. Ауа жұтқанда суып, шығарғанда жылитын сіздің мұрын мен ауызыңыз емес, шарф болады.

Және ең соңғы кеңес: жылытатын қарапайым заттарды елемей қоймаңыз, әсіресе кеуде мен мойын жақты. Тыныс жолдары жылытпайтын және жел оңай кіретін ағытылған жаға немесе киімнің ағытылған ілгегі арқылы сырттай да суықтап қалуы мүмкін. Сондықтан шарф мойынды тығыз орап тұратын және жылы болуы керек.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)