Өлең, жыр, ақындар

Әлемдегі ең ұзақ әрі тартымды белдесу

Күресшілер арасында ең ұзақ белдесу 11 сағатқа соғылған. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта, күштіні анықтау үшін, атлеттерге барлығы  12 минут беріледі.

Бұл оқиға сонау 1912 жылы Стокгольмде өткен жазғы олимпиада ойындарында орын алған. Жартылай финалдық кездесуде кілемде эстон жігіті Мартин Клейн мен финн палуаны Альфред Асикейнен кездесті. Әлем чемпионы финн палуанының осал қарсылас емес екенін ұққан Мартин Клейнге жеңіске жету үшін, көп тер төгуіне тура келді.

Жалпы, бұл кездесу 11 сағат 40 минутқа созылды, арадағы кішкене үзілістерді алып тастағанда, таза уақыты 10 сағат 15 минутты құрады. Төрешілер  жеңіске эстон күресшісін лайық деп тапты, бірақ, Мартин Клейн финалдық кездесуден бас тартты. Бұған себеп, турнир ережесі бойынша, алтын алқаны сарапқа салу - дереу келесі күні өтуі тиіс болатын. Эстон палуаны күш-жігері таусылуына байланысты, күміске разы болды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер