Өлең, жыр, ақындар

Ұстаз

Ұстаз деген бес әріптен құралған,

Ұстаздарым шәкірт үшін жаралған.

Шәкіртіне үйретеді білгенін,

Ұстаз мәңгі ұлағатты бір арман.

 

Ұстаздарға ешбір адам жетпейді,

Ұстаз бізден еш жамандық күтпейді.

Білім беріп бұл өмірге жетелеген,

Ұстаздарым мәңгі естен кетпейді.

 

Ұстаздарым мұңаймаңдар ешқашан,

Мәз-мейрам боп қуаныңдар әрқашан.

Ұстаздарды құрметтейміз мәңгілік,

Тұр бейнесі жүрегімде жаңғырып.

 

                                                  Н.Төлегенов


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

меруерт

Бұл өлендерді табу қиынга соқты рахмет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз