Өлең, жыр, ақындар

Вирустармен қалай күресу керектігі жөнінде дәрігер Комаровскийден нұсқаулық

Қазір суық тиюдің нағыз маусымы, бірақ ешкім ауырғысы келмейді. Танымал дәрігер Евгений Комаровский вирустардан қорғанудың және егер жұқтырып алсаңыз одан арылудың жолдарын жазған екен.

Бастысын есте сақтаңыз: вирус қалай аталса да, сіздің әрекеттеріңіз бұған негізделмеуі керек. Бұл маусымдық, шошқа, піл, пандемиялық болуы мүмкін – маңызды емес. Маңыздысы, бұның вирус екені және ол ауа-тамшылы жолмен жұғатыны, ауа жұту мүшелерін зақымдайтыны.

Алдын алу

Егер екпе жасату мүмкіндігі болса – екпе жасатыңыз, бірақ мынадай шартпен: вакцинация жасату үшін емханада аурулардың ортасында отырмау. Қазіргі вакциналар белең алған тұмау вирустарының бәрінен қорғай алады.

Шұғыл көмектесетін ешқандай дәрі немесе халық емі жоқ. Яғни ешқандай пияз, ешқандай сарымсақ, ешқандай арақ және ешқандай дәрі сізді тыныс жолдарының, тұмаудың вирустарынан қорғай алмайды. Бұл дәрі-дәрмектің бәрі адамның «бірдеңе істеу керек» деген қажеттілігін қанағаттандырады. Бұл дәрі-дәрмектердің бір ғана пайдасы – психотерапия.

Вирустың қайнаркөзі – адам және тек қана адам. Адам аз болса, ауырып қалу мүмкіндігі де азаяды. Бір аялдама жаяу жүру, супермаркетке артық бармау – дұрыс шешім!

Маска – пайдалы зат, бірақ қорған емес. Егер айналасында сау адамдар жүрсе ауру адам кигені дұрыс: ол вирусты тоқтатпайды, бірақ вирусқа бай сілекей тамшыларын тоқтатады. Сау адамға ол қажет емес.

Аурудың қолы – ауыз бен мұрны сияқты вирустың қайнаркөзі. Ауру бетін сипайды, вирус қолына түседі, ауру айналасын ұстайды, оны барып сіз ұстайсыз – осылайша ӨРВИ-ге тап боласыз. Бетіңізді ұстамаңыз. Қолыңызды жиі жуыңыз, өзіңізбен залалсыздандыратын гигиеналық майлықтар алып жүріңіз.

Ауаның сапасына мән беріңіз. Вирустық бөлшектер құрғақ, жылжымайтын ауада белсенділігін сағаттап сақтап тұрады, бірақ салқын, ылғал және жылжымалы ауада бір сәтте күйрейді. Үй ішіндегі ауаның оңтайлы параметрлері: температура — шамамен 20 °С, ылғалдылық — 50–70%. Міндетті түрде бөлмені жиі әрі мұқият желдетіп отыру қажет. Ал серуендеу уақыты шексіз. Серуендеп жүріп вирус жұқтырып алу мүмкіндігі төмен.

Жоғары тыныс жолдарында әрдайым шырыш бөлінеді. Шырыш жершілікті иммунитетті жұмыс істетуді қамтамасыз етеді – шырыш қабатын қорғайды. Егер шырыш пен шырыш қабаты құрғап қалса – жергілікті иммунитеттің жұмысы нашарлайды, вирустар қорғаныш қабатын оңай басып алады да, адамның вирусты жұқтырып алу мүмкіндігі артады. Шырыш қабатын ылғалдандырып тұрыңыз. Дәріханадан арнайы тұз ерітіндісін сатып алуға болады немесе өзіңіз жасап алсаңыз болады (1 шай қасыз тұзды 1 литр қайнақ суда еріту).

Емделу ережелері

Жылы киіну, бірақ бөлме салқын әрі ылғалды болуы керек. Жиі еденді жуу, ауаны ылғалдандыру, бөлмені желдету.

Ауырып қалған адамға тамақ беріп қинамау. Егер қалап тұрса – жеңіл, көмірсуға бай, сұйық тағам беріңіз.

Жиі су ішу. Сұйықтықтың температурасы дене температурасындай болу керек. Судан өзге компот, морс, шай, мейіз бен кептірілген өріктің қайнатпасы. Регидратация (регидрон, хумана электролит, гастролит, нормогидронжәне т.б.) үшін дайын қоспалар болса тіпті жақсы.

Мұрынды жиі тұзды сумен жуу

Температураңыз көтерілсе парацетамол немесе ибупрофен ішіңіз. Тек аспирин ішпеңіз.

Жоғары тыныс жолдары ауырғанда (мұрын, тамақ, жұтқыншақ) ешқандай қақырық түсіретін дәрі-дәрмектің қажеті жоқ: олар жөтелуді үдете түседі. Төменгі тыныс жолдарының ауруы (бронхиттер, пневмонтялар) жедел түрде дәрігерге қаралуды қажет етеді. Оларды өз бетінше емдеуге тырыспаңыз.

Вирустық инфекциялар антибиотикпен емделмейді. Антибиотиктер асқыну қаупін төмендетіп емес, үдете түседі.

Жергілікті тұтынуға және ішке жұтуға арналған дәрі-дәрмектердің жақсы әсер ететіні еш дәлелденбеген.

Гомеопатия — «бірдеңе істеу керек» деген психотерапия сияқты қауіпсіз әдіс.

Дәрігерді қашан шақыру керек?

Әрқашан. Бірақ бұл мүмкін емес. Сондықтан дәрігерді шақыртуды талап ететін жағдайларды қарастырайық:

аурудың жағдайы ауырған күннен төртінші күні жақсармаса;

ауырған күнен жетінші күнге дейін температура түспесе;

жағдайы жақсарып келе жатып қайта нашарлап кетсе;

ӨРВИ-дің бірқалыпты белгілерінде бойынан ауырлық сезімін сезіну;

шөл қысудың, демігудің, қарқынды ауырудың, ірің пайда болудың өз бетінше немесе терінің бозаруымен бірге пайда болуы;

жөтелдің үдеуі, өнімділігінің төмендеуі; терең тыныстау жөтел қысуға әкелуі;

қызу көтерілген кезде парацетамол мен ибупрофеннің біраз уақытқа немесе мүлде көмектеспеуі.

Мынадай жағдайларда дәрігерді шұғыл шақыру керек:

есінен танып қалу;

тырысып қалу;

тыныс алудың нашарлауы (қиын тыныстау, демікпе, ауа жетіспеушілікті сезіну);

барлық жердің қатты ауыруы;

тұмау белгілері жоқ, бірақ тамақтың бірқалыпты ауыруы (тамақтың ауыруы + құрғақ мұрын – бұл баспа белгілері. Мұндайда дәрігер мен антибиотик қажет болады);

лоқсумен қатар, бірқалыпты бас ауруы;

мойынның ісінуі;

үстінен басқанда жоғалып кетпейтін бөртпе;

дене қызуын басатын дәріні ішкеннен кейін 30 минуттан соң да түспейтін дене температурасының 39 °С-тан асуы;

қалтырау мен бозарумен бірге жүретін температураның көтерілуі.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Перуаш

Украйнада соғыстары ертерек аяқталса екен

Болат Н

Сарымсақ жеңіздер, бактерия, вирус… бәрін тазалайды, бірақ шикі күйінде жеу керек, шайнап па езіп па, салатқа қосып па… одан бөлек мөлшерін қатты көп етіп жібермеңіздер, аз аз аздан бірақ жиі жеп тұрыңыздар

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз