Өлеңдер бөлімі

Павлодарда 8-сынып оқушысы «Рубик кубигін» сегіз секундта жинайды

 Павлодарда Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 «D» сыныбының оқушысы Абылайхан Мустафин 8,35 секунд ішінде 2х2 номинациясы бойынша «Рубик кубигін» жинап, екінші жыл қатарынан өз рекордын жаңартты,- деп жазады pavlodarnews.kz. 

Бұл туралы агенттікке білім беру мекемесінің баспасөз хатшысы Рымгүл Божақанова хабарлаған.

- Физика, математика және информатика апталығы аясында ұйымдастырылған «Рубик кубигі» сайысына қатысуға сегіз оқушы өтініш білдірген. Жеңімпаз атанған Абылайхан алғашқыда кубикті 5-6 минутта жинайтын. Өткен жылы 11,2 секундта жинап шыққан ол бұл көрсеткішті алдағы уақытта үш секундқа дейін жеткізуге мақсат қойып отыр. Сондай-ақ 10 «C» сыныбының оқушысы Сұлтан Шупеев көзін жапқан күйінде 2х2 номинациясында небары 30,88 секундта осы кубикті құрастырып шығып, жеңімпаз атанды. Мұндай ойын арқылы баланың ойлау қабілетін дамытуға болады, - дейді Р. Божақанова.

Биыл оқушылар Рубик кубигінің күрделі комбинацияларынан да сынға түскен. Бұл  5х5 аталымында 8 «D» сынып оқушысы Әлішер Ашекеев 6,43 минутта жеңіске жетсе, пирамиданы жылдам құраған қатысушылардың арасындағы жалғыз қыз - 8 «D» cынып оқушысы Амина Ердес тапсырманы 13,44 секунд ішінде орындап шыққан.

Айта кетейік, былтыр АҚШ-та жасөспірім Лукас Эттер 3x3 номинациясы бойынша, 4,9 секунд ішінде «Рубик кубигін» жинап, әлемдік рекорд орнатқан. Оның бұл жетістігін бүкіл әлемдік (World Cube Association) қауымдастығы тіркеген.

 

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...