Эссе және өлең-жыр байқауы

Жөн-жосық

Мыңдаған жылдар бойы халқымыз қазақтық қалпын сақтай отырып, өмір тәжірибесінде салт пен сананың, әр істің реті мен әдебін, жөні мен жолын жасап қалдырған. Осыдан ұлттық салт дәстүр, әдет-ғұрып, ырымдар, ұғымдар, тыйымдар қалыптасқан. Міне, осының бәрінің басын құрайтын әдептер жиынтығы – ұлтымыздың жөн-жосығы туындаған. Мұның бәрі ұлттық мінез бен сана-сезім, діни сенім, рухани қазына мен қағидалар байлығы, үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие ережесіне негіз бола отырып, жыл сайын дами түскен. Мұны халық жасаған  десек те, оның ішінде Қасым хан салған қасқа жол, Есім хан салған есікі жол, Әз Тәукеден жеткен «Жеті жарғы» сияқты әділет, билік заңдарымен  бірге Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сынды қара қылды қақ жарған әділ қазылар белгілеп кеткен қазақтың қалып пен қазыналы қағидалар – адамдықтың ақ жолы.

Осындай тағылымдық өлмес өнеге жолдары мен жөн-жосықтар халқымыздың бірлік, ерлік, отансүйгіштік, мәрттік, жомарттық, намысқойлық, шеберлік қасиеттерін ұрпақтар бойына сіңіріп, сол жолда қызмет етуге үйретті. Қандай ауыр жылдар, кезеңдер болса да халқымыздың қанына сіңіп, зердесінде ұйып, таза қазақылық қалыпқа, адамдық асыл қасиеттерге жетелеген де, ағайынды адастырмас жөн сілтер сара жолымыз да осы жөн-жосығымыз болатын. Біздің ұлттық кескін-келбетіміз де, абырой беделіміз де осы жол арқылы көрінеді.

Жосық – әділет, шындық, адалдық ережесі.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...