Арсыз адам арсаңдап, арсылдайды,
Әр жерде керегеге таңылса да.
Абай
Бұл – тәртіптік, құқықтық жазаның бұрынғы заманда көп қолданылған түрі. Қазір бұл жаза қолданылмайды.
Кереге керу немесе керегеге таңылу – өліммен тең ауыр жаза.
Ұрлық, зина жасайтындар немесе елдің шырқын бұзған сотқарлар билер, ақсақалдар шешімі бойынша іздеушілері мен туыс-туғандары келгенше киіз үйдің керегесіне аяқ-қолынан керіліп байланады. Мұндайларға бірнеше күнге дейін су да, тамақ та берілмейді. Олар ақталмайды және ауыр жазаланады. Мұндайлардың ұяты өзіне ғана емес, бүкіл ел-жұртына, руына, туған-туысқандарына да кір келтіреді. Сондықтан олар да сондай адамдардың бетіне түкіреді, елден де қуады. Кейде мұндай тәртіпсіздерді жерге төрт қазық қағып, аяқ-қолынан керіп байлап тастайды. Мұндай жазаны «қазыққа керу» дейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
20.03.2024 14:17
13.03.2024 22:14
29.02.2024 16:27
27.02.2024 17:21
09.02.2024 12:34
18.03.2024
18.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
04.03.2024
27.02.2024
25.02.2024
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі