Өлең, жыр, ақындар

Ортағасырлық кітапханалардың құпиясы

Баспа білдегінің (станогының) ойлап шығарылуы кітап бастырылуының дамуына ықпал еткен заманалық оқиға болды. Оған дейін фолианттар (қалың кітаптар) қолдан жазылып, бағалары да өте қымбат болды. Себебі әр кітаппен монахтар бас көтермей жұмыс істейтін, кейде кітаптарды көшіруге жылдар кететін. Кітаптарды алаяқтар мен ұрылардан қорғау үшін, алғашқы кітапханаларда кітаптарды сөрелерге шынжырлармен тіркейтін.

Қазіргі таңда бұл бізге таңғаларлық жайт, бірақ ортағасырлық кітапханаларда сөрелер шынжырларға арналған  арнайы сақинилармен жабдықталатын. Кітапппен жұмыс істеуге болатындай шынжырлар ұзын болатын, бірақ  кітапты бөлмеден алып шығу мүмкін емес еді. Кітаптардың сөрелерде тұруы да басқаша болатын. Кітаптың түбі оқырманға қарап тұрмайтын. Бұл кітапты сөреден алатын кезде шынжырлардың шатаспауына ыңғайлы еді.

Кітаптарды «шынжырлау»,  кітаптар жаппай шығарылып, олардың өзіндік құны төмендегенге дейін, яғни 1880 жылдың аяғына  дейін созылды.Әлемде шынжырланған кітаптары бар бірнеше кітапхана сақталған.

 Зютфен кітапханасындағы шынжырланған кітаптар

 Зютфен кітапханасы 16 ғасырда құрылған

Франциска Тригге кітапханасында 80 шынжырланған кітап сақталуда

Сақталып қалған мектеп кітапханаларының бірі (Гилфорд, Англия)

 Умборн-Минстердегі кітапхана  (Англия). Кітапхана 1686 жылы құрылған,150 дана шынжырланған кітап бар

Малатеста кітапханасы (Чезен, Италия)


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Роза

Ортағасырлық керемет кітапханалар

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз