Өлең-жыр байқауы

Денсаулығыңыз мықты болу үшін қанша су ішу керек?

Күнделікті қанша мөлшерде су ішу керек ?-деген сұраққа нақты жауап жоқ. Себебі, бұл бірнеше факторға байланысты ( сіздің денсаулығыңыздың жай-күйі, белсенділіктің дәрежесі және т. б.). Әдетте, біз әр күні терлеу, дем алу және кіші дәретке шығу арқылы көп су мөлшерін жоғалтамыз.Мұның соңында - жоғалтқан судың орнын қайта толтыру қажеттілігі туындайды.

Суды тек шөліңді қандыру үшін ішу - ақылға қонымсыз, сіз күні бойы белгілі уақыт аралығында, суды тұрақты түрде ішіп тұруды әдетке айналдыруыңыз қажет.Күнделікті тағам құрамына судың 20 пайызы кіреді, алайда, бұдан басқа, күніне 8 стакан су ішуді мамандар ұсынады.

Сіздің суды қолдануыңыз жасайтын мекеніңіз бен ондағы климатқа байланысты. Ыстық күндері қосымша су ішуге тура келеді, себебі, үлкен су қоры терлеу арқылы сыртқа шығып кетеді, бұл жағдайда ағзаның сусыздықтан шөлдеуге ұшырауы мүмкін. Суық ауа-райында немесе теңіз деңгейінен биік жерлерде кіші дәретке жиі шығуға тура келеді, бұл өз кезегінде ағзадағы сұйықтықтың азаюына әкеп соқтыруы мүмкін.

Денсаулықтың жай-күйіне де суды  қолданудың зор әсері бар. Егер сіз безгек, ыстықтық, құсу немесе диареямен ауырсаңыз, бұл шамадан тыс су жоғалтуға себеп болады. Екіқабат әйелдер де суды көп ішу керек, себебі, оларда ағзаның сусыздыққа ұшырау тәуекелі жоғары. Сондықтан, денеңізді сумен қамтамасыз етіп отыруға жіті көңіл бөліңіз.

Сізге не үшін су ішу қажет?

Сіз бірнеше апта бойы ас жемей шыдауыңыз мүмкін, бірақ сусыз 3-4 күннен ары аса алмайсыз. Сондықтан, су - адам ағзасына ең қажетті қоректердің бірі. Біздің ағзамыздың 60 пайыздан астамы судан құралған, бұл бірнеше себепке байланысты.

1. Денеге күш-салмақ түсіру терлеуге ұшыратып, ағзадағы  судың жоғалуына себеп болады. Сіз күнделікті қара жұмыстың арасында суды жиі ішіп, ағзаның шөлдемеуін қамтамасыз етуге тиіссіз.

2. Сіздің бұлшық еттеріңіз - қара жұмыстан соң суға зәру. Егер , су ішпесеңіз олардың өсуіне кедергі келтіресіз.

3. Сізге күнделікті ас қорыту үшін 25 грамм жасұнық(клетчатка) қажет, ал , егер су ішпесеңіз, мұның пайдасы жоқ, себебі, жасұнық тек су арқылы қызмет атқарады.

4. Бос асқазан сіздің аш екеніңізді еске түсіреді. Су ішу арқылы, аштықты кішкене болсын басуға болады.

5. Таза мөлдір су- сіздің денеңiздiң  температурасын қалыпқа келтіреді, сондай-ақ, тастардың бүйрекке түспеуін қамтамасыз етеді,терінің жағдайын жақсартады, буындардың жұмысын жеңілдетеді және т. б.

Су- тіршілік көзі,- деп бекер айтылмаған,  әлемдегі барша тірі жандардың өмірі сумен тығыз байланысты. Өміріңіздің осы бөлігіне баса назар аударыңыз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз