Өлең, жыр, ақындар

Адамға адалдық пен махаббаттың үлгісін көрсететін 7 жануар

Біз таңдаулымызға адалдық көрсетудің және өз-өзін құрбандыққа шалудың негізгі эталоны деп адамды атап әдеттеніп қалдық. Дегенмен жануарлардың арасында да нағыз сезімтал әрі ұнату қасиеті барлары кездеседі.

hdwallpapers

Пингвиндер: Бұл құстар Антарктиданың қытымыр аязында жылуды жүрегінде сақтайды. Олар көп жылдар бойы жұп болып бірге жүреді. Еркегі мен ұрғашысы кезек-кезек жұмыртқа басып, оларды кейін тамақтандырады.

wall.alphacoders

Аққулар: Аққулар өмір бойында адалдықты сақтайды. Аққудың отбасылық өмірі керемет қасиеттермен сипатталады: достық, бір-біріне деген қамқорлығы, аяушылық білдіруі.

arcticaoy

Субүркіт: Субүркіттер АҚШ-тың ұлттық эмблемасы болып бір ғана сыңарын өмір бойы сүйіп өтетіндігіне байланысты таңдалғандай.

glimpsesofthis.tumblr

Қасқырлар: Қасқыр қаншығына ыждаһатпен және нәзіктікпен қарайды, оларды өлім ғана айыра алады.

bluesrock.livejournal

Орман кептері: Көптеген шығармада орман кептерінің тек жұп болып ұшатыны сипатталады, уақыт өте келе бұл құстар махаббат пен адалдықтың символына айналды. Олар тіпті Шекспирдің өзіне «The Phoenix and the Turtle» (Самұрық және көгершін)шығармасын жазуға шабыттандырды.

mikerae

Сипухалар: Сипуханың еркегі бір жыл бойында таңдаулысының көңілін табады. Кейін үй салып, үйіне шақырады. Сипуха келісім беріп, олар дүниеге ұрпақ әкелсе, еркегі өмір бойына өз отбасына қамқор болып өтеді.

yagad

Түлкілер: Егер түлкінің ұрғашысы өліп қалса, еркегі ешқашан өзіне жұп іздемейді екен және өмірінің соңына дейін «бойдақ» күйінде өтеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Сабит.

Сайт оте унады.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз