Эссе және өлең-жыр байқауы

Ежелгі Еуропадағы тазалық жайында жантүршігерлік мәліметтер

19 ғасыр кезеңіне дейін Еуропа жабайылықта өмір сүрген. Фильмдердегі көрген салиқалы тұрғындар мен кітаптағы оқыған  мәдениетті Еуропа жайлы мүлде ұмытыңыз. Шындығында, тарихи деректер оқиғаны басқа қырынан сипаттайды. Атап айтқанда, кәрі құрлықты мекен еткендер қарапайым тазалықтың не екенін білмеген. Бұл - тек орта ғасырға ғана емес, сондай-ақ, қайта өрлеу  мен Ренессанс дәуіріне де қатысты. 

Осы кезеңде, бүкіл денені жууға немқұрайлы және күдікпен қараған: денені жалаңаштау - күнә, әрі, суық судан тымауратып қаламыз деп қорыққан. Ыстық ванна қабылдау - еуропалық үшін мүмкін болмады, себебі, су жылытатын отын жетіспеген. Отынның негізгі бөлігі - дінсіздерді жағу үшін, шіркеулерге жөнелтіліп отырған.

Қазіргі таңда әр адам жеке тазалықты жоғары бағалайды, дегенмен, 19 ғасырға дейін, еуропалықтардың көбі - бүкіл ғұмырын бірде-бір рет шомылмай өткізген. Көптеген адамдар шомылуды зиянды деп санады, денені ыстық суға батыру арқылы, жұқпалы ауруларды ағзаға ендіріп аламыз деп сескенді. Тіпті, адам суға шомылса да, киіммен түскен. Бұл жабайы дәстүр -19 ғасырдың соңына дейін сақталып келді.

1880 жылдарға дейін, көптеген еуропалықтар үстінен сасық иістің аңқығанына қарамастан, иіссудың не екенін білмей өскен. Таңқаларлығы, мұрын ашытатын иістен олар еш қымсынбаған. Ауқатты жандар мүңкіген иістен құтылу үшін, көп мөлшерде иіссу қолданған. Бірақ, бұл әдіс жыртықты жамамады, керісінше, хош иіс пен сасық иіс - жаңа сасық иістің пайда болуына әкеп соқты.

Сонау 9 ғасырда Зиряб(Ziryab) атты ғалымның қолтыққа себетін иіссу идеясын ұсынғанына назар аударуға болады, алайда, бұл идеяға ешкім пысқырып та қарамаған. 1880 жылға дейін, Еуропа сасық материк қатарына енді. Тек осы жылдан бастап, алғашқы дезодоранттар шығару қолға алына бастады, кейіннен, бұл жаңалық үлкен табысқа ие болды. Бұл иіссулар қазіргі күнге дейін қолданыста және бұл бренд “Мама“ дейтін атауға ие.

Әйелдер денедегі түктерге мүлде назар аудармаған. Батыс әлемінде 1920 жылдарға дейін, денені түктерден арылту жұмысына мән берілмеген. Сөз жоқ, қазіргі кезде де жүнді әйелдер мекен ететін мемлекеттер әлі де бар, бұл табиғи сұлулықты әркім өз деңгейінде өлшейтініне байланысты болар.

Ол кезеңде үйдің іші адамнан бөлінетін табиғи сасық иістерге толы болған. Су құбырлары мүлде болмаған, адамдар үлкен дәретті құмыра немесе қағазға сындыратын болған. Нәжісті терезе арқылы көшеге лақтырып тастаған. Осы уақытта, биік өкшелі туфли мен қолшатыр пайда болды. Қолшатыр - жоғарыдан атылған нәжіс денеге тимеу үшін, ал, биік өкшелі аяқ киім - жерде жатқан нәжістен қорғануға септігін тигізген. Құмыра Еуропада әліге дейін танымал. Сүйікті ыдысыңнан оңай қалай ғана айрыласың.

Дәретхана қағазы тек 18 ғасырдың соңына таман қолданысқа енді, оған дейін, Еуропа адамдары әртүрлі затты пайдаланып отырған. Байлар матамен сүрту мүмкіндігіне ие болды, ал, кедейлер бұл іске ескі шүберектер, жапырақтар және өз қолдарын қолданған. Тіпті, ежелгі римдіктер бұдан жақсы өмір сүрген: олар  сүрту үшін таяққа байланған шүберекті пайдаланып, істі аяқтаған соң , таяқты суы бар шелекке батырып қоятын болған.

Төсектегі қоңыздар мен жәндіктер арқылы жұғатын аурулар 18 ғасырда жаппай белең алды. Бұл жұқпалы ауруларға адамдардың еті үйреніп кеткен. Бұл жәндіктер көптеген ауруларды туғызды. Викториандық дәуірде әйелдер  жатпас бұрын , төсекті керосинмен тазартуға ден қойды.

Кей әйелдер тазару кезеңінде матаның бір бөлігін бірнеше рет пайдаланған, және ол матаны құрғату үшін басқа киімдердің арасына іліп қойған. Көршінің ауласына көз қырын салуға жүрек керек болған. Үлкен қалалар көшесі нәжіс иісі мен шіріген өсімдіктерден жүру мүмкін болмаған. Естеріңізде ме, бір фильмде жігіт қызға жүру үшін сырт киімін аяқ астына тастайды. 

Тіс тазалығына тісті сүртетін шүберек қолданған. Әйелдердің тісі еркектерге қарағанда, нашар болған, себебі, екіқабат кезінде көп тіс жоғалтқан. Тазалыққа аз болса да мән беретіндер үшін итальяндық компания “Марвис“  1700 жылдары тіс пастасын шығара бастады(әлі күнге дейін шығаруда). Ашығын айтқанда, адамдар тіс пастасын емес, ет сатып алуға көбірек мән берді.

Сол кезеңде, әр адам битті жұқтырған. Ең қызығы, битпен күресу үшін адам ағзасына аса қауіпті сынапты пайдаланған. 18 ғасырда Еуропа мен сынап(ртуть) арасында ерекше махаббат орнады.Олар сынапты жеп, денелеріне жағуы себепті, жындыға айналған, көбісі өліп кетіп отырған. 

Қорыта айтқанда, Еуропа біз ойлағандай пәк емес. Еуропа есін енді жинаған - кәрі құрлық. Сондықтан, ол жақта бір жаңалық пайда болса, дереу көшіріп алуымыз да шарт емес. Біздің пікірімізше, батыс әлемінің жақсы жақтарынан гөрі, жаман жақтары басым. Қазақ елі дамуда өзгеге еліктеп емес, өзіндік үлгі қалыптастыруға баса назар аударуы тиіс. Бастысы, бабалардың аманаты тәуелсіз еліміз аман болғай.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (5)

Арлан

Қазақ елі дамуда өзгеге еліктеп емес, өзіндік үлгі қалыптастыруға баса назар аударуы тиіс. Бастысы, бабалардың аманаты тәуелсіз еліміз аман болғай.!!!

erbo_85

Европа елдері алға кетіп қалған,  енді қуып жетудің амалын қарастыру керек 

Кайрат

Рахмет, бұрын бұл туралы билмеппин

Жомарт

Европаның шынбайлы дұрыс бағасы енді беріліпті. Оның қаңсығы мен таңсығы әліде былық ішінде. Отбасы түсінігінен ажырап, отағасы авшерка кейбірінде отанасы бөрібасар, ал енді бірінің мирасшы ұлы Ақтөс болып өмір сүріп жатқан ел. одан біз емес бізден олардың үйренері көп. Біздің технологиядан және тұрмыс тіршілікте төмен болуымыз артта қалушылық емес, рухи тазалық пен болмысқа сай болуымыз керісінше мәдениет пен жетістігіміз. Бізге олар жат пиғылдарын көрсетіп, былығын тықпаламай ақ қойсын.

Нархулан

Иіс су туралы фильмде толық көрсетіледіғой

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...