Өлең, жыр, ақындар

Қазақстан мектептерін 5 күндік оқыту жүйесіне көшіруге 3-4 жыл кетеді - БҒМ

Қазақстан мектептерін 5 күндік оқыту жүйесіне көшіруге 3-4 жыл кетеді. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті.

«Мектептерді 5 күндік оқыту жүйесіне көшіруге 3-4 жыл кетеді деп ойлаймын. Президент нақты тапсырма берді», - деп атап өтті министр ҚР Парламентінің бірлескен отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында.

Бұның алдында хабарлағанымыздай, Н.Назарбаев бүгін ҚР Парламенті палаталарының жалпы бірлескен отырысында Қазақстандағы мектептерді бес күндік оқытуға көшіруді тапсырған болатын. Оның үстіне, Президент қазақстандық оқушыларға тым көп ауыртпалық салынғандығын, сондықтан пәндердің кейбірін біріктіру немесе тіпті алып тастау қажеттігін де айтқан болатын. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Даке

Уақыттың қанша кететіні маңызды емес. Маңыздысы оның тиімділігі. Ал бұл тиімді екені сөзсіз.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар