Өлең, жыр, ақындар

Microsoft 3D-телепортация технологиясын ұсынды

Microsoft компаниясы таңғалдыра алатынын кезекті рет дәлелдеді. Компания жасап шығарған үшөлшемді суреттерді нақты уақыт тәртіптемесінде тасымалдау технологиясы фантастиқалық өнертабыс болып табылады.

Google компаниясы Google Cardboard шлемін дамытып жатқанда, Microsoft-та уақытты бекер өткізіп жатқан жоқ. Бұлар ұсынған балама HoloLens деп аталады. Ол шынайылықпен толықтырылған көзілдіріктен тұрады, соның көмегімен үшөлшемді голограммалар түзіледі. Осы үш өлшемді голограммалар қолданушының айналасындағы шынайы өміріне кірістіріледі.

Holoportation технологиясы HoloLens-ті пайдаланудың бір нұсқасын көрсету мақсатымен жасап шығарылған. Ол нақты уақыт тәртіптемесінде нысаналардың жоғары сапалы 3D үлгісін жасауға, ал кейін оны кез келген жерде тұрғызуға мүмкіндік береді. Осылайша, мысалы, алыста жүрген адамдармен дәл жаныңда отырған сияқты қарым-қатынас жасауға болады.

Иә, бұл технология «Жұлдыздар соғысындағы» ғаламшарда және т.б. көптеген фантастикалық фильмдерде көрсетілетін технология. Болашақ ізімізден басып келетін сыңайлы.

VR-технология саласында Microsoft-қа кедергі болатын бір мәселе – өнімнің тым қымбаттығы. Қазіргі таңда HoloLens көзілдірігі шамамен үш мың доллар тұрады, бұл, әрине, Google Cardboard картон шлемімен салыстыруға келмейді. Сондықтан қай технология нарықты жаулап алатынын болашақ көрсетеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

ерен

керемет ....

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз