Өлең-жыр байқауы

Электрондық оқыту (e-learning) – заман талабы

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжінің оқытушысы Молдабаева Н.А

 

Электрондық оқыту (e-learning)  – заман талабы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың   2011 – 2020 жылдарға арналған   мемлекеттік бағдарламасында оқу процесін автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау, оның ішінде Электрондық оқыту (e-learning) жүйесін енгізу болып табылады.

Мақсаты:

Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету.

Міндеті:

Оқу процесін автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау.

Нысаналы индикатор:

Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесі қолданылады (2015 жылы – 50 %, 2020 жылы – 90 %).

И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжі 2013 жылынан бастап Электрондық оқыту (e-learning) жүйесін енгізе бастады және сол жүйемен жұмыстар жүргізілуде.

Жаңа мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі – электрондық оқыту жүйесін іске асыру қандай мүмкіндіктер береді?

- білімді дамытудың ақпараттық және ғылыми әдістемелік қамтамасыз ету құралы;

- электрондық оқыту жүйесінің кез келген түйінінен мәліметтерді орталықтандырып жинақтау арқылы  білім беру жүйесінің мониторингін жасау құралы;

- білім беру жүйесі туралы қажетті статистикалық  мәліметтерді және түрлі аспектілер бойынша есеп беруді қалыптастыруды қамтамасыз ететін шешім қабылдау құралы ретінде әрекет етуі тиіс.

Күтілетін нəтижелер

2016 жылға қарай өтпелі кезең аяқталады жəне Қазақстанның білім беру жүйесі құрылымы, мазмұны, басқару мен қаржыландыру тетіктері бойынша дамыған елдер моделіне сəйкес келетін болады. Білім беру жүйесінің дамуы бойынша Қазақстан ТМД елдері арасынан көшбасшылық орындарға шығады.

2020 жылға қарай білім беру жүйесі жоғары білім сапасы мен халықаралық индикаторлармен расталған адами капиталдың даму деңгейі түрінде нəтиже беретін болады. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз