Өлең, жыр, ақындар

ҚР Вице-премьері асханалар мектептің қосымша табыс көзі болуы керек деп санайды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева мектептер асханаларын жалға беру арқылы елеулі табыстан қағылып отырғанын айтты.

«Сіздер асхананы жалға бергенді қалайсыздар, бірақ та бұл тұрғыда елеулі табыстан қағылып отырсыздар. Менің ойымша, өзгеріс енгізіп, мектептің міндетіне жүктеу керек. Оқу орны  қызметкерлерді өзі жалдап, табыс алуы қажет», - деді Үкімет басшысының орынбасары бүгін Астанадағы № 81 «Astana English School» мамандандырылған гимназиясы мұғалімдерімен және оқушыларымен кездесу барысында.

Бұл ретте Д. Назарбаева асханадан келген кірісті мектептегі материалдық-техникалық қамтамасыз етуге, ұстаздарға қосымша төлем жасау, балалар үшін экскурсиялар мен сапарларды ұйымдастыру секілді мақсаттарға жұмсауға болатынын атап өтті.

«Сондықтан да асхананы мектепке қайтарған дұрыс деп санаймын», - деді ол.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар