Өлең, жыр, ақындар

Д. Назарбаева оқушылардың жазғы каникулын қысқарту керектігін айтты

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева оқушылардың жазғы каникулын қысқарту керектігі жайында айтты.

Атап айтқанда, бүгін Астанадағы № 81 «Astana English School» мамандандырылған гимназиясы мұғалімдерімен және оқушыларымен кездесу барысында Д. Назарбаева ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпаратын жеткізді. Онда жазда үш айға созылатын каникулда балалар арасындағы қылмыстар қалған айлармен салыстырғанда көбірек жасалатыны баяндалған.

«Балалар үш айда не істерін білмей жүріп қалады. Әзірге, аула клубтары белсенді жұмыс істеп жатқан жоқ, сондай-ақ балалар лагерлерінде орында жетіспейді. Балалар өз бетінше жүрсе, ата-аналары жұмыста болады»,-деп тоқталды Үкімет басшысының орынбасары.

Осы ретте ол Еуропада оқушылар каникулға 5 шілдеден кейін шығатынын және Қазақстан да осы тәжірибені енгізуі керек екендігін жеткізді.

«Жаңа оқу жылынан (бірінші сыныпқа баратындар) баруы тиіс балалар 1 маусымға дейін оқитын болады. Оқу жылы ең ұзақ дегенде маусымның ортасына дейін жалғасуы мүмкін. Дегенмен де мен  шілдеге дейін жалғасқанды қолдаймын»,-деді вице-премьер.

Оның пайымынша, жазғы уақытта балалар ермек ететін шараларды егжей-тегжейлі ойластыру керек.

«Мысалы, мектеп туризмінің дамытқымыз келеді. Оқушылар ел бойынша сапарлап, барлық мұражайларды, тарихи орындарды, ескерткіштерді білуі керек», - деді ол.

Автор: Руслан Ғаббасов


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (7)

Алматхан Турганбек

Сауыктыру лагерлерын багасын арзандату керек жане лагерлерды кобейту кажет

Фариза

Жаздық каникулды қысқартса жақсы болар еди. Бізге шілде айында 1 ай каникул жетеді. Қазақстанда барлық облыста тезірек қолға алынуын тілеймін.

Күнсұлтан

Жазғы каникулды қысқартудың қажеті жоқ. КЕРЕК ЕМЕС. Күн ыстықта демалу керек. Ауылға бару керек. Туған туыстарды аралау керек. Өзі сол үш ай қалсын! Ми дегенің демалу керек! Не ол? Каникул қысқарып, 2-3 тілде сабақ оқыған баланың миы сорпа болады емес пе ? Шетелдің ұсыныстарын жасай беруді қою керек. Өзіміз зертеу жасап Халқымызға ең пайдалысын ұсыну керек . Ең дамыған мемлекеттер не істеп жатыр, бұрында қатты дамыған мемлекеттер не істеді соларға қарап, зерттеп солардай жасау керек. Мемлекеттің басында отқаннан кейін халыққа пайдаң тию үшін жасау керек, менің ойым бойынша осы дұрыс немесе маған осы нәрсе ұнап тұр емес. Енгізген əрбір жаңалық Қазақстанды мықты ету керек, халыққа пайдасы тию керек! Соны мақсат ету керек... өзгеріс немесе жаңалық енгізерде

Əлия

Əр ата -ана баласының жазгы демалыстагы тəртибине ози жауап беру керек ,уш айлык демалысты окушылар асыга сагына кутеди оны кыскартканда натиже шыгат деп ойламаймын бала балалык шактын дамин татып ауыл ата -əже дегендей сагыныштарын басып демалу керек.

Сания

Неге осы биздер баска мемлект осылай истеди деп жасауымыз керек озимиз ештене истей алмаймыз баскаларга жаутендеп караймызда отырамыз

Сауле

Бала жазда демалмайма ол үш айды да зерттеп барып қойған шығар. Күннің ыстығында бала тұрмақ үлкен адамдар далалаға шыққысы келмейді. Шымкент, Қызылорда, Атырау қалаларының балаларын ойлады ма екен. Солтүстік жақта мүмкін күн салқын болар бірақ өзіміз оқығанда осы жаздық каникулды күтетінбіз.

Меңдігүл

сонда шілденің шіліңгір аптабында баланың миы сабакты кабылдай ма екекн, асресе, бастауыг сыныптың кішкентай баласына түстенкейінгі 2-де басталатын сабакта маужырап уйктап калатын болар... мумкін 3ай жазда да демалмай окыта беретн болармыз, мугалім байкустар кагазбен алысканы аздай енди жазгы демалыста да окыта беретін болдыго... негізі сол заң шыгаргыштарды ауылга акелп бір ай тургызып, ауыл мектебінде сабак бергизп, ауылдын тіршілігін корсету керек сиякты...отырган адамга ауызбен лрак ору онайго арине...

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер