Өлең, жыр, ақындар

Алоэ – дәрілік өсімдік

А.Иманов атындағы жол көлік колледжінің

Оқушысы: Жаникисов Азамат Аманбайұлы

Жетекшісі: Жубанышева Токтагул Кайрболатовна

 

Қазақстан жері әр түрлі табиғи жағдайда орманды далалы, таулы аймақтардан тұрады.

Адамзат баласы өсімдік өнімдерінің тағамдық жағын ғана емес, емдік,шипалық жағына да көңіл бөлген.Қазақ халқы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген. Жер бетінде дәрілердің 40% өсімдіктерден дайындалады. Жанға шипа, дертке дауа дәрілердің көпшілігі өсімдіктен алынады. Жер бетінде өсетін барлық өсімдіктердің пайдасына көз жіберіп қарасақ, жүрек ауруларын емдейтін дәрі – дәрмектің 70%, ішек – қарын, бауыр дәрілерінің 75%, жатыр ауруларының шипалы дәрі –дәрмектерінің 80%, қақырық түсіретін дәрілердің 80%, қан тоқтатын дәрілердің 65% тек өсімдіктен алынады.

Ерте заманнан-ақ ата – бабаларымыз дәрілік өсімдіктерді тани біліп, оның емдік қасиеттерін және тиімді пайдалану жолдарын өз тәжірбиелерінен өткізген.Дәрілік өсімдіктерден жаңа дайындалған тұнбалар мен ерітінділердің химиялық жолмен жасалған дәрі дәрмектерден анағұрлым  тиімді болады. Кейінгі жылдары медицинада шөптердің емдік қасиеттері, оларды  кеңінен пайдалануға ерекше назар аударылуда. Қазіргі кезде шөппен емдеу – фитотерапияны үй жағдайында  кеңінен қолдануға мүмкіндік  жеткілікті. Ол үшін  дәрісіз ем – домды жасауды дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз  керек. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес  сондықтан оларды орынды пайдаланып қорғай біліудің маңызы зор «Мың теңге тұратын дәрі шарбағыңның дәл түбінде  өсіп тұр» деген халық даналығы бекер айтылмаған. Дәрі-дәрмек жасау ісінде өсімдіктердің алатын рөлі аса зор екені тәжірибеден мәлім.

Алғаш рет Қазақстанда өсімдіктердің емдік құрамы туралы мәліметтер ХІІІ-ХV ғасырда жазылды. Көптеген орыс қалаларында  жасыл өсімдіктерді сататын аптекалар ашылды ІІІ ғасыр бойы емдік өсімдікдерді қолдану тәжірибелері жүргізілді. Бұл жазбалар ХVIII –ғасырдың соңына дейін жалғасты, қаншама рет толықтырылды, ауру түрлері ажыратылды. Дәрілерді жасау әдісі қарастырылды. Елімізде өсетін 20 мыңнан астам түрлерінің 2500 – інің шипалық маңызы бар. Бұның 600-ге жуық түрінен дәрі дайындауға шикізат ретінде пайдалануға болады. Алайда медицинаға 200-ге жуық дәрілік өсімдіктер түрі белгілі. Қазақстанда өсетін 6000-ға жуық өсімдіктің  түрінің 500-і дәрілік өсімдіктерге жатады.

Осындай дәрілік мақсатта қолданылатын өсімдіктердің бірі бөлмеде өсірілетін алоэ өсімдігіне тоқталайық.

Алоэ үй ішінде өсірілетін әсем де пайдалы әрі кең таралған өсімдік түрі. Бұл өсімдік халықтық және медициналық тәжірбиеде кең қолданылады.

Алоэ лалагүлділер тұқымдасына жататын жапырақты өсімдік, кейде шырмауық түріндегі мәңгі жасыл, қуаңшылыққа төзімді Мағынасы «ащы» дегенді білдіреді. Сондай - ақ, емдік қасиетіне байланысты «Үй гүлдерінің королі» деген де балама атқа ие.
Отаны Оңтүстік Африка.Жапырағы  шырынды,кедір бұдырлы,кейбіреуінің түсі алабажақ болады.Ұзындығы – 60 см. Шырынды алоэ негізінен Оңтүстік Африкада өсетін жабайы алоэдан алынады.

Сирек гүлдейді, негізінен құстар арқылы тозаңданады. Тұқымынан кейде өсімді (вегетативті) жолмен де көбейеді. Тұқымы жалпақтау қоңыр түсті. Алоэны көбейту үшін сабағының түбінен шығатын атпа бұтақтарын аналық өсімдіктен бөліп алып, құмды құнарлы топыраққа отырғызу керек. Қазақстанда ағаш тәрізді Алоэ (Алоэ arborescens) деген түрі қолдан өсіріледі. Алоэның жапырақ құрамында глюкозид, эфир майы т. б. дәрілік заттар бар, сондықтан Алоэның шырынын түрлі ауруларды емдеуге қолданады.

Үйде өсетін алоэның ағаш тәріздес, кірпі тәріздес,сондай ақ ақ жолақ жапырақты сәндік түрі болады.Бүгінде алоэның ғылымға белгілі болған 180 –дей түрі бар.

Алоэ гүлі үйде тек декоративті мақсатта ғана емес, емдік мақсаттада өсіріледі. Емдік практикада алоэның жапырағы мен шырыны және де алоэ экстракты (механикалық және химиялық әдістермен бұзылған ұлпа) пайдаланылады.

Алоэ әсіресе оңтүстік-шығыс жаққа қараған терезе алдында жақсы өседі. Қалыпты мөлшерде суарып тұру  қажет. Жақсы өсіп келе жатқан алоэні аммиакты селитрамен (1 л суға 1 г қосып), не коровяк тұнбасымен қоректендіру керек. Оны өсіретін топырақ құрамы 2 үлес шым, 1 үлес жапырақ аралас топырақ, 0,5 үлесі өзен құмы болуға тиіс, Бұларға үгітілген кірпіш ұнтағы мен ағаш көмірі қосылады. Алоэ бұтақшалары (жас сабақтарына ұшы) және сабақтың төменгі буынында өсетін өркендері арқылы көбейтіледі. Өсімдіктің кесіп алынған бұтақшасын бір тәулік кептіріп, содан кейін өзеннің дымқыл құмы салынған құмыраға отырғызады. Екі үш жыл өткеннен кейін көктемде өсімдік көшіріліп отырғызылады.Көшіріліп отырғызылатын топырақтың өте құнарлы болуы шарт емес.Ол үшін бақшадағы, ауладағы топырақты қолдана беруге болады. Ондай топыраққа аздап кірпіш және көмір ұнтағын қосады Ағаш тәріздес алоэның жапырақтарынан көз, асқазан-ішек т. б. ауруларды емдейтін экстракт әзірленеді. Оның жапырақ сөлін іріңді жараны, күйген жерді, тері дерттерін (қабынған) емдеуге қолданады. Дегенмен, оны дәрігердің кеңесімен пайдалану қажет, өйткені бірқатар жүрек-тамыр ауруларына кері әсер етеді. Гүлдеу уақыты: қысқы айлар, әр жылда емес. Қолдану бөлігі: жапырағы, сөлі. Жинау уақыты: жыл бойы. Қытайда веналық ауруларды емдеуге қолданады. Алоэ суық тигенді емдейді. Мысалы: тұмау ауруына, жара мен кесілген жерлерді жазады. Мидың үлкен ми сыңарларындағы тітіркену мен тежегішті реттейді. Жұмыс істеу қабілетін жоғарылатып, физикалық ауырлықты жеңеді. Ағзаның сақтандыру функциясын ретке келтіреді.

Жапырақ сөлі тәбет ашады, ас қорытады. Әр түрлі микробтарға қарсы тұра алады. Химиялық медицинада алоэның шырыны жараны таңуға, әр түрлі тері ауруларына  пайдаланады. Өсімдіктердің жаңа сөлі әсіресе қараңғы жерде ұстағаны туберкулезді емдеу үшін қолданады. Халық медицинасында жаңа жапырақтарды күйікті жазуға, дерматитке қарсы дәрі ретінде қолданылады. Алоэның су тұнбасы тәбетті толықтай ашады. Академик В.П.Филатов алоэның жапырағын түнде яғни 4-8 рет ұстауы ескертеді, себебі осы уақытта алоэ жапырағында негізгі заттар жинақталады. Олар ұлпа жұмысын жақсартады. Бұл заттар биогенді стимуляторлар деп аталады. Осы әдіс көптеген жазылмас аурудың алдын алуға көмектеседі. Тері сыртындағы іріңді жара, күйік, қағынған жараларға өсімдіктің жапырағы мен сөлін қолданады. Көздің де әр түрлі жұқпалы аурулары үшін қолданылады. Сонымен қатар демікпеде, асқазан ойық жарасында., асқазан ауруларына қарсы қолданады.  Кейбір шырындарға қосады. Алоэның дәрілік қасиеті осыдан 3000 жыл бұрын белгілі болды. Оны Египетте, кейін Индияда, Италия, Грецияда сыртқы күйіктерге арнап қолданды. Орыс медицинасында жапырақ сөлін жүйке ауруларын, бас ауруы т.б. сырқат үшін, бал мен борсық майын қосып туберкулезді емдейді

Жапырағында антрагликозид-алоин бар, 1,66 алоэ-эмодин, 25% алоэзин, натолин, геманатолин, ребарберон, шайырлы қоспа, 20% эфир майы, ферменттер мен микроэлементтер, витаминдер, фитонцидтер кездеседі. Ең құндылығы сол құрамындағы 22 амин қышқылының 20-ы адам организмінде кездеседі. Ал жақында ғалымдар оның құрамынан сирек кездесетін күрделі көмірсу –ацеманнан тапты. Ацеманнан тұмау мен қызылшаны және ісік ауруларын емдеуге қолданылады. Бүгінде ол затты СПИД-ті емдеуге қолдануда.

Денсаулылғымыз мықты болуы үшін батпандап кіріп,мысқылдап шығатын ауруды дәрісіз-ақ үй жағдайында айналада өсетін дәрілік өсімдіктермен-ақ емдеп жазуға болады. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулығымызды сақтауға көмектеседі, отбасының қаражатын үнемдейміз, табиғат байлығын қорғауға да атсалысамыз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ж.А.Адаев. Р.Н.Нұрғалиев. Шаңырақ энциклопедиясы.

2. Ж.Жатқанбаев.Өсімдік және адамзат.

3. М.Қожабеков.Дәрілік өсімдіктер. Алматы, «Қазақстан»1982.

4. М.Оспанова, Ж.Лұқпанов.Өсімдік жанға шипа, дертке дауа.

5. В.Г. ПышинскийЛечение травами Ленинград «Наука»1990

6. Денсаулық журналы №8  2006 жыл.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (12)

Мадина

Рахмет

Назерке

рахмет біраз мәлімет алдық

Ақниет

күшті мәлімет екен рахмет

жания

Рахмет коп коп. Коп малимет алдым.

Шахрияр

Жаман емес екен маған бул мәлімет ұнады

Наурызбай

рахмет мен быраз мəлімет алып үлгердім

жумказы Замзахан

Коп коп Рахмет сендерге♥♡♥♡

Гули

рахмет маңызды ақпарат екен

Kausar ????????????

Рахмет біраз болсын мәлімет алдық

Ұлдана

Керемет көп мәлімет алдым

Меруерт

Маған бұл өсімдік қатты ұнады.

назима

спасибо за информацию

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз