Өлең, жыр, ақындар

Біздің класс осындай

Ақтөбе қаласы

«№41 жалпы білім беретін орта мектебі» ММ-нің

2 «А» сынып оқушысы: Адай Фариза Абайқызы

Класс жетекшісі: Добрашева Клара Әмірешқызы

 

Алғаш ұстаз үйреткен,
Әріптер мен сандарды.
Бір класта бір жүріп,
Біздер бірге оқимыз.

Мәтін оқып кітаптан,
Суреттерді атаймыз.
Жұмыстардың әр түрін
Класта біз жасаймыз.

Асханаға барамыз,
Дәмді астан татамыз.
Тәтті шырын, ботқамен
Ауқаттанып аламыз.

Тазалықты сүйеміз,
Біз таза боп жүреміз.
Әр астан соң жуынып,
Класқа біз кіреміз.

Қоңырауда шынығып,
Біз денені қыздырдық.
Бірге ойнап жүгіріп,
Қуанып біз шаттандық.

26 тентек бар
Біздің класс осындай
Бұл тек қана бастауы
Болашақтан үміт мол.

Қиындықтың барлығын
Татулық пен біліммен,
Достықпенен жеңуге
Әрқашанда дайынбыз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер